Iso-ның негізгі міндеттері



бет1/2
Дата24.10.2023
өлшемі19.76 Kb.
#481591
  1   2
Сессия билет


20 балл
Нормативтік құжаттар- Қауіпсіздік талаптарын,ережелерді, жалпы қағидаларды,қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты сипаттамаларды қамтитын құжаттар.
Стандарт - нормативтік құжат,олбелгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат.
Стандарттау деп ғылым, техника мен экономика саласында бір ізге келтіріліп, белгілі саладағ ең шекті деңгейіне дейн тәртіптелген жүйені айтамыз. Стандарттау объектілеріне мыналар жатады:
• өнім;
• қызмет;
• жұмыс.
​Өнім – бұл белгілі бір тауарды өндіруге жұмсалған қызмет пен жұмыстың нәтижесі.Қызмет – бұл жеткізуші мен тұтынушының өзара қарым қатынастары арқылы жүзеге асырылған кем дегенде бір әрекеттің нәтижесі .Жұмыс – бұл белгілі бір іс әрекетті жүзеге асыру үшін жұмсалатын күш. Біздің елімізде дайындалған барлық стандарттарды мынадай категорияларға бөледі: мемлекеттік стандарт (ҚР СТ), мемлекетаралық стандарт (ГОСТ), халықаралық стандарт (ИСО), салалық стандарт (ССТ), ұйым стандарты (ҰСТ), техникалық шарт (ТШ), өндіріс стандарты (ӨСТ)
ИСО жүйесі-бұл сапа жүйелерін халықаралық сертификаттау. ИСО жүйесінің басты мақсаты шығарылатын өнімді жақсарту мақсатында қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыру болып табылады. Әр түрлі өлшемдерді әртүрлі елдердің экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін жалпы халықаралық нормаларға, заңдар мен принциптерге біріктіру маңызды сәт болады.
ИСО жүйесі халықаралық компаниялар үшін де, жоғары мамандандырылған салаларда да қолданылатын стандарттарды әзірлейді.
ISO-ның негізгі міндеттері:
-халықаралық деңгейде қызметтер, тауарлар немесе өнімдер алмасуды тиімді қамтамасыз ету,қызметтің аралас түрлерін дамытуға жан-жақты жәрдемдесу;
-экономикалық, зияткерлік және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықты дамыту.
Стандарттардың санаттары:
Халықаралық стандарт-халықаралық ұйым қабылдаған стандарт. Іс жүзінде халықаралық стандарттар көбінесе аймақтық стандарттар мен ғылыми-техникалық қоғамдар әзірлеген және әлемнің әртүрлі елдері нормалар ретінде қабылдаған стандарттарды білдіреді.
Ұлттық стандарт-ұлттық стандарттау органы қабылдаған және көптеген пайдаланушыларға қол жетімді стандарт. Ұлттық стандарттар ерікті негізде қолданылады.
Мемлекетаралық стандарт (индекс категории "ГОСТ") — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында мемлекетаралық стандарттар ерікті түрде қолданылады.
ПЛАКО (PLACO – Planning Committee)- ISO жұмысын жоспарлау, жұмыстың техникалық тараптарын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша ұсыныстар дайындайды.
КОПОЛКО (COPOLCO-consumer policy on Committee) -тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін зерттейді.
СТАКО -стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі комитет.
КАСКО (CASCO – Committee on conformity assessment) -өнімдердің, процестердің қызметтерінің және сапа жүйелерінің стандарттардың талаптарына сәйкестігін растау мәселелерімен айналысады.
ИНФКО -ғылыми-техникалық ақпарат комитеті.
ДЕВКО (DEVCO – commitete on developing country matters) дамушы елдердің стандарттау саласындағы сұраныстарын зерттейді және осы елдерге осы салада көмек көрсету бойынша ұсыныстар әзірлейді.
РЕМКО (Remco-Committee on reference materials) стандартты үлгілерге (эталондарға) қатысты мәселелер бойынша тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу арқылы ISO әдістемелік көмек көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет