78-
6 а п. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату
Қазакстан Республикасының 2014 жылы қабылданган жаңа Қылмыстық кодексінің
78-
бабында:
1. Рақымшылық жасау туралы актіні Қазакстан Республикасының Парламенті жеке- дара
айқындалмаган адамдар тобына қатысты шығарады.
2. Қылмыстық теріс кылык немесе онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа кылмыс жасаған
адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қыл мыстык жауаптыл ықтан босатылуы
мүмкін. Қылмыстык теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс
жасағаны үшін сотталган адамдар жазадан босатылуы мүмкін не оларга тагайындалған жаза
229
кысқартылуы немесе жазаның негүрлым жеңіл түрімен ауыстыры- луы мүмкін, мүндай адамдар
жазаның косымша түрінен босатылуы мүмкін. Ауыр неме- се аса ауыр қылмыс жасағаны үшін
сотталған адамдарға тағайындалған жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе
оны одан эрі өтеуден босатылған адамдар- дан ракымшылык жасау туралы актімен сотталгандығы
алып тасталуы мүмкін.
Террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, жас балаларға жыныстық
тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған, сондай-ақ қылмыстардың кайталануы немесе
кылмыстардың кауіпті қайталануы кезінде жаза тагайындалган адамдарға ракымшылық жасау
туралы акт қолданылмайды.
3. Өзіне катысты айыптау үкімі заңды күшіне енген белгілі бір жеке-дара айқындалган адамга,
сол сиякты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалган жазаны Қазақстан
Республикасының аумагында өтеп жатқан не өтеген адамга кешірім жасау ту- ралы актіні Қазақстан
Республикасының ГІрезиденті шығарады.
4. Қылмысы үшін сотталган адам кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден бо- сатылуы
мүмкін не оган тагайындалған жаза кысқартылуы немесе жазаның негүрлым жеңіл түрімен
ауыстырылуы мүмкін, мұндай адам жазаның косымша түрінен босатылуы мүмкін. Жазасын өтеген
немесе оны одан әрі өтеуден босатылган адамдардан кешірім жасау актісімен сотталғандыгы алып
тасталуы мүмкін.
Қазакстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 6-тармагына сэйкес, Республи- ка
Парламенті адамдардың жеке айкындалган тобы жоніңде рақымшылық туралы зан шыгаруга
кұкылы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес, белгілі бір жеке
адамға ол жөнінде айыптау үкімі занды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні
Қазақстан Республикасының Президенті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Ракымшылық жэне кешірім беру Қазакстан Республикасы Жоғаргы өкімет органдарының
актілері болып табылады. Бүл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген
қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ак қылмыстык жауаптылықты немесе жазада немесе
оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты жэне кешірім
беруді қолданудың өзі мемлекеттің із- гілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс істеген
адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіруі болып табылады.
Ракымшылык актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерейтойларға байланысты
қабылданады. Мыса- лы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдануына байланысты «Рақымшылық ту-
ралы» заңы қабылданса, 1994 жылы 5 қазанда «Халықаралык отбасы жылына байланыс- ты
рақымшылық туралы», 1996 жылы 15 маусымда «Қазакстан Республикасының жаңа
Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы», 1999 жылы 13 шілдеде
«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жа- сау туралы», 2000 жылы
29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік еге- мендігі туралы Декларацияның
қабылдануының 10 жылдығына, 2001 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы азаматтарының ақша
қаражатын жария етуіне, 2002 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы егемендігінің 10
жылдығына, 2006 жылгы 9 каңтарда Қазакстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге
байланысты ракымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының зандары қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы занда көрсетілген
істеген қылмысының қашан белгілі болғанына карамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға
жататын адамдар жөніңде қолданылады.
1991 жылгы 16 ақпандагы рақымшылык актісі бойынша тагайындалган жаза- лау мерзіміне
қарамастан, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен
байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: Отанды қоргау жөніндегі жауынгерлік іс-
230
қимылдарға катысқандар; б) КСРО ордендері- мен жэне медальдарымен наградталғандар; в) I және
II топтагы мүгедектер; г) кэмелетке толмаган балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60
жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылды.
1994 жылгы 5 қазандағы рақымшылык актісі бойынша, біріншіден, бас бостандыгынан айыру
түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза- дан тагайындалған
жаза мерзіміне қарамастан, бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияла- рында ұсталмаган (тағайындалған
жаза мерзіміне карамастан) кәмелетке толмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас
бостандыгынан айыруга сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталган кэмелетке
толмагандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар; I жэне II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ак
жүкті әйелдер; әскери жэне интернационалдык борышын орындау кезінде қазатапқан әскери
қызметкерлердің жесір- лері; соғыс мүгедектерінің жэне соларга теңестірілген адамдардың әйелдері,
үшіншіден, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-
ақ соларға тенестірілген адамдар; 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан аскан эйелдер, I және II
топтағы мүгедектер, балаларының анасы қаитыс болған немесе ата-аналық құқықтан айырылған, 16
жасқа дейінгі балалары бар еркектер босатылды.
Рақымшылық актісі қылмыстық жауаптылыктан жэне жазадан босатуы мүмкін. Мысалы, 1994
жылғы 5 қазандағы «Рақымшылық жасау туралы» Заи осы заңның
1-
3-баптарындагы қылмыстарды 1997 жылдың 5 казанына дейін істеген адамдарды қылмыстық
жауаптылықтан босатты. Рақымшылық актісі негізгі немесе қосымша жаза- данда босатуы мүмкін.
Мысалы, 2006 жылғы 9 қантардағы рақымшылык заңының 1-ба- бына сэйкес ауыр емес жэне орташа
қылмыстар үшін сотталған:
1) кәмелетке толмағандар;
2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I жэне II топтардагы мүгедек балалары бар
эйелдер, сондай-ак жүкті әйелдер;
3) I жэне II топтардағы мүгедектер;
4) зейнет жасына жеткен эйелдер мен ер адамдар жазадан босатылды.
Осы Заңның 1-бабының қолданылу аясына жатпайтын, ауыр емес жэне орташа ауыр қылмыстар
үшін сотталған адамдар, егер олар тагайындалған жаза мерзімінің кемін- де үштен бірін өтеген болса
(2-6.), осы Заңның 1-бабында аталған, ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар, егер олар
тағайындалган жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса (З-б.), осы Заңның 1, 2, 3-
баптарының колданылу аясына жатпайтын, ауыр қылмыстар үшін бірінші рет бас бостандыгынан
айыруға сотталган адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеген
болса (4-6.), осы Заңның 1, 2,
3, 4-баптарының колданылу аясына жатпайтын, бас бостандығынан айыруға сотталган, осы Заңның
19-бабында белгіленген ракымшылық жасау актісін орындау кезінде жазаны өтеп болуына бір
жылдан аз уакыт калған адамдар қылмыстык жазадан босатылды (5-6.);
2006 жылгы 9 каңтардағы «Ракымшылык жасау туралы» Заңның колданылу аясына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 63-бабы қолданыла отырып, сот үкімі
бойынша бас бостандыгынан айыру түріндегі жаза белгіленігі, сотталғандар;
2) бас бостандығынан айыруға сотталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-
бабына сәйкес сот үкімінің орындалуы кейінге калдырылған жүкті әйелдер жэне жас балалары бар
әйелдер;
3) әскери қызметке шакырудан жалтарған әскери міндеттілер жэне осы Заң қолданысқа
енгізілгенге дейін ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасаған әскери қызметшілер, егер осы
Заң колданысқа енгізілгеннен кейін алты айдан кешікпей таяу жердегі жергілік- ті әскери басқару
органдарына, әскери-тергеу органдарына, әскери прокуратура немесе әскери полиция органдарына
кінәсін мойындап келген жағдайда;
4) егер бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза негізгі жаза түрінде қолданылған
231
болса, жазаның осы түрлеріне сотталған адамдар да жатады (6-бап).
Аталған Заңның 8-бабына сәйкес, осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, олар үшін 5
жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы немесе бас бостандығынан айырумен байланысты
емес жаза көзделген қылмыстар туралы қылмыстык істі козғаудан бас тартылады, барлық тергеу
өндірісіндегі қылмыстық істер мен сотта қаралмаған істерді жүргізу тоқтатылды.
2006 жылгы 9 қаңтардағы «Рақымшылық жасау туралы» Заңы бойынша сотталған адамға бұрын
тағайындаған жазаны қысқарту мэселесі де көрсетілген. Заңның 1, 2, 3,
4, 5, 6-баптарының негізінде жазадан босатуға жатпайтын, бас бостандыгынан айыруға:
1) ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталған;
2) егер тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеген болса, ауыр қылмыстар үшін
сотталған;
3) егер тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтеген болса, аса ауыр қылмыстар
үшін сотталған адамдардың жазасының өтелмеген бөліғінің жартысы қыскартылатын болып
белгіленген (8-6.);
Өзіне қатысты ракымшылык жасау колданылуы мүмкін адам оган карсы болған жағдайда
ракымшылык жасау колданылмайды (18-6.)-
2006 жылғы 9 қаңтардағы осы Заңның күші:
1) сот үкімі бойынша аса кауіпті рецидивистер деп танылған, сондай-ак кауіпті не аса қауіпті
деп танылған кылмыстарды қайталап жасаған;
2) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылып сотталған,
сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыру тагайындалып, сотталған;
3) осы Заңның 7-бабының 3) тармақшасында аталған адамдардан басқа, аса ауыр қылмыстар
жасағаны үшін сотталған;
4) Заңның 1-бабының 1, 2, 3, 4) тармақшаларында аталғаннан баска, аса ауыр қылмыстар
жасағаны үшін сотталғандыгы бар адамдар;
5) бұрынғы сотталгандығы заңнамада белгіленген тәртіппен өтелген немесе алып тасталған
адамдарды қоспағанда, бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалып, қайта- дан қасақана қылмыс
жасаған;
6) осы Заң колданысқа енгізілген күнге Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жазаны өтеудің белгіленген тәртібін кысастықпен бұзушылар деп танылған неме- се жазасын өтеу
кезінде касакана қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.
Сондай-ак, Қазақ КСР Қылмыстық кодексіндегі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде көзделген нақты қылмыс құрамдарын жасағандарға осы Заңның күші қолданылмайды,
мұндай қылмыстар тізбегі осы Заңның 10-бабының 7, 8 тармақшасында нақтыланып көрсетілген.
Егер осы 2006 жылғы 9 қаңтардағы заң қолданысқа енгізілетін күнге косымша жаза
орындалмаған болса, рақымшылык жасау колданылатын адамдар негізгі жазадан да, косымша
жазадан да босатылды.
Рақымшылық жасау туралы осы заңның 1, 2, 3-баптарында аталған адамдарға ракымшылық
жасауды қолдану кезінде оларды жазадан босатумен бір мезгілде сотталгандығы алынып тасталды.
Ракымшылык актісінің күші осы акт жарияланғанға дейінгі немесе осы актіде арнайы
көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасағандарға қолданылады.
Созылмалы немесе жалғасқан кылмыстарды істеу ракымшылык актісі жарияланған уақытқа
дейін істелсе, онда бұл заңның күші оларға да колданылады.
Ауыр немесе аса ауыр жасаған ададарға, сондай-ак қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті
қайталануы жағдайында жаза тағайындаған адамдарға рақымшылық жасау тура- лы акт
қолданылмайды.
Кешірім беру - бұл Мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Белгілі бір жеке адамға ол жөнінде
айыптау үкімі занды күшіне енген жағдайда, сол аяқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша
тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп отырған не өтеген адамға
232
кешірім жасау туралы актіні Қазакстан Республикасының Президенті шығарады. Кешірім беру актісі
бойынша сотталған адам тағайындалған жа- задан толық немесе ішінара босатылады немесе сот
үкімі бойынша тағайындаған жаза неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстырылады не мұндай адам
жазаның косымша түрінен босатылады. Кешірім беру актісі бойынша бүрын жаза өтегендердің
сотталғандық атағы да жойылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша (44-бап, 15-тармак), Республика соттары
арқылы сотталған адамдарға кешірім беру құкығы Республика Президентіне
берілген.
Жалпы кешірім беру сотталған адамның немесе онын туыстарының еңбек ұжымдарының
комиссиясының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Егер сотталган адам бас бостандығынан айыру
жазасын өтеп жүрсе, онда мұндай өтінішті еңбекпен түзеу мекемесінің әкімшілігі білдіруге құқылы.
Кешірім беру актісі Мемлекет басшы- сы - Президент арқылы жүзеге асырылатындықтан, ол
сотталған адамның істеген кез келген қылмысының мэні мен ауырлығына карамастан колданылады.
Өлім жазасына сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру; негізгі немесе
қосымша жазалардан толық немесе ішінара босату; бас бостандыгынан айыру жазасының өтелмей
қалған бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен айырбастау; сотталғандык атақты жою; сот үкімі немесе
билігі бойынша келтірілген материалдық зиянды өтеуден босату сияқты мәселелер кешірім беру
актісі арқылы жүзеге асырылады.
Ерекше реттерде кешірім беру арқылы қылмыс істеген адам қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлі адам сотқа берілмейді. Кешірім беру актісі тұжырымды,
қандай бір болмасын шарт қоюмен байланыссыз болып табылады. Кешірім беру туралы өтініш
канагаттандырылмаған жағдайда, мұндай тілекті екінші рет коюга болады.
Кешірім беру мен рақымшылық актісінің айырмашылығы мынада: кешірім беру ак- тісі әр
уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде қабылданады, яғни бұл актінің жеке-дара
мәні бар. Ал ракымшылық болса, ракымшылық туралы заңның талаптары мен шарттарына сәйкес
келетін барлық сотталгандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативті мэні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |