150
430-БӨЛІМ
НАҚТЫ НЕМЕСЕ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАУПІ
Кіріспе
430.1
Фирмалардан тәуелсіздік қауіптерін анықтау, бағалау және жою үшін
іргелі қағидаларды сақтау, тәуелсіз болу және 120-бөлімде
баяндалған тұжырымдамалық негізді қолдану талап етіледі.
430.2
Аудитке тапсырыс берушімен сот ісі туындаған кезде немесе мүмкін
болып көрінсе, жеке қызығушылық пен қорқыту қаупі туындайды.
Бұл бөлімде осындай жағдайларда
тұжырымдамалық негізді
қолдануға қатысты нақты қолданбалы материалдар баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: