«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата19.07.2016
өлшемі60.67 Kb.
#208951
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 434 қаулысымен   
бекітілген      

«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:


      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген бірінші бағыты бойынша:
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі не дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірме);
      жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірме) қосымша ұсынады;
      өтініш берілетін күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн өтпеген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
      салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының соңғы қаржы жылындағы қаржы есептері және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған, дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (көрсетілген қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
      Банктің/Даму Банкінің Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;
      2) Бағдарламаның «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген үшінші бағыты бойынша:
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі не дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      егер қызмет түрі лицензияланатын болса лицензия (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
      жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай құжаты қажет емес). Акционерлік қоғам акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі) ұсынады;
      өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн өтпеген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
      салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының соңғы қаржы жылындағы қаржы есептері және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
      экспорт режимінде тауарлар/өнімдерді шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациялары;
      Қазақстан Республикасы кеден шекарасының өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттар;
      соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар.
      Банктің/Даму Банкінің Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде орналастырылған.


      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет