§ 1. Мемлекеттік баж
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 532-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
532-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж - мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.
2. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша салық органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы ақпарат ұсынады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 533-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
533-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
534-бап. Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;
2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 539-бабында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мемлекеттік бажды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - ЕАК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі.
535-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы мөлшерлемелері
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшін - талап қою сомасының 1 пайызы;
заңды тұлғалар үшін - талап қою сомасының 3 пайызы;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 30 пайыз;
3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 500 пайыз;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы;
заңды тұлғалар үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 пайыз.
Некені бұзған кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
6) белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан - осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) тұрғын үйлерді жалға алу шартын өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 пайыз;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз;
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) аралық сот шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердiң күшін жою туралы өтінішхаттардан Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы қуыным арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы қуыным арыз берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен - 50 пайыз;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесінің 50 пайызы;
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарын беру туралы арыздардан - 500 пайыз;
12) сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (телнұсқаларды), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан - әрбір құжат үшін 10 пайыз, сондай-ақ әрбір дайындалған бет үшін 3 пайыз;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан - 500 пайыз;
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) мүліктік және мүліктік емес сипаттағы даулар үшін соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдардан және өтінішхаттардан - мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - арыз иесі дауласатын сома негізге алына отырып есептелетін мемлекет баж мөлшерінің елу пайызы.
2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.
536-бап. Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшерлемелері
Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 1000 пайыз;
құны 30 айлық есептік көрсеткішке дейін:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 100 пайыз;
басқа адамдарға - 300 пайыз;
құны 30 айлық есептік көрсеткіштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 500 пайыз;
басқа адамдарға - 700 пайыз;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 пайыз;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 100 пайыз;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 50 пайыз;
басқа адамдарға - 70 пайыз;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 700 пайыз;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 200 пайыз;
басқа адамдарға - 500 пайыз;
4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік, неке келісімшарттары, ортақ меншіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін - 500 пайыз;
5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшін - 200 пайыз;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшін - 100 пайыз;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әр куәлікке 100 пайыз;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті бергені үшін - 100 пайыз;
9) мүлікті пайдалану мен иелену құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 50 пайыз;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 100 пайыз;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 200 пайыз;
12) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін:
жеке тұлғалар үшін - 10 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - 50 пайыз;
13) мұрагерлік мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін - 100 пайыз;
14) теңіздік наразылық білдіргені үшін - 50 пайыз;
15) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне):
жеке тұлғалар үшін - 5 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - 10 пайыз;
16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 3 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - 10 пайыз;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға бергені үшін - 20 пайыз;
18) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін - 20 пайыз;
19) телнұсқа бергені үшін - 100 пайыз;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 10 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - 50 пайыз;
21) жылжымайтын мүлік кепілі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшін - 200 пайыз; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін - 700 пайыз;
22) вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін - 50 пайыз;
23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін - әр айға 10 пайыз;
24) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін - 50 пайыз;
25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасағаны үшін - 20 пайыз.
Достарыңызбен бөлісу: |