Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред



бет93/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126
Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 445-бап өзгертілді

445-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері

Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз  мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

 

446-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу  ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу  есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.



 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бірінші бөлік жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 447-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



447-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық декларациясын табыс ету мерзiмдерi

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.



Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 



2010.21.01. № 242-IV Заңымен 63-тараудың тақырыбы өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

63-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін ӨНДІРУШІ ЗАҢДЫ  ТҰЛҒАЛАР МЕН СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВТЕРІ  ҮШІН  АРНАУЛЫ  САЛЫҚ РЕЖИМІ

 

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 448-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



448-бап. Жалпы ережелер

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі);

оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режімін таңдау кезіңде ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы режімді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режім кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданады.

Арнаулы салық режимі корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режімі:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;

мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), омарта шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

2) селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өткізу;

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

Осы тармақтың талабы омарта шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қолданылмайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың мақсатында селолық тұтыну кооперативтеріне:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

Осы баптың мақсатында қолданылатын жылдық жиынтық табыс:

1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;

2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.

Егер осы арнаулы салық режимін қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттар орындалмаса, салық төлеуші:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

3. Мыналардың:

1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның; 

2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;

3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін үлестес тұлға болып:

1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 449-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



449-бап. Салық кезеңi

Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 450-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 450-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-IV Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);  2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 450-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 450-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



450-бап. Қолдану шарттары

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.

Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режімiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.



Бұл ретте:

1) жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер үшін - әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні;

2) жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.

2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеушi қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны ұсынуға міндеттi.



Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама тапсырылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.

3. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, салық төлеушi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына ұсынады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.



Бұл ретте:

1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.

4. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде осы салық төлеушіні жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.



Бұл ретте, сәйкес келмеу фактiсi камералдық бақылау барысында анықталған жағдайда, салық органдары салық төлеушiге жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануды бастау күні болып табылады.

5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушiнiң жалпыға бірдей белгіленген тәртіп немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастаған күннен бері алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 451-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет