Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда


Талаптар және қолданбалы материал



Pdf көрінісі
бет145/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Талаптар және қолданбалы материал 
Жалпы
910.3 A1 
Қаржылық мүдде тікелей немесе жанама түрде ұжымдық 
инвестициялау тетігі, жылжымайтын мүлік немесе сенім сияқты 
делдал арқылы болуы мүмкін. Бенефициарлық меншік иесі делдалды 
бақылаған кезде немесе оның инвестициялық шешімдеріне ықпал ету 
мүмкіндігі болған кезде, Кодекс мұндай қаржылық мүддені тікелей 
деп анықтайды. Керісінше, бенефициарлық меншік иесі делдалды 
басқармаса немесе оның инвестициялық шешімдеріне ықпал ете 
алмаса, Кодекс мұндай қаржылық мүддені жанама деп анықтайды. 
910.3 A2 
Бұл бөлімде қаржылық мүдденің «маңыздылығына» сілтемелер 
жасаған. Мұндай мүдденің адам үшін маңызды екенін анықтаған 
кезде, осы адамның және оның жақын мүшелерінің жиынтық 
жағдайы ескерілуі мүмкін. 
910.3 A3 
Клиентке сенімділік білдіру бойынша қаржылық мүддені сақтаумен 
туындайтын жеке мүдделілік қаупінің деңгейін бағалауға қатысы бар 
факторларға мыналар жатады: 
• 
Қаржылық мүддесі бар адамның рөлі. 
• 
Қаржылық мүдденің тікелей немесе жанама екендігі. 
• 
Қаржылық мүдденің маңыздылығы. 
Компанияның қаржылық мүдделері, сенім білдіру тапсырмасы бойынша топ 
мүшелері және жақын туыстары 
R910.4 
Клиентке сенімділік білдіру бойынша тікелей қаржылық мүдделілік 
немесе елеулі жанама қаржылық мүдделілік сақталмауы тиіс: 
(а) 
Фирма; немесе 


235 
(b) 
Сенім білдіру тапсырмасы бойынша топ мүшесі немесе осы 
адамның жақын туыстарының бірі. 
Клиентті сенім білдіру бойынша бақылайтын ұйымдағы қаржылық мүдделер 
R910.5 
Ұйым клиенттің сенім білдіру жөніндегі бақылау пакетіне ие болған 
кезде және Клиент ұйым үшін маңызды болса, фирма да, сенім 
білдіру тобының мүшесі де, осы адамның жақын туыстарының бірі 
де осы ұйымда тікелей немесе маңызды жанама қаржылық мүддеге 
ие болмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет