Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.
Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
5. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады.
5-1. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезінде ұстайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.
Табыс салығын осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептейтін резидент еместер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 196-1 және 205-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетін табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына резидент еместің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте резидент емес үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.
12. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
198-бап. Салық салынатын табысты анықтау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодекстiң осы бабында және 200-бабында өзгеше белгiленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң осы бабының және 83 - 149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай:
1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден;
2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:
1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;
2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;
3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;
4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Резидент емес кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.
6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;
2) резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
3) осы резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;
4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
5) құжатпен расталмаған шығыстар;
6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.
199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.
Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс алу
осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген ставканы осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 200-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі
1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi біреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтiк табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң бірi арқылы оның тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есептi салық кезеңiнiң алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей:
1) уәкiлеттi органды - тұрақты мекемелердiң қайсысы корпоративтiк табыс салығын есептеудi және төлеудi жүргiзетiнi туралы;
2) тұрақты мекемелерi орналасқан жердегi салық органдарын - таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң барлық тұрақты мекемелерi бойынша бюджетке салық төлеудi жүргiзетiнi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.
Бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледi.
Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң орналасқан жерi бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерiнiң бүкiл тобы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиiс.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетiлген табыстарды төлеудi жүзеге асыратын салық агентi бір мезгiлде:
1) резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкiлдiгiмен, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшарт болмаған;
2) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша филиал, өкiлдiк ашпай резидент емес заңды тұлғаның филиалы, өкiлдiгi, тұрақты мекемесi жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетiлген табыстардан корпоративтік табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмай жүргiзедi.
Салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұстаған корпоративтік табыс салығы аталған резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемелерiн өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.
Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентiнiң салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.
Осы тармаққа сәйкес резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесi он салық кезеңiне ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын біртiндеп азайтады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |