Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


) пайда табу максатымен немесе жалданып, сол сияқты каракшылыкпен, коркытып алу



Pdf көрінісі
бет151/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

8) пайда табу максатымен немесе жалданып, сол сияқты каракшылыкпен, коркытып алу 
немесе бандитизммен ұштаскан адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 
2- 
тармағынын «8» тармакшасы) 
Қылмыстык кодекстің 99-бабы 2-тармағының «8» тармакшасы бойынша кінэлі немесе баска 
адамдар үшін материалдық пайда алу немесе материалдык шығындардан құтылу мақсатында 
жасалған қасакана адам өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол акша, мүлік немесе мүлікке, 
тұрғын үйге, үшінші адамнан сыйақы алуға кұкықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдык 
шығыннан кұтылу, карызды өтеуден, мүлікті кайтарудан, көрсетілген қызметке акы төлеуден
алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді. 
Адам өлтірудін осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен каракшылыкпен қорқытып алу 
немесе бандитизммен ұштасқан жагдайлар да жатады. Қасакана адам өлтіру каракшылык, шабуыл 
жасау, қоркытып алу немесе бандитизм кезінде жасалған болса, істелген әрекет аталған 
қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануга жатады. 
Іс-әрекетті пайда табу мақсатында жасалган адам елтіру ретінде саралау үшін кінэлініи мұндай 
ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау кажет. Егер бұл жағдай бол- маса, (мысалы, адам 
өмірінен айырылғаннан кейін оның мүлкін иемдену) пайда табу максаты болмаған адам өлтіру 
құрамы мен ұрлык кұрамын кұрайды. Жәбірленушіні қаракшылыкпен шабуыл, коркытып алу немесе 
бандитизм жасалғаннан кейін омірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де 
мүмкін. Мұндай жагдайда адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағынын «10» 
тармакшасы бойынша са- раланады. 
Пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінэлінің материалдык пайда алу не- месе 
материалдық шығыннан құтылу ниетінің болғандығын айқындау кажет. Егер бұл белгі 
айқындалмаса, онда адам өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды. 
Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін акыға жәбірленушіні «алып 
тастауды» қалаган адамның шақырған («жалдаған») ада.мы жүзеге асырғандыктан, пайда табу 
мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет