Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату



Pdf көрінісі
бет124/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

77- 
6 а п. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 
Айыптау үкімі белгілі бір себептермен орындалмай қалуы да мүмкін. Мұндай жагдайларда оны 
орындаудың мерзімі ескіреді. Мерзімі ескірген айыптау үкімі орын- далмайды. Ал кінэлі адамдар 
қылмыстык күқык бүзушылык үшін жазадан босатылады. 
Айыптау үкімінің орындалмай қалуының себептері сан түрлі. Мысалы, сот кызмет- керлерінщ 
салақтыгынан, үкімнің тиісті органға орындаушыға жіберілмей калуы, кылмысты істің жоғалуы, 
үкімді орындауды жүзеге асыратын органның ұкыпсыздыгынан оның орындалмай қалуы немесе 
сотталған адамның жаза өтеу мекемелеріне жіберіл- мей калуы сияқты мәселелерден туындайды. 
Көп жағдайларда айыптау үкімі сотталған адамның жазасын өтеуден бой тасалап, жалтаруынан 
орындалмай қалады. 
Айыптау үкімі екі түрлі жағдайдың жиынтығы негізінде орындалмайды; 
біріншісі, заңда белгіленген нақты мерзімнің өтуіне байланысты; 
екіншісі, осы көрсетілген мерзім ішінде сотталған адам жазаны өтеуден бұлтармаса. 
Қылмыстык кодекстің 77-бабы айыптау үкімін орындаудың мерзімін ескіруі жөнінде белгілі бір 
мерзім белгілеген. 
1. Қылмыстық кұқық бұзушылық үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне 
енген күнінен бастап есептегенде: 
1) қылмыстық теріс қылык үшін сотталғанда - бір жыл; 
2) онша ауыр емес қылмыс үшін сотталганда - үш жыл; 
3) ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталганда - алты жыл; 
4) ауыр қылмыс үшін сотталғанда - он жыл; 
5) аса ауыр қылмыс үшін сотталғанда он бес жыл мерзімде орындалмаган болса, жа- заны 
өтеуден босатылады. 
2. Қылмыстық теріс кылықтар бойынша ескіру мерзімінің өтуі, жаңа кылмыстық құкык 
бұзушылыктың жасалуына қарамастан, токтатыла тұрмайды жэне үзілмейді. 


228 
3. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуі 
тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуі адам ұсталған немесе айыбын мойындап 
келген кезден басталады. Сотталган адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өтіп кеткен 
ескіру мерзімі есепке алынуға жатады. Бұл ретте айыптау үкімі, егер оның шығарылган уақытынан 
бастап жиырма бес жыл өткен болса жэне ескіру мерзімі жаңа кылмыс жасау арқылы үзілмеген 
болса, орындала алмайды. Жазаны өтеу кейінге калдырылган жагдайда, ескіру мерзімінің өтуі 
кейінге қалдыру мер- зімі аяқталғанга дейін тоқтатыла тұрады. 
4. Егер адам осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер өткенге дейін жаңадан 
қасақана қылмыс жасаса, кылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жагдайларда 
ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап кайта басталады. 
5. Өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандыгынан айыруга сотталған адамга ескіру 
мерзімін колдану туралы мэселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, 
өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруга ауысты- рылады, ал өмір бойына бас 
бостандыгынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. 
Қылмыстық кодекстің осы бабының талабына сәйкес, айыптау үкімінің ескіру мер- зімі істелген 
қылмыстың немесе оның санкциясында белгіленген жазаның ауырлығына қарай емес, үкім бойынша 
накты тагайындалган жазаның ауырлығына қарай белгіленеді. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі егер 
сотталган адам жазаны өтеуден бұлтарса, үзіледі. Мұндай ретге ескіру мерзімі сотталған адамның 
жазаны өтеуге айыбын мойындап өзі келген я ұсталған күннен бастап қаита жаңғыртылады. 
Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл 
орайда айыптау үкімі егер оның шығарылган уақытынан бастап 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі 
жаңа қылмыс жасау аркылы үзілмеген болса, орындалмауы керек. Жазаны өтеуден бұлтарудың өзі 
кінәлінің істеген кылмысынан тиісті қорытынды шығармагандыгын, жазаның алга койган 
максаттарын мойындамагандығын көрсетеді. Сол себепті де мұндай адамдардың тагайындалган 
жазаны накты түрде өтеуі жөн болады. 
Егер адам осы 77-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан касакана кылмыс 
жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мүндай жағдайда ескіру мерзімінің өтуі жаңадан кылмыс жасаган 
күннен бастап кайта есептеледі (77-бап, 4-бөлігі). Қылмыстық кодекстің 
77- 
бабының 4-бөлігіне сэйкес, өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандыгынан айыруга 
сотталган адамга ескіру мерзімін қолдану туралы мэселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін 
қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандыгынан айыруга ауыстырылады, ал 
өмір бойы бас бостандыгынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. 
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, 
террористік кылмыстар, экстремистік кылмыстар, азаптаулар, жас балаларға жыныстық 
тиіспеушілікке карсы кылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялык қүрылысы 
негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында аса ауыр кылмыстар 
жасаганы үшін сотталган адамдарга ескіру мерзімдері қолданылмайды (ҚК-тің 77-бабы, 4-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет