312
Фирманың серіктестері мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы
921.8 A1
Жеке мүдде, Таныстық немесе қорқыту қаупі жеке немесе отбасылық
қатынастар арасында жасалуы мүмкін:
(а)
Сенімділік білдіру тапсырмасы бойынша топ мүшесі болып
табылмайтын фирманың серіктесі немесе қызметкері; және
(b)
Клиенттің сенім білдіру жөніндегі
төмендегі кез келген
тұлғасымен:
i.
Директор немесе басқарушы;
ii.
Тапсырманың тақырыбына айтарлықтай әсер етуі мүмкін
қызметкер немесе растау тапсырмасының бөлігі ретінде
сенімділікті
қамтамасыз
ететін
тапсырмадағы
тапсырманың тақырыбы туралы ақпаратқа айтарлықтай
әсер етуі мүмкін қызметкер.
921.8 A2
Мұндай қауіптердің деңгейін бағалауға
қатысы бар факторларға
мыналар жатады:
•
Фирманың серіктесі немесе қызметкері мен клиенттің
директоры, лауазымды тұлғасы немесе қызметкері арасындағы
қарым-қатынас сипаты.
•
Сенімді білдіру тапсырмасы бойынша
серіктес немесе фирма
қызметкерінің топпен өзара әрекеттесу дәрежесі.
•
Фирмадағы серіктестің немесе қызметкердің жағдайы.
•
Клиенттегі тұлғаның рөлі.
921.8 А3
Жеке мүдде, Таныстық немесе қорқыту сияқты қауіп-қатерлерден
қорғайтын әрекеттердің мысалдары мыналарды қамтиды:
•
Сенімді білдіру тапсырмасына кез келген ықтимал әсерді
азайту үшін серіктестің немесе
қызметкердің міндеттерін
құрылымдау.
•
Сенімділікті қамтамасыз ететін орындалған тиісті жұмысты
тексеру үшін тиісті тексерушінің болуы.