Кодексі (ары қарай Кодекс) «Delta Bank»



бет3/3
Дата09.06.2016
өлшемі238.5 Kb.
#124600
түріКодекс
1   2   3
§ 2. Ақпарат алу тәртібі
80. Банктің коммерциялық құпиясы болып табылмайтын құжаттарды алу үшін, акционер, Банк Басқармасы Төрағасының атына, акционер танысқысы келген құжаттардың атауы мен олардың жасалған (жасалған болуы тиіс) күні көрсетілген немесе олардың жіберілуі тиіс мекен-жайы көрсетілген көшірмесін (олардың куәландырылған үзінді-көшірмелері) алуға жазбаша сұрау салуды жібереді.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өтініш 30 күн ішінде қаралуы тиіс. Аталған мерзім аяқталғанда, Банк, берілген өтініштің қарастырылған нәтижелері жайлы өтініш берушіні жазбаша хабарландыруы міндетті.

Акционердің жазбаша талабы бойынша Банк оған Жарғының көшірмесін, оның өзгертулері мен толықтыруларын, мұндай талап алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде береді.

Банк құжаттар көшірмесін бергені үшін төлем мөлшерін белгілейді, ол, акционерге құжаттың жеткізілуімен байланысты шығындарды төлеу мен құжаттар көшірмесін дайындау шығындарының құнынан, сонымен қатар тәуелсіз тіркеушінің қызметін төлеуден аспауы тиіс.

81. Банктің директорлар Кеңесінің шешімімен құпиялы сипаттағы және коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиялы мазмұндағы құжаттарға қол жеткізу шектеулі болуы мүмкін.

82. Коммерциялық құпия мазмұнындағы ақпаратты алу үшін Банк акционері:

1) Банк Басқармасы Төрағасының атына, акционер танысқысы келген құжаттардың атауы мен олардың жасалған (жасалған болуы тиіс) күні көрсетілген немесе олардың көшірмесін және сұралатын ақпараттың көлемі мен берілуінің дәйектелген қажеттілігін алуға жазбаша сұрау салуды жібереді;

2) Банк Басқармасының Төрағасы сұрау салуды, акционермен сұралатын ақпаратты беру мүмкіндігінің мәніне, сонымен қатар берілетін құжаттар түріне (оның көшірмесі, құжаттан куәландырылған үзінді-көшірме және т.б.) және сұралатын ақпараттың берілу пішініне қарастырады. Сұралатын ақпараттың ұсынылуы жөніндегі шешімді Басқарма Төрағасы қабылдаған жағдайда, тиісті құрылымдық бөлімше акционерге құжаттармен танысу мүмкіндігінің уақыты мен орнын немесе құжаттардың көшірмесін дайындауға (олардан куәландырылған үзінді-көшірмелер және т.б.) және оларды акционерлерге жіберу немесе жеткізу шығындарының сомасын, сонымен қатар акционердің аталған шығындар құнын төлеп және коммерциялық құпияны жарияламау жөніндегі қол қойылған міндеттемесін Банкке жіберу үшін деректемелерді хабарлайды;

3) почталық шығындар мен құжаттар көшірмесін дайындау бойынша Банк шығындарын төлеуге ақшаны және коммерциялық құпияны жарияламау жөніндегі акционердің қолы қойылған тиісті міндеттемені алғаннан күннен бес жұмыс күні ішінде, Банк, акционерге тапсырыс хатпен сұралатын құжаттардың көшірмелерін (олардан куәландырылған үзінді-көшірмелер) жібереді немесе жеке өзіне тапсырады.

Құпияны жарияламау жөніндегі жоғарыда аталған міндеттемеге акционер қол қоймаған жағдайда, сұралатын ақпарат пен құжаттар Банкпен берілмейді.

83. Банк Басқармасының Төрағасы акционермен сұралатын ақпаратты беруден бас тарту жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда, тиісті құрылымдық бөлімше акционерге мұндай бас тартудың салдары мен себептері мазмұндалған хабарламаны жібереді.
9 Бөлім. Қаржылық-шаруашылық қызметке бақылау
84. Банк, жүргізілетін операциялардың көлемі мен түрін ескере отырып, Банк тәуекелдерін тиімді анықтау,бағалау және шектеуді қамтамасыз ететін тәуекелдерді бақылау тәсілдерін қолдануды қарастыратын тәуекелдерді басқару мен қаржылық-шаруашылық қызметті іштей бақылаудың дәлме-дәл жүйесін қалыптастырады.

85. Ішкі бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті ұйымдарының нормативтік құқықтық актілерін, Банк саясаттарын, Банктің ішкі нормативтік құжаттарын, шығындар тәуекелін азайту мен Банктің беделін қолдауды сақтауға көмектесетін қаржылық және басқарушылық есеп берудің сенімді жүйесін қолдау мен тиімділіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын Банктің жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

86. Банктің ішкі бақылау жүйесінің дәлме-дәлдігі және тиімділігін бағалау арнайы ұйымымен – ішкі аудит Қызметімен, сонымен қатар тәуелсіз аудиторлық ұйыммен жүргізіледі.

§ 1. Ішкі аудита Қызметі
87. Ішкі аудит Қызметі – қаржылық-шаруашылық қызметтің және Банк бөлімшелерінің қызметін объективті бағалау қызметін жүргізетін, сонымен қатар тәуекелдерді басқару мен Банктің ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру мен бағалау жүргізетін Банктің бөлімшесі.

88. Ішкі аудиттің жүзеге асуының мақсаты, Банк қызметінің барлық қыры бойынша тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің дәлме-дәлдігі мен тиімділігін бағалау, артылған қызметтер мен міндеттерді Банк бөлімшелерінің орындау жай-күйі жөніндегі шынайы және дер кезіндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмысты жақсарту бойынша ықпалды және тиімді ұсыныстар беру болып табылады.

89. Ішкі аудит Қызметінің міндеттері мен қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен анықталады.

90. Ішкі бақылау Қызметі Банктің күнделікті жұмысынан тәуелсіз және оның филиалдары және еншілес ұйымдарын қосқандағы Банкпен жүргізілетін операциялардың барлық түрлеріне қол жеткізе алады. Банктің ішкі аудит Қызметі аудитпен жүргізілетін қызметтен және ішкі бақылаудың күнделікті ретінен тәуелсіз.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері директорлар Кеңесінің құрамы мен Банк Басқармасына сайлана алмайды.

91. Ішкі аудит Қызметі Банктің директорлар Кеңесіне тікелей бағынады және есеп береді. Ішкі аудит Қызметінің қызметкерлерін тағайындау тәртібі, ішкі аудит Қызметінің құрылымы мен құрамы, оның қызметкерлеріне қойылатын талаптар директорлар Кеңесімен бекітілетін Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен анықталған.

92. Ішкі аудит Қызметіне қажетті ақпараттар мен материалдарды беру тәртібі мен тізімі, сондай-ақ талап етілген ақпаратты бермегені үшін Банк қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілік шегі Банктің тиісті ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленеді.

§ 2. Сыртқы аудит
93. Сыртқы аудитормен аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты, Банктің қаржылық есеп беруін, тәуекелдерді басқару жүйелерін тексеру және халықаралық стандарттар талаптарына және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сыртқы аудитордың тәуелсіз пікірін алу болып табылады.

Аудиторлық тексеру уақытында аудиторлық ұйымдар Банктің заңнамалық талаптарды бұзуы немесе қиянаттарын анықтау үшін барынша күшін салады және осы бұзушылықтар туралы директорлар Кеңесіне хабарлайды. Анықталған қиянаттарды жоюға бақылау оларды жоюдың кепілдігі болып табылып және акционерлерге ұсынылатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.

94. Банк аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау Банк акционерлері Жалпы жиналысының ерекше құзіретіне кіреді.

§ 3. Комплаенс қызметі
95. Комплаенс қызметі – Комплаенстен – бақылаушы және ерекше құзіретіне Банк қызметінің Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік уәкілетті ұйымдардың құқықтық нормативтік актілеріне, сонымен қатар Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкестігіне ішкі бақылау жүргізетін комплаенс қатысушыларынан тұратын Банктің ішкі қызметі.

96. Комплаенс қызметі Банк Басқармасымен бірге:

1) жыл сайын комплаенс – тәуекелдің туындау мәселесін бағалайды және теңдестіреді және комплаенс – тәуекелдерді басқарудағы кемшіліктерді жою бойынша шаралар Жоспарын, комплаенс – тәуекелдерді тиімді басқару үшін ішкі нормативтік құқықтық құжаттарды қайта өңдеу қажеттілігі бекітеді;

2) жыл сайын директорлар Кеңесін комплаенс – тәуекелдерді басқарудың тиімділігі туралы хабарлайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтамау нәтижесінде іскерлік беделін жоғалту немесе шығындарға алып келетін кез келген операциялар туралы директорлар Кеңесін кешіктірмей хабарлайды.

97. Комплаенс қызметінің міндеттері мен қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен анықталады.

98. Комплаенс қызметі ақпарат алмасу және Банк бөлімшелерінің қызметін бірлесіп тексеру жүргізу арқылы ішкі аудит Қызметімен бірге әрекет етеді.

99. Комплаенс қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен өзіне жүктелген уәкілеттік шегінде комплаенс – тәуекелді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға қажетті кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады.



10 Бөлім. Дивидендттік саясат
100. Дивидендттер акционерлік қоғамдар өмір сүруі мен дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Қаржылық жағдайды жақсартумен қатар дивидендттік саясатты оңтайландыру Банк дамуының жалпы қаржылық стратегиясының шешуші кезеңдерінің бірі болып, инвестициялық тартымдылықты көтеру құралы және инвесторлар үшін Банк жай-күйінің индикаторы болып табылады. Сауатты дивидендттік саясат және инвесторлардың барынша ақпараттануы Банктің ұзақ мерзімді дамуының шешуші факторы болып табылады.

101. Дивидендттік саясаттың негізгі мақсаты Банк акционерлері әл-ауқатының көтерілуіне қамсыздандыру жолымен көмектесу болып табылады:

1) Банк акциялары бойынша дивидендттердің үнемі өсуі.

Аталған мақсатты іске асыру үшін Банк өзінің таза табысының (кірісінің) бірте-бірте өсуін қамтамасыз етуге тырысады, бұл болса Банктің таза табыстарын (кірістерін) осы мақсаттарға бағыттау жолымен төленетін дивидендттердің мөлшерін бірте-бірте көтеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

2) Банк акционерлерінің дивидендттерді толық және дер кезінде алуы үшін қажетті жағдайларды жасау.

Банк акционерлерге дивидендттерді, Банк акционерлерінің Жалпы жиналысында дивидендттерді төлеудің басталу күні, акционерлердің дивидендттерді алатын орны, тиесілі дивидендттердің мөлшері және басқа параметрлерді анықтау жолымен, толық және дер кезінде алу үшін қажетті жағдайларды жасау.


§ 1. Банк акциялары бойынша дивидендттер төлеу тәртібі
102. Банк акционерлерінің Жалпы жиналысымен қаржылық есеп беру жылына Банктің таза табысын тарату тәртібі бекітіледі, қарапайым акциялар бойынша дивидендттер төлеу туралы шешімдер қабылданады және Банктің бір қарапайым акциясының есебіне жыл қорытындысы бойынша дивидендттер мөлшері бекітіледі.

103. Банк акциялары бойынша дивидендттер қаржылай немесе Банктің құнды қағаздарымен, дивидендттер төлеу туралы шешімдер акционерлердің Жалпы жиналысында Банктің көпшілік дауыс беруші қарапайым акцияларымен қабылданған шартпен, төленеді.

Банк акциялары бойынша дивидендттерді оның құнды қағаздарымен төлеуге, мұндай төлем Банктің жарияланған акциялары немесе онымен шығарылған облигациялармен, акционердің жазбаша келісімінің болғанында жүзеге асырылатын шартпен, жол беріледі.

Дивидендттер алуға құқығы бар акционерлер тізімі, дивидендттерді төлеудің басталу күнінен алдыңғы күнге жасалуы тиіс.

104. Банк акциялары бойынша дивидендттер төлеу тоқсан, жарты жылдық және жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Банктің қарапайым акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендттер төлеу Банктің директорлар Кеңесінің шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Жыл қорытындысы бойынша Банктің қарапайым акциялары бойынша дивидендттер төлеу туралы шешім акционерлердің жылдық Жалпы жиналысымен қабылданады.

Банк акционерлерінің Жалпы жиналысы Банктің қарапайым акциялары бойынша дивидендттер төлемеу туралы шешімді қабылдауға, оны бұқаралық ақпарат құралдарында шешім қабылданған күннен он жұмыс күні ішінде міндетті жариялаумен құқылы.

Акцияны шығару анықтамалығымен дивидендттерді төлеуді басқа мерзімділігі анықталуы мүмкін.

105. Банктің қарапайым акциялары бойынша дивидендттер төлеу туралы шешім қабылданған күннен он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

Банктің қарапайым акциялары бойынша дивидендттер төлеу туралы шешім келесі мәліметтерден тұрады:


  1. Банктің атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелерден;

  2. Дивидендттер төленетін мерзімінен;

  3. Бір қарапайым акция есебіне дивидендттер мөлшерінен;

  4. Дивидендттерді төлеудің басталу күнінен;

  5. Дивидендттерді төлеудің тәртібі мен түрінен.

106. Дивидендттер, Банктің өзімен сатып алынған және орналаспаған акциялар бойынша, сонымен қатар сотпен немесе Банк акционерлерінің Жалпы жиналысымен Банкті тарату туралы шешім қабылданған болса, есептелмейді және төленбейді.

Банктің қарапайым акциялары бойынша дивидендттердің есептелуіне жол берілмейді:



  1. жеке капиталының кері мөлшерінде немесе Банктің жеке капиталының мөлшері оның

акциялары бойынша дивидендттер есептелген нәтижеде кері болса;

  1. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес дәрменсіздік

немесе төлем қабілетсіздігінің белгілері болса немесе аталған белгілер Банкте оның акциялары бойынша дивидендттер есептеген нәтижеде туындаса.

107. Акционер алынбаған дивидендттерді төлеуді, Банк берешегінің туындау мерзіміне қарамастан талап етуге құқылы.

Дивидендттер, төлеуге белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, акционерге дивидендттердің негізгі сомасы төленеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін басшылыққа алып, қаржылық міндеттерді немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне есептелетін өсімпұл төленеді.

§ 2. Құнды қағаздармен дивидендттер төлеу
108. Дивидендттерді құнды қағаздармен алу еркін білдірген Банк акционері, Банкке Банктің құнды қағаздарымен дивидендттер алу келісімін баяндаумен тиісті жазбаша өтініш беруі тиіс.

109. Дивидендттер түрінде төленетін құнды қағаздар санының есебі, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құнды қағаздар бойынша табысқа салық салуды ескере отырып, акционерлердің Жалпы жиналысымен белгіленген (қарапайым акциялар бойынша) бір акцияға дивиденд мөлшерін басшылыққа алып, жүргізіледі.

110. Дивидендттер түрінде алуға Банк акционерлерімен жарияланған құнды қағаздар санының артылуы жағдайында, Банктің иелігіндегі құнды қағаздар санына акционерлерге аталған құнды қағаздармен дивидендттер төлеу оларға тиесілі Банк акцияларына пропорциялы жүргізіледі. Құнды қағаздармен төленбеген дивиденттер бөлігі ақшалай төленеді.

111. Дивидендттер түрінде төленетін құнды қағаздарды акционерлердің дербес шоттарына аудару Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіппен жүзеге

асырылады.

11 Бөлім. Кадрлық саясат
112. Корпоративті басқару жүйесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қатаң сақтауды көмектесуге бағытталған.

113. Банк қызметіндегі артықшылықтардың бірі қызметкерлердің біліктілігін көтеру мен оқуын ұйымдастыру болып табылады. Банк қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру, тәжірибелік икем алу, кәсіби дайындығы мен біліктілік деңгейін көтеру үшін жағдайлар жасайды. Банк әр қызметкерге, жасы, жынысы, ұлты, діни сенімі, шығу тегі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кәсіби, мансабының және өзіндік өсуіне тең мүмкіндіктер береді.

Банк жұмыс орындарының сақталу және еңбек жағдайын жақсарту принципін ұстанады.

114. Банкте, келесі мақсаттарға жетуге көмектесу үшін бағытталған материалдық ынталандыру жүйесі әрекет етеді:

1) шешуші нәтижесінде қызметкерлердің қызығушылығын көтеру есебінен Банк қызметінің көрсеткіштерін жақсарту;

2) қызметкерлерді, олардың Банк алдында тұрған міндеттерді орындаудағы еңбегі мен үлесінің өнімділігіне қарай сыйақылау;

3) жалпы нәтижелерге жауапкершілік, ұйымшылдық қағидаттарын қалыптастыру;

4) қызметкерлердің бастамашылығын ынталандыру.

115. Банктің әр қызметкеріне Банк болашақ дамуының көрінісі, оның мақсаттары мен стратегиялары белгілі. Банктің әр қызметкері қабылданған шешімдер, әрекеттер үшін және Банк қызметінің нәтижелері үшін алынған өзіндік нәтижелерге өзіне жеке жауапкершілік алады.

116. Банк сенімділік, ашықтық, қолдау, өзара сыйластық азуалын жасайды. Банк қызметкерлерді нәтижеге жету үшін қажетті және еңбектің қауіпсіз жағдайларымен қамтамасыз етеді, толыққанды демалысқа мүмкіндік беріп, қызметкерлердің денсаулығын аялауды қолдайды.

117. Банк өзінің мүмкіндіктеріне қарай, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен кепілдендірілетін ең төменгі мөлшерден асатын қосымша әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етеді.

12 Бөлім. Қоршаған ортаны сақтау
118. Іскерлік белсенділіктің қазіргі дамуы әлемде қоршаған ортаны сақтау мәселелері маңыздылығының өсуімен сипатталады. Қоршаған ортаны сақтау саласындағы істердің жай-күйі Банк қызметін бағалауда өзекті өлшемдер болып тұр.

Өз қызметінде Банк қоршаған ортаға барынша ұқыпты және пайдалы қарым-қатынас қағидаттарын ұстанады.


13 Бөлім. Корпоративті басқарудың даулары
119. Банктің жақсы іскерлік мәртебесін сақтау маңыздылығын және корпоративті даулардың орынсыздығын ескере отырып, Банк корпоративті дауларды реттеу мен алдын алу үшін механизмдерді істеп шығаруды өзіне қажетті де санайды.
§ 1. Жалпы ережелер
120. Корпоративті дау туындаған жағдайда, Банк барынша қысқа мерзімдерде туындаған дау бойынша өз ұстанымын анықтайды, тиісті шешімдер қабылдайды және оны акционерлерге хабарлайды.

Өз ұстанымын анықтауда, Банк, Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына және Банк және оның барлық акционерлерінің мүдделері орынды үйлесуінің қамсыздандыруына негізделеді.

121. Қажеттілік жағдайында, Банк, дауласу тарапына, сотқа, уәкілетті ұйымға және басқа мемлекеттік ұйымға туындаған дау бойынша шынайы жағдайды айқындау үшін және оны реттеу үшін шаралар қолдануды Банк Жарғысымен, осы Кодекспен және Банктің ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте қажетті ақпаратты береді.

122. Банк туындаған корпоративті дауларды реттеу бойынша өзіне қатысты барлық шараларды қолдануға және акционерлерге өз құқықтарын қорғау мен жүзеге асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Акционер өтінішін қанағаттандырудан мәжбүрлі бас тарту жағдайында Банк қолданыстағы заңнама ережелеріне қатаң сүйенуге міндеттенеді.

123. Корпоративті дауларды қарастыру бойынша Банк ұйымдарының құзіреті корпоративті дау мәселесінің Банктің қай ұйымының құзіретіне жататындығына байланысты шектеледі.

124. Банк мүддесін қозғайтын акционерлер арасында корпоративті дау туындаған жағдайда, Банк, дау тараптарына, дауды реттеу үдерісінде тараптар арасындағы табыстырушы ретінде қатысушы болуға құқылы. Сонымен қатар, Банк өзін кеңесші ретінде ұсынуға және тараптарға қажетті ақпарат пен құжаттарды, қолданыстағы заңнама, Банк ішкі құжаттарының ережелері мәселелері бойынша ақыл-кеңестер беруге құқылы.


§ 2. Корпоративті дау бойынша Банк ұстанымын анықтау тәртібі
125. Корпоративті дау туындаған жағдайда, қатысушылар оларды шешудің, акционердің құқығы ғана емес, сондай-ақ Банктің іскерлік беделін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер арқылы шешу жолдарын іздейді.

Корпоративті даудың туындауына алып келуі мүмкін корпоративті дау немесе жағдай туындағанда, тиісті құрылымдық бөлімше 3 жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде аталған мәселені Банк Басқармасының қарауына, негізделген шешім қабылдауға және Банк ұстанымын анықтауға қажетті құжаттар мен түсініктемелердің қосымшаларымен бірге жібереді.

126. Егер, корпоративті дау бойынша туындаған сұрақ Банктің директорлар Кеңесінің құзіретіне жататын болса, Банк Басшылығы тиісті құжаттарды қарап, бұл мәселе бойынша өзінің ұстанымын қалыптастырып, Банк директорлар Кеңесінің алдында, Банк ұстанымын бекіту өтінішін жасайды.

127. Басқарма өтінішін қарап, Банк директорлар Кеңесі келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) Басқармамен ұсынылып отырған ұстанымды бекіту;

2) Басқарманың ұсынып отырған ұстанымынан бас тартып, корпоративті дау бойынша Банктің өзге ұстанымын анықтау.

128. Корпоративті дау бойынша Банк ұстанымын анықтауға Банк Басқармасы мен директорлар Кеңесінің келесі мүшелері қатыса алмайды:

1) даулы тараптар;

2) даулы тараптың аффилиирленген тұлғалары.

129. Корпоративті дау бойынша Банк ұстанымы, Банк акционерлер тараптарына, ол қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде хабарлануы тиіс.

130. Егер, даулы тарап Банк болған жағдайда, Банк Басқармасы немесе Банктің директорлар Кеңесі Банктің ұстанымын анықтаумен бірге, оның қызмет аясын да анықтайды. Корпоративті дау тарабы болып келетін акционерлердің келісімімен, Басшылық және (немесе) директорлар Кеңесі (олардың мүшелері) акционерлер арасындағы келіссөдерге қатысуға, дауға қатысты құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және Банктің ішкі ережелерін түсіндіруге, акционерлерге кеңес және ұсыныс беруге, пайда болған дауды жою үшін акционерлердің қол қоюына құжаттардың жобасын дайындауға, өзінің өкілеттігі шегінде Банктің атынан акционерлердің алдында, дауды шешу шегінде, міндеттемелерді қабылдайды.

131. Корпоративті дауды реттеу қызметінің нәтижесі бойынша, Банк, дауды реттеу бойынша келісімге қол қоюға құқылы.


14 Бөлім. Қорытынды
132. Осы Кодекс Банк акционерлері Жалпы жиналысының бекітуімен күшіне енеді.

133. Осы Кодекс талаптары Банк акционерлерінің, лауазымды тұлғалардың және Банк қызметкерлерінің орындауына міндетті болып табылады.



134. Осы Кодекс талаптарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Басқарма Төрайымы Көшкімбаева М.А.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет