бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама алуға;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
8-1) сауал бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;
9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
12) осы Кодекске сәйкес салық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындаудың осы Кодексте көзделген тәртіптерінің бірін таңдауға құқылы.
2. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
14-бап. Салық төлеушінің міндеттері
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеуші:
1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
3) нұсқама негізінде салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт жасалған жағдайда, салық органдарының талап етуі бойынша мұндай шартты және салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осы Кодекске сәйкес салық органдарына табыс етуге;
4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың, тұрақты мекеменің, бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына (осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарлардың (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алынатыны туралы салық органдарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) салық органдарын мынадай жағдайларда:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етуге міндетті.
2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
15-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Салық агентінің, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады.
2. Салық агенті сондай-ақ:
1) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге;
2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға және оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке аударуға;
3) салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін жүргізуге, оның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге;
4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.
3. Салық агенті осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
16-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау
1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
17-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.
Осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған кезеңде осындай салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс еткен жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушi (салық агентi) салық органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) уәкiлеттi өкiлi болып танылады.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) - жеке тұлғаның, оның iшiнде дара кәсiпкердiң уәкiлеттi өкiлi нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай салық төлеушi (салық агентi) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестiрiлген сенімхат негiзiнде әрекет етедi, онда өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) - заңды тұлғаның не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң уәкiлеттi өкiлi мұндай салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құрылтай құжаттары және (немесе) оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген сенімхаты негiзiнде әрекет етедi, онда өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде берген өкілеттіктері шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1-бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде салық қатынастарына оператор арқылы қатысу
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастардағы оператордың өкілеттігі, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес айқындалады.
3. Осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық міндеттемелерін орындаған кезде, оператор осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады, сондай-ақ оған осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген салық әкімшілігін жүргізудің тәртібі қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуына байланысты осы жер қойнауын пайдаланушылардың атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша жасалған оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) осындай жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Салық органдары. Салық органдарының басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 18-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Салық органдарының міндеттері мен жүйесі
1. Салық органдарының міндеттері:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының салық органдары өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - салық органдары) болып табылады.
Салық органдарының жүйесі уәкілетті органнан және уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелерінен тұрады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда, осы аймақтардың аумағында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құрылуы мүмкін.
Салық органдарының уәкілетті орган бекіткен кодтары бар.
3. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
5. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
6. Салық органдарының рәмiзi болады. Салық органдары рәмiзiнiң сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.
19-бап. Салық органдарының құқықтары
1. Салық органдары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлiк және салық есептерiн автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент - салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін
Достарыңызбен бөлісу: |