Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет96/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргізіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.

5. Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сәйкестендіру нөмірі қойылады.

6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.

7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

 

66-тарау. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ



 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 463-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



463-бап. Жалпы ережелер

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.



 

464-бап. Алым төлеушілер



Аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

 

465-бап. Алым алу объектісі

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген құны алым алу объектісі болып табылады.

2. Мыналардан:

1) мемлекеттік мүлік объектілерін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан;

3) мыналарды:



салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті сату;

салық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынған мүлікті сату;

соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлігінде мамандандырылған ашық аукциондардан;

4) мыналарды:



соттардың атқарушы құжаттарының негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;

белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;



белгіленген тәртіппен мемлекетке өткен мүлікті сату жөніндегі аукциондардан;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;

7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;

2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) бағалы қағаздарды сату жөніндегі аукциондардан;

2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 466-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



466-бап. Алым мөлшерлемесі

Алым мөлшерлемесі 3 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

 

467-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлеушілер алым сомасын салық салу объектісіне мөлшерлеме қолдану арқылы дербес есептейді.

2. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

468-бап. Салық декларациясы

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзі орналасқан жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.

2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан ішінде өткізілген аукциондар бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

 

 



67-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ  ҚҰҚЫҒЫ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ

 

469-бап. Жалпы ережелер

1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.

2. Лицензиялар беруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

3. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

 

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 470-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



470-бап. Алым төлеушiлер

Осы Кодекстің 472-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алатын, сондай-ақ лицензия алған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

 

 



2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 471-бап өзгертілді

471-бап. Алым мөлшерлемелері

Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып белгiленедi және мыналарды құрайды:

 


Рет №

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым мөлшерлемелері, АЕК-пен

1

2

3

1.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері:

 

1.1.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.2.

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін (технологиялық) жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін (технологиялық) жобалау, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану

10

1.3.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.4.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.5.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.6.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

10

1.7.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.8.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі

10

1.9.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау

100

1.10.

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

50

1.11.

Радиоактивті заттармен, радиоактивті заттары бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

10

1.12.

Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

5

1.13.

Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну

5

1.14.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

50

1.15.

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

50

1.16.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

10

1.17.

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау

10

1.18.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау

5

1.19.

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою

10

1.20.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану

10

1.21.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.22.

Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау

3

1.22-1.

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет

6

1.23.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.24.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

20

1.25.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.26.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру)

9

1.27.

Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу

20

1.28.

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету

20

1.29.

Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ- дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу

22

1.30.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу

22

1.31.

Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу

22

1.32.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.33.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау

10

1.33-1.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу

3

1.34.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану

10

1.34-1.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу

3

1.35.

Ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызмет

186

1.36.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.37.

Байланыс саласында қызмет көрсету

6

1.38.

Білім беру қызметі

10

1.39.

Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет

6

1.40.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.41.

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.42.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.43.

Медициналық қызмет

10

1.44.

Фармацевтикалық қызмет

10

1.45.

 

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 



1.45-1

1.45-2

1.45-3

1.45-4

1.45-5

1.46.

Адвокаттық қызмет

6

1.47.

Нотариат қызметі

6

1.47-1.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

6

1.48.

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда)

6

 


1.49.

Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау

6

1.50.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.51.

Аудиторлық қызмет

10

1.52.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету

50

1.53.

Лотерея ұйымдастыру және өткізу

10

1.54.

Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы

6

1.55.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.56.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.57.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.58.

Туроператорлық қызмет

10

1.59.

Ветеринария саласындағы қызмет

6

1.60.

Сот-сараптама қызметі

6

1.61.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру

10

1.62.

Банк операциялары

80 (40)*

1.63.

Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар

80

1.64.

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет

50

1.65.

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет

50

1.66.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

20

1.67.

Сақтандыру брокерінің қызметі

30

1.68.

Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет

5

1.69.

Брокерлік қызмет

30

1.70.

Дилерлік қызмет

30

1.71.

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1.72.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет

30

1.73.

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1.74.

Кастодиан қызметі

30

1.75.

Трансфер-агенттік қызмет

10

1.76.

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.77.

Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі

40

1.78.

Кредиттік бюроның қызметі

40

1.79.

Іздестіру қызметі

10

1.80.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

10

1.81.

Жобалау қызметі

10

1.82.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.83.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.84.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау

10

1.85.

Этил спиртінің өндірісі

3 000

1.86.

Сырадан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі

3 000

1.87.

Сыра өндірісі

2 000

1.88.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

1.88.1

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін:

 

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

аудандық маңызы бар қалаларда және

70

кенттерде ауылдық елді мекендерде

30

1.89.

Темекі бұйымдарын өндіру

500

1.90.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.91.

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

1.92.

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.93.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1.94.

Ойын бизнесі саласындағы қызмет:

 

 

казино мен ойын автоматтары залы үшін жылына

3 845

1.95

Тауар биржалары саласындағы қызмет:

 

 

 


тауар биржасы үшiн

10

биржа брокерi үшiн

5

биржа дилерi үшiн

5

 

тотализатор мен букмекерлік кеңсе үшін жылына

640

2.

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері:

 

2.1.

тауарлардың экспорты мен импортына лицензияның телнұсқасын беруді қоспағанда, барлық қызмет түрлері үшін

лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100%-і

2.2.

тауарлардың экспорты мен импортына

1

3.

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер:

 

3.1.

тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензиялардың барлық түрлері үшін

лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-і, бірақ 4 АЕК-тен артық емес

3.2.

тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет