Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет6/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

27) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;

28) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды



28-1) мемлекеттік кіріс органы - өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;

30) роялти - мыналар үшін:



пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) тармақша өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



31) салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға;

32) салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;

33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;

34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35) салық төлеуші - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;

37) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;

38) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;



2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39) тармақша өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39) сыйақы - мыналарға:

кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;

39) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады

кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;

кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;

қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер, оның ішінде:

мұндай мүлік алынған (берілген) құнды,

қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді,

лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, осындай шартқа байланысты өзара байланысты тарапқа берілетін төлемдер;

салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;

сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;

дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша;

вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;

репо операциялары бойынша - репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі;

исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер.

Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы болып танылады;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

39-1) туроператордың көрсетілетін қызметтері - Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері;

40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады.



Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, пайыздық мөлшерлемелер және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкін;

41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент  заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 41-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

42) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде белгіленген өздерінің құзыреті шегінде осы Кодекске сәйкес салық органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

43) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

44) ұтыстар - салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар;

45) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімнің негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

45-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылады;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ 46) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

46) оператор - өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ 47) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

47) тауарлардың импорты - Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)



1-1. Осы Кодекстің мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:

1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылады;

2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады;

3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы;

4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;

5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;

6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады;

7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленеді, пайдаланады, оған билік етеді;

8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;

9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.

Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсініледі.

Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болып табылады.

2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының осындай банктің басқару органына қатысуы өзара байланыстығының жалғыз негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.

Төртінші бөлік 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.

3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.



 

 

2-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК



 

13-бап. Салық төлеушінің құқықтары

1. Салық төлеуші:

1) салық органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға;

3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;

5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;

6) салық органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;

7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет