Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу



бет30/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53

400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.



401-бап. Салық кезеңі

1. Мүлік салығын есептеу және төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін айқындалады.

402-бап. Салық есептілігі

1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге міндетті.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге міндетті.

Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық есептілігін осы бапта белгіленген тәртіппен табыс етеді.

2. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

3. Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.

4. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

58-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ

403-бап. Салық төлеушілер

1. Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;

меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;

меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.

Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;

кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.

404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау

1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.

2. Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.

3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.



405-бап. Салық салу объектісі

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.



406-бап. Салық базасы

1. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:

Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,

Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір шаршы метрінің базалық құны,

S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің шаршы метрмен пайдалы ауданы,

К таб - табиғи тозу коэффициенті,

К функц - функционалдық тозу коэффициенті,

К айм - аймақтау коэффициенті,

К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.



2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:



Рет



Елді мекеннің түрі

Базалық құн, теңгемен

1

2

3

 

Қалалар:

 

1.

Алматы

30000

2.

Астана                  

30000

3.

Ақтау                                    

18000

4.

Ақтөбе                                          

18000

5.

Атырау                                          

18000

6.

Қарағанды                                       

18000

7.

Қызылорда                                     

18000

8.

Көкшетау                                     

18000

9.

Қостанай                                        

18000

10.

Павлодар                                        

18000

11.

Петропавл                                 

18000

12.

Талдыкорган

18000

13.

Тараз                                           

18000

14.

Орал                                            

18000

15.

Өскемен                                         

18000

16.

Шымкент                                         

18000

17.

Облыстық маңызы бар қалалар                     

12000

18.

Аудандық маңызы бар қалалар                      

6000

19.

Кенттер                                   

4200

20.

Селолар (ауылдар)    

2700

3. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:

Қ – салық салу мақсаты үшін құн,

Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша –25 процент, гараж бойынша – 15 процент,

S - тұрғын үйлердің салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,

К таб – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған табиғи тозу коэффициенті

К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,

К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтау коэффициенті.

4. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:

К таб = 1 - М таб, мұнда:

М таб - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы.

Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:

М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:

Т баз - салық есептелген жыл,

Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,

Н аморт - амортизация нормасы.

Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:



Рет



Күрделік тобы

Ғимараттың сипаттамасы

Н аморт %

Қызмет ету мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

1.

1

Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар;

0,7

143

2.

2

Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар

0.8

125

3.

3

Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды  немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар

1,0

100

4.

4

Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған  ғимараттар

2,0

50

5.

5

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар

3,3

30

6.

6

Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар

6,6

15

Егер тастан қаланған немесе тасымалы панелді тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.

5. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:

К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:

К қаб - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,

К бұр - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,

К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,

К жайл - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,

К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.

Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:





Рет



Қабат

К қабат

1

2

3

1.

Бірінші                    

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй 

1,00

3.

Соңғы

0,9

Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:



Рет



Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы  учаскесінде орналасуы

К бұр

1

2

3

1.

Бұрыштағы пәтер             

0,95

2.

Бұрышта орналаспаған пәтер немесе жеке тұрғын үй  

1,0

Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:





Рет



Қабырға материалы

 

Коэффициент

1

2

3

1.

Кірпіштен                        

1,1

2.

Керамзит бетон блоктардан  құралған 

1,0

3.

Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темірбетон панелден

1,0

5.

Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден

1,05

6.

Балшықтан - саманнан    

0,5

7.

Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған              

0,6

8.

Монолитты шлакты-бетонды

0,7

9.

Темiрбетон блоктардан            

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды 

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған         

0,75

12.

Кесiлген ағаштан                

0,85

13.

Шпалдан                         

0,75

14.

Шпалдан, кiрпiшпен қапталған    

0,95

15

Қамыс қаңқалы                   

0,6

Тұрғын үй-жайды, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектісін барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.

Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.

Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:





Рет №

Жылыту түрі

К жылу

1

2

3

1.

Орталықтан жылыту 

1,0

2.

Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту

0,98

3.

Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту  

0,95

4.

Пешпен жылыту 

0,9

6. Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын есепке алатын аймақтау коэффициентін (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды.

7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж.аек, мұнда:

ағ.ж. аек – мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш,

өткен ж. аек – мөлшері өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

8. Тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы тұрғын үй-жайлардың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.

9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық базасын әрбір объект бойынша дербес есептейді.



407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаның меншік құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша жеке тұлға осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды қолдана отырып, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 57-тарауында белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.

Мұндай үй-жайлар бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

408-бап. Салық ставкалары

Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:





1

2

3

1.

1 000 000 теңгеге дейін  қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 проценті

2.

1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың  0,08 процентi

3.

2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың             0,1 процентi

4.

3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың  0,15 процентi

5.

4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың           0,2 процентi

6.

5 000 000 теңгеден жоғары  6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000

теңгеден асатын соманың  0,25 процентi



7.

6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың             0,3 процентi

8.

7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың  0,35 процентi

9.

8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың            0,4 процентi

10.

9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың  0,45 процентi

11.

10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың            0,5 процентi

12.

50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың  0,75 процентi

13.

120 000 000 теңгеден жоғары

 


748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың               1 процентi



409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.

Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.

5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.

6. Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.

7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

8. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.

Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органы жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Салықтың жылдық сомасын салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.

9. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.



410-бап. Салық кезеңі

1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді

16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

411-бап . Төлеушілер

Мынадай:


1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.



412-бап. Салық салу объектілері

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.



413-бап. Салық ставкалары

Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне – айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.



414-бап. Салық кезеңі

Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.



415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

416-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:

1) казино қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматтары залы қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерін;

4) букмекер кеңсесі қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін құрайды.

417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.

3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.



418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.



17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);

4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.



420-бап. Төлеушілер

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

421-бап. Тіркелген салық салу объектілері

Мыналар:


1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5) карт;

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.



422-бап. Тіркелген салықтың ставкалары

1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:





Рет

 



Салық салу объектісінің атауы

 


Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

2. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.



423-бап. Салық кезеңі

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.



424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық айдың жартысы үшін деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.



425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.



18-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:

мыналарды:

патент негізінде арнаулы салық режимін;

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;

3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну коопертивтері үшін арнаулы салық режимі.

Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бірдей белгіленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.

2. Патент – төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

3. Патент нысанын уәкілетті орган белгілейді.

4. Патент жоғалған жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша телнұсқа беріледі.

5. Берілген патенттерді (патенттердің телнұсқаларын) тіркеуді салық органдары патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.

Тіркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет