Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет50/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
237-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура осы Кодекстің 237-бабының 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейін бес жұмыс күнінен ерте емес және кешіктірілмей жазып берiледi.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:

заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен;

дара кәсіпкерлер үшін - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қол таңбасымен куәландырылады.

Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушылардың көріп-танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салық төлеуші жазып берген шот-фактураны оның шешімі бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.

Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті өкілдің атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкіл басшысының және бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады;



Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.

9. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.



Егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиіс.

10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазып беретін шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.

2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін бес күннен кешіктірілмей жазылады.

12. Шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны және қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.

13. Шот-фактура екі дана етіп жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға беріледі.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

14. Бұрын жазып берiлген шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, оларды берушi қателердi түзету мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактураның күшiн жояды және ол мынадай талаптарға:

1) бұрынғы нөмiрлерi мен жазып берiлген күнi көрсетiле отырып, осы Кодекстiң 263-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестiгiне;

2) шот-фактурада бұрын жазып берiлген шот-фактураны түзету күнiнiң көрсетiлуiне;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрiмен куәландырылуының болуына;

мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жiберуiне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиiс түзетiлген шот-фактура жазып бередi.

Осы Кодекстiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

Осы тармақты қолдану мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактурадағы:

 тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң және (немесе) сатып алушының сәйкестендiру нөмiрiн;

берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрiн өзгерту және (немесе) толықтыру тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыру болып танылмайды.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:

1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;

2) әуе көлігінде берілетін электрондық билетті қоспағанда, жолаушы тасымалдау жол жүру билетімен ресімделген;

3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;

4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;

5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда



16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адам арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.

Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:



жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты

немесе

жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.

16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсаттарында шот-фактураны жазып беру:



1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактуралар айналым жасалған күннен кешірек жазып берілген кезде шот-фактураны жазып беру күнімен қатар көрсетілетін қызметтерді беруші айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;

2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша жүзеге асырылады.

17. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 235-бабында белгіленген.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 18-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

18. Комиссия шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады. Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.

Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерін ескере отырып, жазып береді:

қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжат. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.

Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде көрсетіледі.

Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 19-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

19. Тапсырма шартына сәйкес келетiн талаптармен өткiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алушыға шот-фактураны жазып берудi сенім бiлдiрушi (осы Кодекстiң 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - сенім бiлдiрiлген адам) осы бөлiмде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмау орын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:



1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактураны жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) қамтылуға тиiс;

2) мүлiктi қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.

21. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың жеткізуші (сатып алушы) ретіндегі деректемелерін көрсете отырып, осы баптың талаптарына сәйкес жазып беріледі.

 

264-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.

Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.

Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.

2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшері көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.



Шот-фактурада:

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын қамтитын айналым көрсетіледі.

Көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақының экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшеріне қосылатын сомасы шот-фактурада бөлек жолмен жазып көрсетілуге тиіс.

3. Экспедитор шот-фактураны екі дана етiп жазып бередi.



Шот-фактураның бiрiншi данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа берiледi.

Көлік экспедициясы шартының шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжат қоса берілетін шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.

Шот-фактураға қоса берілетін құжатта мынадай ақпараттық деректер:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;

2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;

4) егер тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;

5) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны бөлек көрсетіледі.

4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.



 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 265-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 265-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен қосымша шот-фактураны мынадай:



1) осы Кодекстiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерi түзетiлген;

2) бір мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес болған:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны осы Кодекстiң 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;

шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған жағдайларда жазып бередi.

2. Қосымша шот-фактурада:



1) қосымша шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және оның жазып берiлген күнi;

2) қосымша шот-фактура жазып берiлетiн шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және жазып берiлген күнi;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендiру нөмiрi;

4) қосылған құн салығының ставкасы;

5) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;

6) қосылған құн салығының түзетiлген сомасы көрсетiледi.

3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi жазып бередi және аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы растайды.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет