Кодекс І кодек с республики казахстан қазақстан республикасының Қылмыстық-процестік кодексі



бет41/44
Дата13.06.2016
өлшемі2.82 Mb.
#131307
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Мұндай адамдар, өздері шақырылған қылмыстық іске байланысты куә, жәбірленуші ретінде берген айғақтарына байланысты немесе сарапшылар ретіндегі қорытынды үшін сондай-ақ жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе жазалауға ұшырамайды.

3. Шақыртылған адам, егер ол қылмыстық процесті жүргізетін органның оның қатысуымен процестік әрекеттерді жүргізудің қажеті жоқтығы туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он бес тәуліктің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, немесе егер ол осы жерге өз еркімен қайтып келсе, осы бапта көзделген кепілдіктерден айырылады. Осы адам мүмкіндігі болып тұрса да, өз кінәсіне байланысты емес себеппен Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.


576-бап. Бейнебайланыс орнату арқылы процестік

әрекеттерді жүргізу


1. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша процестік әрекеттер мынадай жағдайларда:

1) шақыртылатын адамдардың шет мемлекеттің құзыретті органына келуі мүмкін болмаған;

2) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер бойынша бейнебайланыстың көмегімен адамның тұрған жері бойынша жүргізіледі.

2. Бейнебайланыс жолымен процестік әрекеттер мұндай тәртіп Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының қағидаттарына қайшы келмейтін шамада, сұрау салушы тараптың процестік заңнамасында көзделген тәртіппен орындалады.

3. Сұрау салушы тараптың құзыретті органы бейнебайланысты жүргізу кезінде аудармашының қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

4. Егер процестік әрекетті жүргізу уақытында осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіптің бұзылғандығы белгіленсе, қылмыстық процесті жүргізетін орган бұл туралы процестік әрекеттерге қатысушыларға хабарлайды және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау мақсатында оны тоқтата тұрады. Процестік әрекеттер рәсімге қажетті өзгерістерді сұрау салушы тараптың құзыретті органымен келіскеннен кейін ғана жалғастырылады.

5. Процестік әрекеттердің хаттамасы және бейнеақпаратты жеткізгіштер сұрау салушы тараптың құзыретті органына жіберіледі.

6. Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуы бойынша процестік әрекеттер осы бапта көзделген қағидалар бойынша бейнебайланыстың көмегімен жүргізіледі.
577-бап. Мүлікті іздестіру, оған тыйым салу және оны тәркілеу
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде Қазақстан Республикасының құзыретті органдары қылмыстық жолмен алынған мүлікті, ақша мен құндылықтарды, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға немесе сотталған адамдарға тиесілі мүлікті анықтау және оған тыйым салу мақсатында осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке тыйым салынған кезде сот осы мүлікке қатысты шешім қабылдағанға дейін оны сақтау мақсатында қажетті шаралар қамтамасыз етіледі, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарланады.

3. Табылған мүлік сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша:

1) осы Кодекстің 573-бабының талаптары сақтала отырып, оған тыйым салынуы және қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдеме ретінде немесе иесіне қайтару үшін сұрау салушы тараптың құзыретті органына берілуі мүмкін;

2) егер бұл сұрау салушы тарап сотының заңды күшіне енген үкімінде немесе өзге де шешімінде көзделсе, тәркіленуі мүмкін.

Сұрау салушы тарап сотының мүлікті тәркілеу туралы үкімін немесе өзге де шешімін тану осы Кодекстің 608-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес тыйым салынған мүлік сұрау салушы тарапқа берілмейді немесе бұл мүлік Қазақстан Республикасында азаматтық немесе қылмыстық істі қарау мақсатында қажет болса, оны беру кейінге қалдырылуы немесе ол уақытша берілуі мүмкін немесе ол заңда көзделген өзге де негіздер бойынша шетелге шығарылмауы мүмкін.

5. Осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлік осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа кезде, Қазақстан Республикасының кірісіне беріледі.

6. Қазақстан Республикасы орталық органының өтінішхаты бойынша сот осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлікті, сондай-ақ оның ақшалай баламасын:

1) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жәбірленушіге өтеу үшін тәркілеу туралы шешім қабылдаған сұрау салушы тарапқа;

2) тәркіленген мүлікті немесе оның ақшалай баламасын бөлу мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
578-бап. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру және

олардың қызметі


1. Бірнеше мемлекеттің аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайларына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін немесе осы мемлекеттердің мүдделері бұзылған болса, бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтары құрылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының және шет мемлекеттердің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру туралы мәселені қарап, шешеді.

3. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері тікелей өзара іс-қимыл жасасады, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, процестік әрекеттерді жүргізудің негізгі бағыттарын келіседі, алынған ақпаратпен алмасады. Олардың қызметін үйлестіруді бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобын құрудың бастамашысы немесе оның мүшелерінің біреуі жүзеге асырады.

4. Тергеу (іздестіру) және өзге де процестік әрекеттерді аумағында іс жүргізіліп отырған нақ сол мемлекеттің бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері орындайды.

60-тарау. АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ (ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ)
579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы

сұрау салуды жіберу


1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу, егер өздеріне байланысты адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыстардың ең болмағанда біреуі үшін бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген немесе адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған және өтелмеген мерзімі кемінде алты айды құрайтын болса жіберіледі.

2. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

3. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) және транзиттік тасымалдау туралы сұрау салулар адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салулар сияқты тәртіппен жіберіледі.

4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құзыретті органына осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген, адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) кедергі болуы мүмкін мән-жайлар болған кезде шет мемлекетке сұрау салуды жіберуден бас тартуға құқылы.


580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды

дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі


1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіппен, қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасайды.

2. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхат жазбаша нысанда жасалады және онда:

1) іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органның атауы;

2) күдіктінің (сотталған адамның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, азаматтығы туралы деректер, фотосуреттері;

3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін заңның мәтінін келтіріп, санкциясын міндетті түрде көрсете отырып, осы қылмыстың нақты мән-жайларының жазылуы;

4) заңды күшіне енген үкімнің не күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

3. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа:

1) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сұратылса, күдіктінің іс-әрекетін алдын ала саралауды айқындау туралы қаулының, айыптау актісінің, тергеу судьясының немесе соттың адамды күзетпен ұстау туралы қаулысының куәландырылған көшірмелері;

2) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) үкімді орындауға келтіру үшін сұратылса, оның заңды күшіне енгендігі туралы анықтамамен бірге үкімнің көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен қылмыс сараланып отырған және олар бойынша ескіру мерзімдері көзделген бапты қамтитын үзінді көшірмелер;

4) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған адамның азаматтығы туралы қорытындысы;

5) егер сот тағайындаған жазаның бір бөлігін өтеген адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылса, жазаның өтелмеген бөлігі туралы анықтама;

6) аумағында іздестіріліп жатқан адам анықталған шет мемлекет үшін де қолданылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де мәліметтер қоса берілуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен жүгінеді.


581-бап. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау)
1. Егер адамды ұстап беруді (экстрадициялауды) кейінгі қалдыру қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жоғалуына, жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы осы Кодекстің 580-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын сұрау салу жіберілуі мүмкін.

2. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.

3. Процесті жүргізетін орган, қажет болған жағдайда, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімін ұзарту туралы құжаттарды дайындайды, олар адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімі аяқталардан кемінде жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.
582-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамның қылмыстық

жауаптылығының шегі


1. Шет мемлекет ұстап берген (экстрадициялаған) адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз, ұстап беруге (экстрадициялауға) байланысты емес өзге де қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды, жазалана алмайды.

2. Шет мемлекет ұстап берген (экстрадициялаған) адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің қағидалары адам ұстап берілгеннен (экстрадицияланғаннан) кейін қылмыс жасаған жағдайларға, сондай-ақ егер ұстап берілген (экстрадицияланған) адам – қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін, ал сотталған жағдайда жазасын өтегеннен немесе одан босатылғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін сұрау салушы тараптың аумағынан кетпесе немесе егер ол оған өз еркімен қайтып келсе, қолданылмайды. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адам сұрау салушы тараптың аумағынан өзіне байланысты емес себептермен кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.
583-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты

қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы ақпарат беру


Прокурор сұрау салынатын тараптың уәкілетті органын кейіннен хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы хабар жібереді.
584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу
1. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылатын күзетпен ұстау мерзімінің басталуы оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезінен бастап есептеледі.

2. Қазақстан Республикасына ұстап берілетін адамды шет мемлекеттің аумағында ұстап алу және күзетпен ұстау, сондай-ақ оны этаппен апару уақыты жаза тағайындау кезінде оны күзетпен ұстаудың жалпы мерзіміне есептеледі.

3. Уақытша ұстап беру (экстрадициялау) ішінде Қазақстан Республикасының аумағында адамды күзетпен ұстау уақыты осындай адамның Қазақстан Республикасы сотының үкімімен тағайындалған жазаны өтеу мерзіміне есептелмейді.
585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)

кезінде күзетпен ұстау


Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалданатын;

2) Қазақстан Республикасына уақытша берілген (экстрадицияланған) адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.
586-бап. Ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылатын

адамның құқықтары


1. Өзін шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселе қаралып отырған адамның:

1) өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қандай қылмыс бойынша түскенін білуге;

2) қорғаушысының болуына және сөйлесудің құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайда онымен кездесуге, жауап алу кезінде қорғаушысының қатысуына;

3) ұстап алынған жағдайда – ұстап алынғаны және өзінің болатын жері туралы жақын туыстарына, отбасы мүшелеріне немесе өзге адамдарға хабарлауға;

4) өзін күзетпен ұстауға және өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға байланысты мәселелерді соттың қарауына қатысуға;

5) ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен танысуға немесе оның көшірмесін алуға;

6) күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақты қолдану және ұстап беру жөніндегі сұрау салуды қанағаттандыру туралы шешімдерге шағым жасауға;

7) сот отырысында ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу жөнінде өз пікірін білдіруге құқығы бар.

2. Егер өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселе қаралып отырған адам шетелдік болып табылса және күзетпен ұсталса, онда оның өз мемлекетінің дипломатиялық немесе консулдық мекемесінің өкілімен кездесуге құқығы бар.
587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық

құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері


1. Шет мемлекет қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатқан адамды Қазақстан Республикасының аумағында ұстап алуды қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен жүргізеді.

2. Ұстап алынған адамның жеке басы, оның азаматтық тиесілігі жетпіс екі сағат ішінде анықталуға, іздестірудің бастамашысынан жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары, оған сәйкес осы іс-әрекет қылмыс деп танылатын баптың мәтіні, құзыретті органның оны күзетке алу және оған іздестіру жариялау туралы шешімі, сондай-ақ адамды күзетке алу қажеттігі туралы растауы талап етіп алдырылуға тиіс.

3. Шет мемлекеттің құзыретті органының ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап мәлімделгенге дейін адамды күзетке алу туралы өтінішхаты поштамен, телеграфпен, телекспен, факспен және өзге де байланыс түрлерімен жіберілуі мүмкін.

4. Ұстап алынған адам, егер:

1) ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде оны уақытша күзетпен ұстау туралы немесе оған қатысты экстрадициялық қамақты қолдану туралы өтінішхаттарды қарау үшін тергеу судьясына жеткізілмесе;

2) ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейтін мән-жайлар анықталса, ол дереу босатылады.


588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау
1. Ұсынылған материалдар зерделенгеннен кейін және ұстап алынған адам іздестіру жарияланған адам болып табылады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған және осы Кодекстің 590-бабында жазылған негіздер болмаған кезде прокурор адамды ұстап алудың жетпіс екі сағаттық мерзімі аяқталардан он екі сағат бұрын аудандық және оған теңестірілген сотқа осы адамға ол ұстап алынған кезден бастап қырық тәулік мерзімге немесе оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу түскенге дейін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында белгіленген өзге де мерзімде уақытша күзетпен ұстауды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.

2. Өтінішхатқа:

1) адамды ұстап алу хаттамасы;

2) адамның шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасағаны және шет мемлекеттің құзыретті органы оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдағаны туралы деректерді қамтитын құжаттар;

3) ұстап алынған адамның жеке басын растайтын құжаттар қоса тігіледі.

3. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы адамды ұстап алған кезден бастап дереу, бірақ жетпіс екі сағаттан кешіктірмей өтінішхатты қарайды және уақытша күзетпен ұстау туралы не уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

4. Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде іздестіріліп жатқан адамды қаулыға наразылық білдіру және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.

5. Тергеу судьясының осы қаулысының заңдылығы мен негізділігіне шағым жасау, наразылық білдіру және тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Адамды уақытша күзетпен қамау туралы прокурор ұстап беру (экстрадициялау) уақыты мен орны туралы ұсыныспен бірге ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінуді, экстрадициялық қамаққа алу туралы өтінішхатты жіберген немесе жіберуі мүмкін шет мемлекеттің мекемесіне дереу хабарлайды.

7. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі мұндай адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

8. Уақытша күзетпен ұстау қолданылған адамды босатуды прокурор, егер:

1) сұрау салушы тараптан қырық тәулік ішінде ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап келіп түспесе;

2) қырық тәулік ішінде экстрадициялық қамаққа алу қолданылмаса;

3) ұстап беру (экстрадициялау) мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар белгілі болса, жүзеге асырады.

9. Адамды босату, егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу кеш түссе, сотқа оны осы Кодексте көзделген тәртіппен күзетпен қамауға алу және ұстап беру (экстрадициялау) туралы қайталама өтінішхатпен жүгінуге кедергі келтірмейді.

10. Уақытша күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, тергеу судьясының уақытша күзетпен ұстау туралы қаулысы осы адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы қаулыны тергеу судьясы шығарған кезден бастап заңдық күшін жоғалтады.


589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу
1. Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды пошта, телеграф, телекс, факс және өзге де байланыс түрлері арқылы алғаннан кейін прокурор адамды күзетпен ұстау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.

2.Тергеу судьясының қарауына өтінішхатпен бірге:

1) шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуының Қазақстан Республикасының тиісті орталық органы куәландырған көшірмесі;

2) адамның азаматтығы туралы құжаттар;

3) қолда бар экстрадициялық тексеру материалдары ұсынылады.

3. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы өтінішхатты қарайды және экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы не экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

4. Тергеу судьясы өтінішхатты қарау кезінде іздестіріліп жатқан адамның азаматтық тиесілігін, сондай-ақ кінәлілігі туралы мәселені зерттеместен және ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылып отырған адамға қатысты іс бойынша шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған процестік шешімдердің заңдылығын тексерместен, оны ұстап беруге (экстрадициялауға) сұрау салынуына байланысты іс-әрекет бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыс болып табылатынын-табылмайтынын тексереді.

5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасауды және наразылық білдіруді осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексеретін облыстық немесе оған теңестірілген сот осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде іздестіріліп жатқан адамды: қаулыға наразылық білдіру және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.

7. Ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататын адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алу оны ұстап алған кезден бастап он екі ай мерзімге, ал сот үкімін орындауға келтіру үшін сұратылып отырған адамға қатысты – ол сұрау салушы мемлекетте сотталған мерзімнен аспайтын мерзімге қолданылады.

8. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

9. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін экстрадициялық қамаққа алудың он екі айлық мерзімі өткен жағдайда, егер:

1) ұстап берілген адамды ұстап беруді сұратып отырған мемлекеттің аумағына этаппен апаруды ұйымдастыру;

2) ұстап берілген адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысына шағымын қарау үшін қосымша уақыт қажет болса, оны күзетпен ұстау мерзімін аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы, ұстап берілген адамды шет мемлекетке нақты бергенге дейін прокурордың өтінішхаты бойынша, жасалуына ұстап беріліп отырған адам айыпталатын (күдіктелетін) қылмыс бойынша шет мемлекеттің қылмыстық заңының санкциясында көзделген бас бостандығынан айырудың ең көп мерзімі шегінде ұзартады.

10. Экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды босату прокурордың қаулысы негізінде, оның ішінде осы бапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да жүргізіледі, егер осы мерзімде ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмесе, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарланады.

11. Адамды экстрадициялық қамаққа алудан босату, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді орындау үшін шет мемлекетке адамды нақты беру мақсатында қайтадан қолдануға кедергі келтірмейді.


590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту
1. Егер:

1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса және Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өз азаматтарын ұстап беру (экстрадициялау) көзделмесе;

2) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға негіз болған іс-әрекет Қазақстан Республикасында қылмыс болып танылмаса;

3) ол үшін адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылған қылмыс Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздемесе;

4) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға Қазақстан Республикасы пана берсе;

5) адамға қатысты нақ сол қылмысы үшін заңды күшіне енген үкім шығарылса немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса;

6) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу алынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық қудалау бастала алмаса немесе үкім ескіру мерзімдерінің өтуі салдарынан немесе өзге де заңды негіздер бойынша орындауға келтіріле алмайтын болса;

7) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайлардан басқа, сұрау салушы тарапта азаптауды қолдану қатеріне ұшырауы мүмкін не оның денсаулығына, өміріне немесе бостандығына нәсілдік белгісі, діни нанымы, ұлты, азаматтығы (бодандығы), белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси сенімдері бойынша қауіп төніп тұр деп пайымдауға негіздер болса;

8) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеше айыптау тәртібімен ғана қудаланса;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет