Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда


-БӨЛІМ  СЫЙЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет89/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

420-БӨЛІМ 
СЫЙЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ 
Кіріспе
420.1 
Фирмалардан тәуелсіздік қауіптерін анықтау, бағалау және жою үшін 
іргелі қағидаларды сақтау, тәуелсіз болу және 120-бөлімде 
баяндалған тұжырымдамалық негізді қолдану талап етіледі. 
420.2 
Аудит клиентінен сыйлықтар мен қонақжайлылық белгілерін 
қабылдау жеке қызығушылық, таныстық немесе қорқыту қаупін 
тудыруы 
мүмкін. 
Бұл 
бөлімде 
осындай 
жағдайларда 
тұжырымдамалық негізді қолдануға қатысты нақты талаптар мен 
қолданбалы материал баяндалады. 
Талаптар және қолданбалы материалдар 
R420.3 
Фирма, желілік фирма немесе аудиторлық топтың мүшесі аудитке 
тапсырыс берген клиенттен сыйлықтар мен қонақжайлылық 
белгілерін, олардың құндылығы мәнді және маңызды емес болып 
табылатын жағдайларды қоспағанда, қабылдамауы керек. 
420.3 A1 
Егер фирма, желілік фирма немесе аудиторлық топтың мүшесі 
аудитке тапсырыс берушіге немесе одан көтермелеуді ұсынса немесе 
қабылдаса, 340-бөлімде баяндалған талаптар мен қолданбалы 
материалдар қолданылады және осы талаптарды сақтамау 
тәуелсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. 
420.3 A2 
340-бөлімде баяндалған көтермелеулерді ұсыну немесе қабылдауға 
қатысты талаптары фирмаға, желілік фирмаға немесе аудиторлық топ 
мүшесіне сыйлықтар мен қонақжайлылық белгілерін қабылдауға, 
егер тіпті олардың құндылығы мәнді және маңызды емес болса да
ниеті әрекетіне тиісті емес түрде әсер ету болса, мүмкіндік бермейді. 


150 
430-БӨЛІМ 
НАҚТЫ НЕМЕСЕ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАУПІ
Кіріспе 
430.1 
Фирмалардан тәуелсіздік қауіптерін анықтау, бағалау және жою үшін 
іргелі қағидаларды сақтау, тәуелсіз болу және 120-бөлімде 
баяндалған тұжырымдамалық негізді қолдану талап етіледі. 
430.2 
Аудитке тапсырыс берушімен сот ісі туындаған кезде немесе мүмкін 
болып көрінсе, жеке қызығушылық пен қорқыту қаупі туындайды. 
Бұл бөлімде осындай жағдайларда тұжырымдамалық негізді 
қолдануға қатысты нақты қолданбалы материалдар баяндалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет