Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет103/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
502-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелер мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін салмағын) негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Қазақстан Республикасында аң аулаған кезде шетелдіктер үшін төлемақы сомасы белгіленген мөлшерлемелерге және 10 коэффициентіне көбейтілген жануарлар саны (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағы) негізге алына отырып есептеледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алу орны бойынша бюджетке төленедi. Төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен рұқсат алғанға дейiн жүргiзiледi.

3. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

 

73-тарау. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

503-бап. Жалпы ережелер

1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршіктерін) дайындау;

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсемдері мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін:



мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары;

аңшылық шаруашылығы қажеттері;

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



6) ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердің егілетін материалын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленеді.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілетін ағаш кесу билеті мен орман пайдалану билетінің (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде беріледі.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер: жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғат қорғау мекемелері; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.

 

504-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Мемлекеттік орман иеленушілер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.



 

505-бап. Салық салу объектісі



Мыналарды:

1) көшеттердің құрамы мен нысанына күтім жасау үшін кесуді, сондай-ақ оның жас талдарының толықтығын реттеуді (жарықтандыру, тазарту) және құндылығы шамалы ағаш көшеттерін қайта жөндеуге және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесуді жүзеге асыру кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін қоспағанда, пайдалануға берілетін орман пайдаланудың көлемі және (немесе) мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектісі болып табылады.

 

506-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Түбірiмен босатылатын сүрек үшiн төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып, тығыз бір текше метр үшiн айқындалады және мыналарды құрайды:

 


Рет



Ағаш-бұта тұқымдастарының

атаулары


Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)

Қабықты отындық сүрек (АЕК)

ірі (25

см және


одан жуан)

орташа

(13-тен


24 см-ге

дейін)


ұсақ

(3-тен


12 см-ге

дейін)


1

2

3

4

5

6

1.

Қарағай

1,48

1,05

0,52

0,21

2.

Шренке шыршасы

1,93

1,37

0,68

0,27

3.

Сібір шыршасы, майқарағай

1,34

0,95

0,48

0,16

4.

Самырсын

1,19

0,85

0,41

0,15

5.

Балқарағай

2,67

1,91

0,93

0,23

6.

Ағаш тектес арша

1,79

1,26

0,63

0,27

7.

Емен, шаған

2,67

1,91

0,93

0,41

8.

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,60

0,42

0,21

0,14

9.

Сексеуіл

 

 

 

0,60

10.

Қайың

0,69

0,48

0,23

0,16

11.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,52

0,37

0,18

0,11

12.

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ

3,24

2,32

1,15

0,35

13.

Өрік, аққараған, алша, долана, шие,

жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

1,90

1,35

0,68

0,23

14.

Ағаш тектес арша, самырсын

 

 

0,34

0,18

15.

Жыңғыл

 

 

0,3

0,25

16.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар

 

 

0,19

0,12

 

3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:



1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

10 км-ге дейін - 1,30;

10,1 - 25 км - 1,20;

25,1 - 40 км - 1,00;

40,1 - 60 км - 0,75;

60,1 - 80 км - 0,55;

80,1 - 100 км - 0,40;

100 км-дан астам - 0,30;

Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

жазық бедер - 1,1;

жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

таулы бедер - 1,5;

2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;

3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;

4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі мөлшерлемесінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.



 

507-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері:

сүректі түбірімен босатқан кезде - осы Кодекстің 506-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып;

орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде - орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып айқындалады.

3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісі орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:

1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде - орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;

2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде - рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;

3) түбірімен босатылатын сүрек үшін - жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленеді.

4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.

5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 506-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.

7. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда бюджетке есептелетін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

8. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің сәйкестендіру нөмірі қойылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша оның мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оның төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.

 

 



74-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ  ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

508-бап. Жалпы ережелер

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.

2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет