Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда



Pdf көрінісі
бет83/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

R400.81
Егер фирма әрекеттер бұзушылықтың салдарын қанағаттанарлық 
түрде жою үшін қабылдана алмаса, ол корпоративтік басқаруға 
жауапты тұлғаларды мүмкіндігінше тезірек хабардар етіп, кез келген 
қолданыстағы заңнамалық немесе нормативтік талаптарға сәйкес 
аудиторлық тапсырманы аяқтау үшін қажетті қадамдар жасауы керек. 
Егер тапсырманы тоқтатуға заңдармен немесе нормативтік 
актілермен рұқсат етілмесе, фирма есептілікке немесе ақпаратты 
ашуға қойылатын барлық талаптарды сақтауы керек. 
R400.82
Егер фирма бұзушылықтың салдарын қанағаттанарлық түрде жою 
үшін әрекеттер қабылдана алатынын анықтаса, ол корпоративтік 


140 
басқаруға жауапты адамдармен талқылауы керек: 
(а) 
Бұзушылықтың маңыздылығын, оның сипаты мен ұзақтығын 
қоса; 
(b) 
Бұзушылық қалай болғанын және ол қалай анықталғанын; 
(c) 
Ұсынылған немесе қабылданған әрекеттерді және неге бұл 
әрекет бұзушылықтың салдарын қанағаттанарлық түрде 
түзейтінін және фирмаға аудиторлық есеп шығаруға мүмкіндік 
беретінін; 
(d) 
Фирманың кәсіби пайымдауына сәйкес объективтілік 
бұзылмаған деген қорытынды және бұл қорытындының 
негіздемесі; сондай-ақ
(е) 
Фирманың одан әрі бұзушылықтардың пайда болу қаупін 
азайту немесе болдырмау үшін ұсынған немесе қабылдаған кез 
келген қадамдарын. 
Егер корпоративті басқаруға жауапты адамдар едәуір аз 
бұзушылықтар туралы хабарлау үшін балама кестесін көрсетпесе
мұндай талқылау мүмкіндігінше тезірек өткізілуі керек. 
Корпоративтік басқаруға жауапты тұлғаларға бұзушылықтар туралы хабарлау
400.83 A1 
R300.9 және R300.10-тармақтарда корпоративтік басқаруға жауапты 
тұлғалармен өзара әрекет жасауға қатысты талаптар баяндалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет