§1. Қол қойылатын бонус
312-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.
313-бап. Төлеушілер
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады.
314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;
техногендік минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;
2) өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, – тиісті қаржы жылына арналған респуб¬ли¬калық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ – А, В, Қ1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысында бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендік минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бо¬йынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ – А, В, Қ1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
Қа – әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысында бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін – (Қ1 х 0,01% ) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес;
3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - Қ1 х 0,01% формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес.
4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында осы пайдалы қазбаларға белгіленген және осы Кодекстің 334 және 338-баптарында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жарияланған күні «The McGraw-Hіll Companіes Іnс» компаниясының «Platt’s Crude Oіl Marketwіre» анықтамалығында, «Metal Bulletіn Journals Lіmіted» баспасының «Metal Bulletіn» журналында, «Metal-pages Lіmіted» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған биржалық баға бойынша айқындалады.
Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, алынатын және болжанатын қорлардың құны келісімшарт қолданысының барлық кезеңінде жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалған жалпы шығындардың 1,2 коэффициентке ұлғайтылған сомасынан айқындалады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізіледі.
315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзімі
Қол қойылатын бонус бюджетке мынадай тәртіппен:
1) белгіленген соманың елу проценті – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу проценті – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
316-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөнін¬де¬гі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі бас¬талған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
317-бап. Жалпы ережелер
1. Осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын қорларды арттыруға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін төлейді.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді.
318-бап. Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.
319-бап. Салық салу объектісі
Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемінің құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемінің құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында пайдалы қазбаларға белгіленген баға мен төлемді жүзеге асыру күні «The McGraw-Hіll Companіes Іnс» компаниясының «Platt’s Crude Oіl Marketwіre» анықтамалығында, «Metal Bulletіn Journals Lіmіted» баспасының «Metal Bulletіn» журналында, «Metal-pages Lіmіted» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған биржалық баға бойынша, осы Кодекстің 334 және 338-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, алынатын қорлардың құны осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен келісімшарттың техникалық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген өндіруге арналған жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельділік мөлшеріне ұлғайтылған сомасының негізінде айқындалады.
321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі
Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.
322-бап. Коммерциялық табу бонусының ставкасы
Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленеді.
323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімі
Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган кен орнындағы алынатын пайдалы қазбалар қорының көлемін бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей төленеді.
324-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
325-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
326-бап. Төлеушілер
Келісімшарттарды жасасқанға дейін тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.
327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
1. Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер қой¬науы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет мен¬ші¬гіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке төленуге жатады.
Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бюджетке төлеу жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерін айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органмен қосымша келісім жасалған күннен бастап туындайды.
328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап мынадай тәртіппен төлейді:
1) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді;
2) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейді.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.
329-бап. Салық декларациясы
1. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем соманы құраса, жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
45-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ САЛЫҒЫ
330-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы, осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасның өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
4. Өндірілетін минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, ставкалар бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.
5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс.
331-бап Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
332-бап. Салық салу объектісі
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайға, газ конденсатына – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және өткізген, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының жалпы көлеміне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берістік шикізаты ретінде қайта өңдеуге берілген шикі мұнайға, газ конденсатына, – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және берген, оның ішінде үшінші тұлға арқылы берілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайға және газ конденсатына – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлеміне;
4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;
5) тауарлы шикі мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында аталған шикі мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерін шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлеміне бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына ши¬кі мұнайды және газ конденсатын жеткізуді, оның ішінде үшінші тұлға арқылы жет¬кізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушының мұнай өңдеу зауыты сатып ал¬ған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлемі мен құнын, сондай-ақ жа¬нама салықтар есепке алынбаған олардың құнын растайтын құжаттарының болуы міндетті.
4. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауына кері айдалатын табиғи газ бойынша төленбейді.
5. Осы баптың мақсатына орай факелдерде жағылған табиғи газдың көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын салудан босатылады.
333-бап. Салық базасы
Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
334-бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі
1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген шикі мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртіппен:
1) мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізу кезінде – өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен мұнай өңдеу зауыты өнімнің бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;
2) алыс-берістік шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін беру және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдалануы кезінде - мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы жеткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 процентке ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндірілген тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды.
3. Шикі мұнайдың және газ конденсатының әлемдік бағасы «The McGraw-Hіll Companіes Іnс» компаниясының «Platts Crude Oіl Marketwіre» дереккөздерінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) маркаларының әрбірін жеке алғанда күн сайынғы бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады, ал осы дереккөздерде аталған маркаларға бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, «Petroleum Argus» дереккөзі мынадай формула бойынша пайдаланылады,
S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
S – салық кезеңінде шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы,
Р1, Р2 ... Рn – салық кезеңі ішінде бағамдауды жариялау күндерінде шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,
n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.
Шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1, Р2 ... Рn = (С1+С2)/2, мұнда:
Рn – «Юралс Средиземноморье» немесе «Датированный Брент» маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,
С1 – биржаның ашылуы кезіндегі «Юралс Средиземноморье» немесе «Датированный Брент» маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,
С2 – биржаның жабылуы кезіндегі «Юралс Средиземноморье» немесе «Датированный Брент» маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа ариф¬метикалық әлемдік бағасы.
Жер қойнауын пайдаланушы «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) маркасының белгілі бір стандартты сортына шикі мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикі мұнайды өткізуге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Өткізуге арналған шартта шикі мұнайдың стандартты сорты көрсетілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша жеткізілген шикі мұнай көлемін салық кезеңінде ең жоғары болып табылатын орташа әлемдік баға сортына жатқызуға міндетті.
4. Табиғи газға әлемдік баға «The Mcgraw-Hіll Companіes Іnс» компаниясының «Platts Crude Oіl Marketwіre» дереккөздерінде жарияланған ақпарат негізінде салық кезеңіндегі күнделікті бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. Осы дереккөзде табиғи газға бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, «Petroleum Argus» дереккөзі пайдаланылады.
5. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген кезде – осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде;
2) өндірген табиғи газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өнім бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде табиғи газдың 1 мың шаршы метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.
6. Шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдік құнын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
335-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін ставканы қолданады.
Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы тіркелген орны бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.
3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы ставкаларының өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасын есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.
Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:
Рет №
|
Жылдық өндіру көлемі
|
Ставкалар, %-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
250 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
7
|
2.
|
500 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
9
|
3.
|
1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
10
|
4.
|
2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
11
|
5.
|
3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
12
|
6.
|
4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
13
|
7.
|
5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
14
|
8.
|
7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
15
|
9.
|
10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
17
|
10.
|
10 000 000 тоннадан жоғары
|
20
|
Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 1)–3) тармақшаларында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген жағдайда белгіленген ставкаларға 0,5 төмендетілген коэффицент қолданылады.
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.
Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:
Рет №
|
Жылдық өндіру көлемі
|
Ставкалар, %-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда
|
0,5
|
2.
|
2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда
|
1,0
|
3.
|
2,0 млрд. текше м.-ден жоғары
|
1,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |