Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату



Pdf көрінісі
бет122/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

75- 
6 а п. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату 
1. 
Қылмыстық қуқық бузушылық жасаганнан кейін оны өз әрекеттерінің (әрекетсізді- гінің) 


226 
іс жүзіндегі сипаты мен қоғамга қауіптілігін угыну не оган ие болу мүмкіндігінен айы- ратын 
психикасының бузылуы пайда болган адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан 
адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мундай адамдарга сот осы Кодексте көзделген 
медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларын тагайындауы мүмкін. 
2. 
Өмір бойына бас бостандыгынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге 
де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының 
сипаты, жасалган қылмыстық қуқық бузушылықтың ауырлыгы, сотталган адамның жеке 
басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза негурлым жеңіл жаза түрімен 
ауыстырылуы мүмкін. 
3. 
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталган адамдар, олар сауыққан жагдайда, 
егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мер- зімі өтіп 
кетпесе, қылмыстық жауаптылыққа және жазалануга жатады. 
Қылмыстық кодекстің 75-бабы ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатудың тэртібін 
белгілеген. Осы бапқа сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің 
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен 
айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адам- ды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген 
адамды сот оны одан эрі өтеуден боса- тады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген 
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін (75-бап, І-бөлігі). 
Аурулығына байланысты жазадан босатуға занда екі түрлі аурумен ауыру негіз бола алады. 
Өзінің әрекетінің мағынасын түсіну немесе оны басқару мүмкіншілігінен айыра- тын психикалық 
ауру немесе жазаны өтеуге кедергі жасайтын басқа қатаң ауру. 
Аурудың бірінші түрі сот үкім шығарғанга дейін немесе үкім шыгарғаннан кейін бір-ақ жазаны 
өтеуге дейін психикалық ауруға шалдыққан адамға колдануға негіз бол- са, аурудың екінші түрі 
жазаны өтеу барысындағы адамдарға колдануға негіз бола ала- ды. Әділеттілік және адамгершілік 
принциптерін басшылыққа ала отырып, қылмыстык заң сотталғандарды аурулығына байланысты 
жазаны өтеуден босату институтын жүзеге асырады. Психикалық ауруға шалдыққан адамдарға сот 
жазадан босата отырып, оларға медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдана алады. Олардың 
ауруханада болған уақыты жаза өтеу мерзіміне есептеледі. Аурудан жазылған ретте ондай адамдар 
жазалануға жатуы мүмкін. Қылмыстык заңға сәйкес, психикалықауруға шалдыққан адам негізгі, 
сондай-ак қосымша жазадан немесе осы жазаларды одан әрі өтеуден босатылуға жатады. 
Сот үкімі шыққаннан кейін, өмір бойы бас бостандыгынан айырудан басқа жазаны өтеуге 
кедергі жасайтын басқа ауыр наукасқа шалдыққан адам науқасының сипаты, істелген қылмыстық 
құқык бұзушылығының ауырлығы, кінәнің жеке басы және басқада мән-жайлар ескеріле отырып, 
соттың шешімі бойынша жазадан босатылыгі немесе бұл жаза негұрлым жеңіл жаза түрімен 
ауыстырылуы мүмкін. Ауыр наукасқа шалдыққан адамдардың психикалық дертке шалдыккандардан 
айырмашылығы сол, мүндай адамдар өзінің әрекеттеріне толық жауап бере алмайды. Олардың 
жазаны өтеуіне баскадай ауыр науқастар кедергі келтіреді. Осыган байланысты мемлекет мұндай 
адамдарга ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, жазадан босатуды немесе жазаны жеңіл 
жазамен ауыстыруды қолдана алады. 
Жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр наукастар сотдәрігерлік сарапшы арқылы анықталады. 
Өзіне-озі жаракат салган немесе қасакана өз денсаулыгына зиян келтірген адамдарга бүл тэртіп 
қолданылмайды. 
Осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде аталган адамдар, егер осы Кодекстің 71 жэне 77-
баптарында көзделген ескіру мерзімі өтпеген болса, олар сауықкан жағдайда кылмыстык жауапқа 
тартылып, жазалануы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет