Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред



бет101/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126
Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 


Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлем ақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

2,23

2.

Көміртегі тотықтары

0,73

3.

Метан

0,04

4.

Күкірт диоксиды

10

5.

Азот диоксиды

10

6.

Күл

12

7.

Күкіртті сутегі

62

8.

Меркаптан

9966

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

Рет



Отын түрлері

Пайдаланылған отынның

1 тоннасы үшін мөлшерлеме

(АЕК)


1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24

 

5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:



 

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері

(АЕК)


1

2

3

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:

 

 

1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,19

 

1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:

 

 

1.2.1.

«қызыл» тізім

7

 

1.2.2.

«жақұт» тізім

4

 

1.2.3.

«жасыл» тізім

1

 

1.2.4.

сыныпталмағандар

0,45

 

1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:

 

 

1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):

 

 

1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,002

 

1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,013

 

1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,01

 

1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,019

 

1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,019

 

1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,33

 

1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,001

 

2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):

 

 

2.1.

Трансуранды

 

0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті

 

0,19

2.3.

Бета-радиоактивті

 

0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер

 

0,19

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды



6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК-ті құрайды.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Мынадай коэффициенттер:

1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:

2-тармақта - 0,3 коэффициенті;

5-тармақта - 0,43 коэффициенті;

6-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;

2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.

8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген  мөлшерлемелерді екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.

Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10. Осы бапта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.

 

496-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерін және белгіленген мөлшерлемелерді негізге ала отырып дербес есептейді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Рұқсат құжаты осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.

5. Төлемақы төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушілерді қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.

6. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

497-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

498-бап. Салық есептілігі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.

Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.

2. Төлемақы төлеушілер декларацияны, осы баптың 3 және 5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін ресімделген жағдайда, аталған төлеушілер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

5. 2014.28.11. № 257-V ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет