36-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есепке жазылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
1) оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізуге құқылы.
2. Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімін өндіруді;
крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын заңды тұлғалар жатады.
3. Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бап қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі - қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының сомасынан асып кетуі 70 пайызға азайтылуға жатады.
3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережелерін күнтізбелік жылға кіретін барлық салық кезеңіне қолдануға міндетті.
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіретін заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, қосылған құн салығын есептейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың мақсаттары үшін қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеуші:
1) осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 266-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, қосылған құн салығы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептеуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
268-бап. Қосылған құн салығының ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
2. Осы Кодекстің 242 - 245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Осы Кодекстің 243 - 245-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғалар Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу арқылы немесе жиынтық кедендік төлем түрінде жүзеге асырылады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкаларының, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
4. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша - тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша - оларды сатып алған күні қолданыста болған ставкалары қолданылады.
269-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
270-бап. Салық декларациясы
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап, екінші бөлігі 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі өзінің мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етеді.
4. Осы Кодекстiң 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.
271-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Кодекстің 571-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетілген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салығын төлеушінің салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, оның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.
271-1-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін:
қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;
не өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салық міндеттемесін орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.
2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындауы кезінде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 235-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару декларацияны табыс еткен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына әрқайсысына қатысты қолданылады.
3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 263-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары оператордың дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару операторға жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына тапсырылды деп есептеледі.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.
37-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС
272-бап. Қосылған құн салығын қайтару
1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар:
272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 42-бабының редакциясында қолданылды
1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 273, 274-баптарында белгіленген тәртіппен есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуі (бұдан әрі - қосылған құн салығы бойынша асып түсуі);
2) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |