Кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2015. 03. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен


-бап. Тауарларды шығару үшін негіздер және тауарларды шығару тәртібі



бет23/31
Дата26.02.2016
өлшемі2.96 Mb.
#26248
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

296-бап. Тауарларды шығару үшін негіздер және тауарларды шығару тәртібі

1. Кеден органдары мынадай талаптар сақталған кезде:

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1) кеден органына осы Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттар, көрсетілген құжаттар осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін табыс етілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, табыс етілгенде;

Бұл ретте, егер осы Кодекстің 281-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болса, олар кедендік декларация электрондық құжат нысанында берілген жағдайда ұсынылмайды.

2) тұлғалар тауарларды осы Кодекске сәйкес, ал кедендік рәсімді белгілеу кезінде, осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңдалған кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтағанда;

3) тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленгенде не оларды төлеу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етілгенде тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

2. Кеден органдары тауарларды шығаруды осы Кодекстің 297-бабында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Тауарлар шығаруды кеден органының лауазымды адамы осы Кодексте көзделген тәртіппен, егер Комиссияның шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, кедендік декларацияға, шот-фактураға (инвойсқа), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, пайдаланылатын көлік түріне қарай көлік (тасымалдау) құжатына тиісті белгілер енгізу (қою), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізу арқылы жүргізеді.

Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсынған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы лауазымды адамының әрекеттері электрондық түрде жүзеге асырылады және оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Кедендік декларация декларантқа немесе кеден өкіліне, сондай-ақ тасымалдаушыға және өзге мүдделі адамдарға кеден органдарының ақпараттық жүйелері пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жіберіледі.

 

297-бап. Тауарларды шығару мерзімі



1. Тауарларды шығаруды кеден органы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс.

Тізбесін Комиссия анықтайтын кедендік әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларацияны тіркеген кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей, ал тауарларға декларация тіркелген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аспайтын уақыт қалғанда - осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс.

Көрсетілген мерзімдер кедендік бақылауды жүргізу уақытын қамтиды.

2. Осы Кодекстің 291-бабына сәйкес тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезінде кеден органы тауарларды шығаруды кедендік декларацияны тіркеген кеден органына тауарларды көрсеткен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс.

3.Тауарларды шығару осы Кодекстің 440 және 441-баптарына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін.

4. Тауарларды шығару мерзімдері кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен асыруға болмайды.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін қолдануға және тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған кедендік бақылау нысандарына қарай тауарлар шығарудың осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімдерден ұзақтығы қысқа мерзімдер белгілейді.

 

298-бап. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару



2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуды қолдану кезінде тауарларды шығару декларант:

1) тауарларды жөнелтуші және алушы, тауарларды жөнелтуші және жеткізілу межеленген ел туралы мәліметтер, тауардың атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кемінде алғашқы төрт белгі деңгейіндегі сыныптау коды, тауарлардың саны, брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;

2) оның кедендік декларацияны бергені және тауарларды шығару айынан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім туралы мәліметтер қамтылған қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс еткені туралы жазбаша нысандағы міндеттемені;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2. Тауарлар кедендік декларация берілгенге дейін шығарған кезде осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:

1) декларантта мұндай шығару кезінен бастап туындайды;

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағының 1) - 7), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген жағдайларда және кедендік декларацияға тауарларды шығару туралы белгілер енгізу (қою) кезінде тоқтатылады.

3) мыналар:

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін орындалуға жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валютаның нарықтық бағамы қолданылады;

егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде кедендік декларацияны бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияда тауарларды шығару туралы белгі енгізбеген (қоймаған) жағдайда - осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні орындалуға жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні қолданыстағы кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және нарықтық валюта бағамы қолданылады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген тауарларға қатысты, дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмекті қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.

4. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін тауарларды кедендік декларация бергенге дейін шығару, төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы осы Кодекстің 62-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасынан аспаған жағдайда қолданылады.

 

299-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеу не сарапшының қорытындысын алу қажет болған кезде тауарларды шығару



1. Егер кеден органдары тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттамасын зерттеу немесе кедендік декларацияда немесе кеден органдары табыс еткен өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында сараптама жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдаса, тауарларды шығару мұндай зерттеулердің немесе сараптамалардың жүргізілу нәтижелері бойынша қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасында кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді декларант ұсынған жағдайда кедендік сараптама нәтижелері алынғанға дейін жүргізіледі.

2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тыйым салулар мен шектеулер қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді тапқан және декларант олардың сақталғанын растайтын дәлелдемелерді табыс етпеген жағдайда ғана жүргізілмейді.

 

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 300-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



300-бап. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде тауарлар шығару

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда тауарлар шығару іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға немесе әкімшілік процесс аяқталғанға дейін, егер мұндай тауарлар алып қойылмаса немесе оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаса, жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Осы Кодекстің 16-тарауында қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі көзделуі мүмкін.

 

301-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар



1. Мыналарға қатысты:

1) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілсе;

2) пайдалану және (немесе) билік ету жөніндегі шектеулер тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды табыс етуге байланысты болса;

3) мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылса, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеруге байланысты белгіленсе, оларды кез келген нысанда пайдалануға (қолдануға, тұтынуға) тыйым салынады.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі бар және олар кедендік бақылауда болады.

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу бойынша міндет тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып саналады.

5. Шартты түрде шығарылған тауарлар:



осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатқаннан кейін;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды табыс еткеннен кейін;

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомаларының және тауарларды шығарғаннан кейін төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждарын төлегеннен кейін Кеден одағы тауарлары мәртебесіне ие болады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Комиссияның шешімімен өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін, ол кезде шартты түрде шығарылған тауарлар Кеден одағы тауарлары мәртебесіне ие болады.

6. Кеден одағы тауарларының мәртебесін алу үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен қайта орналастырылуға жатпайды.



Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі не осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды табыс ету осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда осы Кодексте айқындалады.

7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылғандар қатарына жатқызудың өзге де жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.

 

302-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту



1. Осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағында белгіленген тауарларды шығарудың шарттары сақталмаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 291-бабының 7-тармағында және осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органы тауарларды шығару мерзімінің өтуінен кешіктірмей мұндай бас тарту үшін негіздеме болған барлық себептерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, жазбаша нысанда тауарларды шығарудан бас тартады.

Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.

2. Кеден органы, егер:



анықталған, құқық бұзушылық құрамы жоқ бұзушылықтар жойылса;

анықталған бұзушылықтар жойылған, ал декларацияланатын тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылмаған немесе оларға тыйым салынбаған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларға кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасын бұзуды анықтаған болса, тауарларды шығарудан бас тартады.

3. Кеден органы, егер декларанттың кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының мөлшерін анықтауға ықпал ететін дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегенін, оның ішінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының, шығарылған елінің, кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары мен мөлшерінің, төлем тәсілдерінің және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеумен байланысты басқа да мәліметтерін, тауарлардың кедендік құнын түзетуді қоспағанда, дұрыс көрсетпегенін анықтаса тауарларды шығарудан бас тартады.

 

 

34-тарау. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру



 

303-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру

Тауарлар және (немесе) көлік құралдары:

1) тауарларды және (немесе) көлік құралдарын кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша тәркілеу туралы сот шешімінің;

2) мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік декларацияның және осындай тауарларды қабылдап алу-беру актісінің негізінде мемлекет меншігіне айналдырылады.

 

304-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі



1. Тауарлар және (немесе) көлік құралдары тауарларды және (немесе) көлік құралдарын тәркілеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мемлекет меншігіне айналады.

2. Кеден органы сот шешімінің негізінде қабылдап алу-беру актісі бойынша тәркіленген тауарларды және (немесе) көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына береді.

 

305-бап. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі



Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік декларация және қабылдап алу-беру актісі бойынша декларант тауарларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына берген күннен бастап мемлекет меншігіне айналады.

 

 



6-бөлім. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР

 

35-тарау. Кедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер

 

306-бап. Кедендік рәсімдердің түрлері

1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:

1) ішкі тұтыну үшін шығару;

2) экспорт;

3) кедендік транзит;

4) кеден қоймасы;

5) кедендік аумақта қайта өңдеу;

6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;

7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

8) уақытша әкелу (жіберу);

9) уақытша әкету;

10) кері импорт;

11) кері экспорт;

12) бажсыз сауда;

13) жою;

14) мемлекеттің пайдасына бас тарту;

15) еркін кедендік аймақ;

16) еркін қойма;

17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

 

307-бап. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту



1. Тұлғаның таңдауы бойынша Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады.

2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы.

 

308-бап. Кедендік рәсіммен орналастыру



Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады.

 

309-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті



Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі.

 

310-бап. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылау



1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді.

2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің

20-тарауына сәйкес жүргізіледі.

 

311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік



1. Осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, декларант жауапты болады.

Тұлғалар, кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлар шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкетілгенге дейін аварияның не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмаған, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда, жауапты болмайды.

2. Тұлғалар Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты:

1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмаған;

2) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің саны тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген;

3) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдері мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттің лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда жауапты болмайды.

3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соққан мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.

 

312-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (тыйым салу) салдарлары



1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Егер тауарларды алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады.

Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде осы бөлімге сәйкес көзделген пайыздар оларды есепке жазу және төлеу кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі ішінде есепке жазылмайды және төленбейді.

2. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды тәркілеу және мемлекет меншігіне өзгеше айналдыру кезінде осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне өзгеше айналдырылған шетелдік тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағанына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде аяқталуы тиіс.

Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.

 

 



36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет