Кодексі (2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен )



бет21/46
Дата01.07.2016
өлшемі2.46 Mb.
#169182
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46

Ескерту. Өткiзудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.

 

2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 321- бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімім қара) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 321-бап жаңа редакцияда



321-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен

прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау

1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енген есірткі құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар үлгілерін жарнамалау мақсатында тарату, -

тиісті қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, дайындау тәсілдері, әдістері туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға, сондай-ақ кітап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өндірісіне және оны таратуға, аталған мәліметтерді компьютер желілерінде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де іс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметін түсінген жөн.

2. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсігіне ол сезіне алмайтындай әсер ететін, оның есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегімен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметін түсінген жөн.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 322-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 322-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет

1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде көрсету, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -

жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Заңда белгіленген тәртіппен берілген тиісті құжаттарсыз халық медицинасымен (емшілікпен) айналысу, жаппай емдеу сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізу, -

тиісті емші дипломынан немесе арнайы рұқсаттан айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттар тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерінің сыйақы алу мақсатымен дәрілік заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгілі бір дәріхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жіберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -

жеке тұлғаларға - маман серти фи катынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 323-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 323-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  323-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)



323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ

гигиеналық нормативтерді бұзу

1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда және абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өліміне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін іс-әрекет, (әрекетсіздік) егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 324-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 324-бап өзгертілді



324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу

1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, және сапасын бақылау сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, қамтамасыз ету, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -

фармацевтикалық қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпіс, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тіркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканыөндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -

қызметін тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 325-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 171-IIIҚР Заңымен 325-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 325-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



325-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексіз жарнама

Медициналық қызметтер көрсетудің, профилак ти каның, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспалардың мемлекеттік тіркеусіз және оларды жарнамалауға рұқсатсыз жарнамасын, мұндай қызмет түріне лицензиясы және оларды жарнамалауға рұқсаты жоқ жарнама берушінің таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 326-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен,

ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен

қатынаста болып жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз

есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланушы

адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы

1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрігердің тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 327-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын

адамдардың емделуден жалтаруы

1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -

жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын

адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған

адамдарды жасыруы

Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 328-1-баппен толықтырылды



328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық

қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу

кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар

ұсынуы


1. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар, оның ішінде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

329-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



 

22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа



қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 330-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



330-бап. Ұсақ бұзақылық

1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  330-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді)

330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, —

айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік),-

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабыныңбiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 332-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық

қондырғыларды жару

1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -

қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -

пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 333-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 333-бап өзгертілді



333-бап. Тыныштықты бұзу

Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, соның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 334-бап өзгертілді



334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру

1.Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын , полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру,-

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, табиғи апат зардаптарын жою кезеңінде жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен 334-1-баппен толықтырылды

334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен 335-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



335-бап. Үйде жасалатын алкогольдік ішімдіктерді дайындау және сату

Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да алкогольдік ішімдіктерді сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, -

алкогольдік ішімдіктерді, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен(бұр.ред.қара) 336-бап өзгертілді



336-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу

1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, алкогольдік ішімдіктерді iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 336-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  336-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет