129
байланысты ұйымды және тәуелсіздік қатерлерін жоюды қамтуы
керек.
[400.21–400.29 тармақтары әдейі бос қалдырылды]
Тәуелсіздік талап етілетін кезең
R400.30
Бұл Бөлік талап еткендей Тәуелсіздік, келесі уақытта сақталуы керек:
(а)
Келісім кезеңінде; сондай-ақ
(b)
Қаржылық есептілікпен қамтылатын кезеңде.
400.30 A1
Тапсырма кезеңі аудиторлық топ аудит жүргізе бастаған кезде
басталады. Тапсырма кезеңі аудиторлық қорытынды шығарылғаннан
кейін аяқталады. Егер тапсырма
қайталанатын сипатта болса, ол
тараптардың кез-келгеніне кәсіби қатынастардың тоқтатылғаны
туралы хабарлағаннан немесе түпкілікті аудиторлық қорытынды
шығарғаннан кейін аяқталады.
R400.31
Егер ұйым қаржылық есептілікте қамтылған кезең ішінде немесе
одан кейін фирма пікірін білдіретін
аудиттің тапсырыс берушісі
болса, фирма тәуелсіздікке қандай да бір қауіп төніп тұрғанын
анықтауы керек:
(а)
Аудитке
тапсырыс
берушімен
қаржылық
есептілікте
қамтылатын кезең ішінде немесе одан кейін, бірақ аудиторлық
тапсырма қабылданғанға дейін, қаржылық немесе іскерлік
қатынастарға; немесе
(b)
Клиентке фирманың немесе
желілік фирманың аудиті
бойынша ұсынылған алдыңғы қызметтерге.
400.31 A1
Егер аудит бойынша клиентке сенімділік білдірумен байланысты
емес қызмет қаржылық есептілікпен қамтылған кезең ішінде немесе
одан кейін, бірақ аудиторлық топ аудит жүргізуді бастағанға дейін
ұсынылса, және тапсырманы орындау
кезеңінде қызмет рұқсат
етілмейінше, тәуелсіздікке қауіп туындайды.
400.31 A2
Мұндай қауіп-қатерлерден қорғайтын әрекеттердің мысалдары,
келесілерді қамтиды:
•
Қызмет көрсету үшін аудиторлық топтың мүшелері болып
табылмайтын кәсіпқойларды пайдалану.
•
Аудиторлық жұмысты және жағдайға байланысты сенім
білдірумен байланысты емес жұмысты талдау үшін
тиісті
рецензенттің болуы.
130
•
Сенім білдірумен байланысты емес қызмет нәтижелерін
бағалау үшін желіден тыс басқа фирманы немесе басқа
фирманың қызмет үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы
үшін қажетті көлемде сенім
білдірумен байланысты емес
қызметті қайта көрсететін желіден тыс басқа фирмамен тарту
Достарыңызбен бөлісу: