Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 4. Инвестициялық салық преференциялары



бет11/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
§ 4. Инвестициялық салық преференциялары

123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.

Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;

3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, преференция объектілеріне жатқызылады.

3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;

2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;

3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;

4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:

негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;

негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.

4. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:

сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыстар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатады.

5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:

құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – мемлекеттік қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;

қалған жағдайларда - мемлекеттік қабылдау комиссиясының ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.

6. Мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:

1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;

2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;

3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.

124-бап. Преференцияларды қолдану

1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:

1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;

2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.

2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 125-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.

3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.

4. Егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:

1) салық төлеуші осы Кодекстің 123-бабының 2-4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 123-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.

125-бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференция объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды есепке алуды солар бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.

Преференция объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңартуға жұмсалған келесі шығыстар преференциялар қолданылған әрбір объект бойынша ескеріледі.

2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға берілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ:

осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);

олар бойынша салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 12, 13-тармақтары, сондай-ақ осы Кодекстің 101 – 114-баптары негізінде шегерім жасауға құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);

амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);

бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және салық осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.

3. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актив болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құны осы Кодекстің 118-бабының 9-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

4. Солар бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға берілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.

5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен ескеріледі.

6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі өткен соң осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай объект түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.



§ 5. Туынды қаржы құралдары

126-бап. Жалпы ережелер

1. Хеджирлеу мақсатында немесе базалық активті жеткізу жолымен атқарылған кезде туынды қаржы құралын қолданған жағдайда туынды қаржы құралының салық есебі осы Кодекстің 129, 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Туынды қаржы құралдары бойынша залал осы Кодекстің 136-бабына сәйкес айқындалады және осы Кодекстің 129, 130-баптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылады.

127-бап. Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыс

1. Свопты қоспағанда, осы бапқа сәйкес айқындалатын түсімдердің шығыстардан асып түсуі туынды қаржы құралы бойынша табыс болып табылады. Салық есебінің мақсатында табыс туынды қаржы құралы орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде айқындалады.

2. Туынды қаржы құралы бойынша түсімдер мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.

3. Туынды қаржы құралы бойынша шығыстар мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төлеуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.



128-бап. Своп бойынша табыс

1. Түсімдердің шығыстардан асып түсуі своп бойынша табыс болып табылады, олар осы бапқа сәйкес айқындалады. Салық есебі мақсатында своп бойынша табыс есепті салық кезеңінің соңында айқындалады.

2. Своп бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы своп бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.

3. Своп бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы своп бойынша төлеуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.



129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері

1. Хеджирлеу – бағаның қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткіші салдарынан болатын ықтимал залалды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.

2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші салық декларациясын табыс еткен кезде осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (жете пайда алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисапты табыс етеді.

3. Хеджирлеу операциялары бойынша табыс немесе залал салық есебі мақсатында осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін айқындалған нормаларына сәйкес ескеріледі.

4. Хеджирлеу операциялары бойынша табыс немесе залал салық есебі мақсатында сол бойынша айқындалған салық кезеңінде танылады.

130-бап. Салық есебінің базалық активті жеткізу жолымен атқарылған кездегі ерекшеліктері

1. Егер туынды қаржы құралын атқару базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілсе, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төлеуге жататын (шеккен) шығыстар және алуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатқызылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардың түсімдері мен шығыстар салық есебі мақсатында осы Кодекстің базалық актив бойынша табыстар мен шығыстарға қолданылатын нормаларына сәйкес ескеріледі.

§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету

131-бап. Жалпы ережелер

Түзету – осы Кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.



132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

1. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:

1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;

2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;

3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;

4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;

5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;

6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады.

2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:

заңды тұлғадан:

дара кәсіпкерден;

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.

Осы тармақта көзделген табысты түзету:

1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;

2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.

Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:

1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;

2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.



12-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ

133-бап. Салық салынатын табысты азайту

1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:

1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:

нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;

коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыс¬тардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұ¬мыс¬тарды орындаумен, қызметтер көрсетумен бай¬ланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;

2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентін;

3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.

Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:

оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстарды;

оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;

оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарды қамтиды.

2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:

1) негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;

2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;

3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақыларды және құн өсімінен түсетін табыстарды;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;

5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар.

Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;

7) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар.



134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстің мақсаты үшін акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетін:

1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;

2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.

2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушілік көмек, өтеусіз алынған мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырмалдық түріндегі табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда салық салуға жатпайды.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.

6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдісі бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.

7. Салық төлеуші бөлек әдіс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізеді.

135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы бапта көзделген ұйымдардың табыстарына осы бапта белгіленген талаптар сақталған кезде салық салуға жатпайды.

2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын ұйымдар жатады.

Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:

1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;

2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөнінде қызметтер көрсету;

3) ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;

4) кітапхана қызметі жатады.

Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.

3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетін:

1) салық кезеңінде мүгедектер саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 процентін құрайтын;

2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда – кемінде 35 процентін) құрайтын ұйымдар да жатады.

4. Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетін тауарлар өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен және акцизделетін қызмет түрлерінен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.

5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.



13-тарау. ЗАЛАЛДАР

136-бап. Залал ұғымы

1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп:

1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;

2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.

2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:

1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма;

2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма болып табылады.

3. Шығыстардың осы Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады.



137-бап. Залалдарды ауыстыру

1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.

Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар он жылға дейінгі мерзімге алға ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтелуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі.

4. Өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.

5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

6. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.

7. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

8. Туынды қаржы құралдары бойынша залалдар хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша табыс есебінен өтеледі. Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар он жылға дейінгі мерзімге алға ауыстырылуы және туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтелуі мүмкін.



138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру

Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.



14-тарау. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
139-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу

1. Таза табысқа салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы салық кезеңі үшін мынадай тәртіппен есептеледі:

осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген ставканың және осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтіндісі

алу


корпоративтік табыс салығының осы баптың 2-тармағына және осы Кодекстің 223-бабына сәйкес есебіне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.

2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бұл салықты төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.

Осы тармақтың ережелері төлем көзінен депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға, коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

3. Егер төлем көзінен сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетіне төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бірте-бірте азайтылады.



140-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтынушылар кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.




141-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.

2. Мыналар:

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы алдыңғы қаржы жылы¬ның алдындағы қаржы жылына арналған респуб¬лика¬лық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

2) жаңадан құрылған салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;

3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге құқылы.

3. Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.

4. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына табыс етіледі.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.

5. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеуші оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етеді.

6. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.

7. Алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.

8. Салық төлеушілер есепті салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін, есепті салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінің алдағы айлары үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.

9. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезде салық төлеуші аталған декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезең үшін аванстық төлем сомасын өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомалары есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған орташа айлық аванстық төлем мөлшерінде төлейді.

10. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілерге, сондай-ақ осы Кодекстің 135-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеушілерге қолданылмайды.

142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі

1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.

2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде ағымдағы айдың 25-інен кешіктірмей, ай сайын енгізуге міндетті.

3. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.



15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:

1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;

2) резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;

3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;.

2. Мыналар:

1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;

2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;

3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

6) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;

8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;

9) кәсіби қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін, репо операциялары және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

10) микрокредиттік ұйымдарға төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы төлем көзінен салық салуға жатпайды.



144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі

1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын төленетін табыс сомасына осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында немесе 4-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.

2. Салық агенті осы Кодекстің 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға міндетті.

145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

2. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.



146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-қисап

Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.



16-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

147-бап. Салық ставкалары

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

2. Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 10 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

4. Резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердің тұрақты мекемесімен байланысты емес табыстарына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.



148-бап. Салық кезеңі

1. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.



149-бап. Салық декларациясы

1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

2. Корпоративтік табыс салығын төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен бір мезгілде өзі орналасқан жердегі салық органына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.

Бұл ретте бұрын ұсынылған жылдық қаржылық есептілік түзетілген жағдайда, корпоративтік табыс салығын төлеуші осындай түзету жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзі орналасқан жердегі салық органына түзетілген жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.

3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.



5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

150-бап. Жалпы ережелер

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар деп бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін заңды тұлғалар танылады:

1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тіркеу есебінде тұрған;

2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ;

3) арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сай келетін мынадай қызмет түрлерінің:

бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалаудың, әзірлеудің, енгізудің, тәжірибелік өндірудің және өндірудің;

жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасаудың;

ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізудің;

мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасаудың, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасаудың;

электр- және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасаудың;

тұрмыстық электр аспаптарын жасаудың;

киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығарудың;

трикотаж бұйымдарын шығарудың;

тоқыма материалдарынан киім шығарудың;

жібек маталар мен солардың негізінде жасалатын бұйымдар шығарудың;

мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығарудың;

кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендер шығарудың;

мақта целлюлозасы мен одан туынды өнімдер шығарудың;

мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығарудың;

теріден жасалған бұйымдар шығарудың;

химия өнеркәсібінің;

резеңке және пластмасса бұйымдарын жасаудың;

өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндірудің;

металлургия өнеркәсібінің;

дайын металл бұйымдарын жасаудың;

машиналар мен жабдықтарды жасаудың;

мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін шығарудың;

туристік қызметтер көрсетудің өзіндік тауар өндірісін (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар.

Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға мыналар жатпайды:

1) жер қойнауын пайдаланушылар;

2) акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;

3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;

4) преференцияларды қолданған ұйымдар.

3. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылған атқарушы органның немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті өнеркәсіп саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда берілген растауының негізінде жүзеге асырылады.

4. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған арнайы экономикалық аумақтарға қатысты қолданылады.



151-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен мерзімдері

1. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуі осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 процентке азайтылады.

Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезінде де қолданылады

3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:

1) жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициенті;

2) мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 проценттік ставка қолданылады.

152-бап. Салық кезеңі және салық есептілігі

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық кезеңі, салық есептілігін берудің тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады.



6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

18-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

153-бап. Төлеушілер

1. Осы Кодекстің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.



154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті осы Кодекстің 158 және 166-баптарында көзделген салықтық шегерімдерді ескере отырып және ставкалар бойынша осы тарауда және осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстің 178-бабында және 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

155-бап. Салық салу объектілері

1. Жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік іссапарлар кезіндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

6) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

7) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен) кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;

10) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы шегінде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

13) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшін өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

19) мемлекеттік тіркеуге жататын және бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі;

20) меншік құқығын тіркеу кезінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі;

21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.

156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

7) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;

заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп проценті дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер;

8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

9) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;

11) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;

13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, І және ІІ топтағы мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 45 еселенген мөлшері шегіндегі табыстары;

14) ІІІ топтағы мүгедектердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 27 еселенген мөлшері шегіндегі табыстары;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар.

Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;

16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;

17) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

18) күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;

19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

20) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

22) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

24) осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыларды қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерлерді өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмсаған шығыстары. Осы тармақшаның мақсаты үшін жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты қызметкерлерді мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын шығыстарға:

оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстар;

оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайтуға жұмсалған нақты шығыстар жатады;

жұмыс беруші:

қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

қызметкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде қызметкерге төлеуге арналған ақша сомасы жатады;

25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;

26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

27) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар;

28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру мақсатында алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

29) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;

30) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

31) осы Кодекстің 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері;

32) жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

34) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

35) қызметкер өз жұмыс берушісінен алған қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;

37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер.

40) ислам банкінде орналастырылған инвести¬ция¬лық депозит бойынша табыс.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген І, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектерді салық салудан босату мүгедектік белгіленген айдан басталған кезең ішінде алынған табыстар бойынша беріледі.

157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.



158-бап. Салық ставкалары

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

159-бап. Салық кезеңі

1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады:

1) қызметкердің табысы;

2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.



161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді.

2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.

3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агенті төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеу¬меттік салықты дербес төлеушілер болып танылады.

Салық агентінің құрылымдық бөлімшелері бойынша салық төлеу тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер орналасқан жер бойынша жүргізіледі.

4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу мерзімдері осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген.

162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет