объектiлерi
Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.
19-1-бап. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерi
1. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерiн құру тәртiбi, күзету режимi, сондай-ақ олардағы қызмет шарттары Қазақстан Республикасының су және орман заңнамасында белгiленедi.
2. Су объектiлерiне iргелес мемлекеттiк орман қоры аумақтарын күзету режимi Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектiлерiн санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде сақтап тұруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау үшiн белгiленедi.
3. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодеске сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Кодекс 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
20-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi
1. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.
2. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң
айналымдық қабiлетi
Осы Кодекстiң 7-бабының 2-тармағында аталған жерлердi қоспағанда, су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
2-Бөлiм. Су объектiлерiн пайдалану құқығы.
Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы және
өзге де құқықтар
3-тарау. Су объектiлерiн пайдалану құқығы
22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы
1. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген арнайы, оқшау немесе бiрлесiп пайдалану тәртiбiмен берiледi.
2. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:
1) қысқа мерзiмдi пайдалану;
2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.
3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
4. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.
23-бап. Су сервитуты
1. Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.
2. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.
3. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектiсiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.
4. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.
5. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негiздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.
6. Қауымдық және жеке су сервитуттары:
1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
2) суат және мал айдау, балық шаруашылығын жүргiзу;
3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.
7. Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк
құқығы және өзге де құқықтар
24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы
1. Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн.
2. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы
құрылыстары
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және иелiктен шығарылуға жатпайды.
2. Қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететiн су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттiк меншiкте болады, иелiктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның iшiнде жалға және сенiмгерлiк басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
26-бап. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы
құрылыстары
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.
27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы
құрылыстары
1. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.
2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары, атап айтқанда, қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететiн, коммуналдық меншiктегi су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi, иелiктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы
1. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
2. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк ұйымдар жүзеге асырады.
Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.
3. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.
Ескерту. 28-баптың тақырыбына орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет
көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары
1. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.
30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша
мемлекеттiк басқару
1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуi мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды
мемлекеттiк тiркеу
Ескерту. 31-баптың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
2. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құрылысқа уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.
Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын
меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi
1. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады.
2. Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушiлердiң қамтамасыз етуiн бақылауды:
1) су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимiн сақтауы үшiн уәкiлеттi орган;
2) су шаруашылығы құрылыстарының техникалық жай-күйi үшiн өнеркәсiптегi қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
3-Бөлiм. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк реттеу
5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару
33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау
және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару
Ескерту. 3-бөлiмнiң, 5-тараудың, 33-баптың тақырыбтарына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi орган, Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:
1) мемлекетаралық
2) мемлекеттiк;
3) бассейндiк;
4) аумақтық.
3. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн.
Ескерту. 33-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi), 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау
және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың
негiзгi принциптерi
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару:
1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;
3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;
4) бассейндiк басқару;
5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.
Ескерту. 34-бапқа және тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау
және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың
негiзгi мiндеттерi
Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi:
1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi, елдi мекендердi сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйiн талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау;
2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;
3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;
5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу;
6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу;
7) экологиялық талаптарды жоспарлау және сақтау;
8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау;
9) мемлекеттiк меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару;
10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту;
11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару;
12) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
13) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
14) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының жай-күйiн, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бақылау.
Ескерту. 35-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-тарау. Мемлекеттiк органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыретi
Ескерту. 6-тараудың және 36-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын
пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су
бұру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
1-1) елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн бекiтедi;
1-2) елдi мекендердiң су бұру жүйелерiне сарқынды суларды қабылдау ережесiн бекiтедi;
2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;
3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн бекiтедi;
6) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
7) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
8) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн белгiлейдi;
8-1) су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде берудiң тәртiбiн айқындайды;
9) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi;
10) алып тасталды
11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерiн бекiтедi;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
12-1) аумақтық суларда (теңiзде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, iздестiру және кәсiпшiлiк жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
13) алып тасталды
14) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
15) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi коммуналдық қызметтердi тұтыну нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiтедi;
16) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары қауiпсiздiгiнiң критерийлерiн бекiтедi;
17) елдi мекендердi сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiтедi;
18) ортақ су пайдаланудың үлгiлiк қағидаларын бекiтедi;
19) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекiтедi;
20) судың бастапқы есебiнiң қағидаларын бекiтедi;
21) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 180-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
37-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкiлеттi орган:
1) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
1-1) елдi мекендер шегiнен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестiрудi және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;
3-1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстары қауiпсiздiгiнiң өлшемдерiн әзiрлейдi;
3-2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3-3) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3-4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi;
4-1) бекiтiп берiлуi бойынша конкурсқа қойылатын жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн келiседi;
5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн әзiрлейдi;
5-1) салық органына ұсынғанға дейiн жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем бойынша салық есептiлiгiн растайды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және негiздерде арнайы су пайдалануға рұқсатты берудi, қолданысын тоқтата тұруды және оны қайтарып алуды жүзеге асырады;
6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтiнiште көрсетiлетiн мәлiметтердi айқындайды;
7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;
7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдер есебiнiң әдiстемесiн бекiтедi;
8) алынып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
10) алып тасталды
11) суды және оның пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;
12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
13) су объектiлерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн бекiтедi;
13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
14) елдi мекендер шегiнен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
15) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөнiндегi жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының және су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзу жобаларын келiседi;
16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;
19) алып тасталды
20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;
22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi;
23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi;
24) алынып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
25) судың бастапқы есебiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ паспорт нысанын белгiлейдi;
28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.09 N 213 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi
органның құзыретi
Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi орган:
1) елдi мекендер шегiнде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
1-1) елдi мекендер шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестiрудi және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлейдi және бекiтедi;
3) елдi мекендер шегiнде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
4) елдi мекендер шегiнде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, iздестiру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi ұйымдастырады;
5) елдi мекендердiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
6) елдi мекендердiң су бұру жүйесiне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзiрлейдi;
7) елдi мекендердiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
8) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi коммуналдық қызметтердi тұтыну нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын әзiрлейдi;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен елдi мекендер шегiнде ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi;
9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су
қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және
су бұру саласындағы құзыретi
Ескерту. 38-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;
2) алып тасталды
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртiбiн белгiлейдi;
5) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
Достарыңызбен бөлісу: |