Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері



бет32/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

445-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері

Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.



446-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері

1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

447-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдері

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декла¬рацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем¬ақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

63-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВТЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

448-бап. Жалпы ережелер

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

2. Осы баптың мақсатында селолық тұтыну кооперативтеріне:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

3. Мыналардың:

1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;

2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;

3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;

4) құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;

5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып:

1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

4. Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүліктің есеп-қисабын бөлек жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.



449-бап. Салық кезеңі

Корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңі осы Кодекстің 148, 269, 363, 370, 392, 401, 482-баптарына сәйкес айқындалады.



450-бап. Қолдану шарттары

Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Салықтық өтініш арнаулы салық режимін қолдануға арналған өтініште көрсетілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі болып есептеледі.

Таңдап алынған салық салу режимі күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар салықтық өтінішпен бір мерзгілде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін табыс етеді.

Аталған құжаттар олардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелеріне құқықтар туындаған кезде жаңадан тапсырылады.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер арнаулы салық режимін қолдану үшін әділет органында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салықтық өтінішті табыс етеді.

Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етеді.

Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

Салық төлеушінің осы Кодекстің 448-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және салық төлеушінің осы бапта белгіленген мерзімдерде осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.



451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.

Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.

452-бап. Салық төлеу және салық есептілігін табыс ету мерзімдері

Бюджетке осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтар мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.



19-БӨЛІМ. БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР

64-тарау. ТІРКЕУ АЛЫМДАРЫ

453-бап. Жалпы ережелер

1. Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

2. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

3. Осы Кодекстің 583-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.



454-бап. Алым төлеушілер

Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.



455-бап. Салық салу объектісі

Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:

1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2) осы баптың 1) тармақшасында аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

456-бап. Алым ставкалары

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне негізделе отырып есептеледі және мыналарды құрайды:





Рет



Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Ставкалар

(АЕК)


1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

1.1

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

1.2.1.

қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

 

1.3.1.

мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

1.3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

1.4

заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін

0,25

2.

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін:

 

2.1.

дара кәсіпкерлерді тіркегені үшін

2

2.2.

дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,25

3.

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін:

 

3.1

мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін:

 

3.1.1.

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға

0,5*

3.1.2.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа

8*

3.1.3.

гараждарға

0,5*

3.1.4.

мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар):

 

3.1.4.1.

бір объект

10*

3.1.4.2.

екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер

15*

3.1.4.3.

алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер

20*

3.1.4.4.

оннан көп жеке тұрған объектілер

25*

3.2

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:

 

3.2.1.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін

1

3.3.

жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін

0,5*

3.4.

сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін

0,5

3.5.

кондоминиум объектісін тіркегені үшін

1

3.6.

ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін

0,25*

3.7.

құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін

0,25*

3.8.

жылжмайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін

0,25*

3.9.

құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін

0,25*

3.10.

 міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін

0,25*

3.11.

құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0,25*

3.12.

жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін

0,5*

3.13.

құқықтық талап етуді тіркегені үшін

0,25

3.14.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекетік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0

3.15.

республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін

0

3.16.

жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін

0

3.17

мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін

0

3.18

жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,25

4.

Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін

 

4.1.

жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін:

 

4.1.1.

жеке тұлғалардан

1

4.1.2.

заңды тұлғалардан

5

4.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеменің немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,5

5.

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін:

 

5.1.

сәулелік қуаты 10 мВт дейінгі радиоэлектрондық құралдарды қоса алғанда, сәулелік қуаты 200 мВт дейінгі ұялы және транкингтік байланыстың абоненттік құрылғыларын қоса алғанда, сәулелік қуаты 200 мВт дейінгі сымсыз радиоға қолжетімділік жүйелерінің абоненттік құрылғыларын қоса алғанда, радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиіліктегі құрылғыларын тіркегені үшін

0

5.2.

сәулелік қуаты 200 мВт-тен жоғары ұялы және транкингтік байланыстың абоненттік құрылғыларын, сәулелік қуаты 200 мВт-тен жоғары сымсыз радиоға қолжетімділік жүйелерінің абоненттік құрылғыларын, сондай- жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркегені үшін

2

5.3.

5.1 және 5.2-тармақтарда аталған радиоэлектрондық құралдарды қоспағанда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды тіркегені үшін

10

5.4.

радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың:

 

5.4.1.

осы кестенің 5.2.-тармағында көрсетілген

0,4

5.4.2.

осы кестенің 5.3.-тармағында көрсетілген

1

6.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

6.1.

мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін:

 

6.1.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

6.1.2.

теңіз кемелерін

60

6.1.3.

өзен кемелерін

15

6.1.4.

шағын флот кемелерін:

 

6.1.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

3

6.1.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

2

6.1.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.1.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

6.2.

мыналарды:

 

6.2.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

6.2.2.

теңіз кемелерін

30

6.2.3.

өзен кемелерін

7,5

6.2.4.

шағын флот кемелерін:

 

6.2.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.2.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1

6.2.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,75

6.2.5.

азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін

7

6.3.

мыналардың:

 

6.3.1.

механикалық көлік құралының немесе тіркеменің

0,25

6.3.2.

теңіз кемелерінің

15

6.3.3.

өзен кемелерінің

3,75

6.3.4.

шағын флот кемелерінің:

 

6.3.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі

0,75

6.3.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі

0,5

6.3.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелердіі

0,38

6.3.5.

азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

3,5

7.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

7.1.

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркегені үшін

11

7.2.

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркегені үшін

5

7.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

0,7

8.

Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

 

8.1.

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды тіркегені үшін

3

8.2.

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін:

 

8.2.1.

жеке тұлғалардан

2

8.2.2.

заңды тұлғалардан

3

8.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

2

9.

Мерзімдік баспа басылымы мен ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) үшін:

 

9.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

2

9.2.

өзге тақырыптағы

5

9.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

 

9.3.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

1,6

9.3.2.

өзге тақырыптағы

4

Ескерту:


* Жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды жылдамдатылған тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет