254
7) адаімдар тобы, алдын ала сөз банласу аркылы адамдар тобы немссс кылімыстық гоп
жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «7» тармакшасы)
Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе қылмыстык топ деген түсінікті
айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген Қылмыстық кодекстің
31-бабын қарау керек.
Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бұрын уәделеспей бір- лесіп қатысқан
болса, адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды
қасакана адам өлтіруге
багытталған жэне жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатыскан, бірлесе эрекет жасаган
адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің
барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың
ішіндегі біреуінің тікелей
келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа катысушылардың
күні бұрын уәделеспесе де ашыктан-ашық, өзара күш біріктірумен қасакана адам өлтіруге
бағытталған әрекет жасағандығын айкындау кажет.
Егер адам өлтіру жөнінде орындаушылар бірлесіп қылмыс
жасау туралы алдын ала сөз
байласкан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі.
Егер адам өлтіруді бір немесе бірнеше адам өлтіру үшін күні бұрын біріккен адамдардың
тұрақты
тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру деп таныла- ды.
Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп кана қоймай,
сонымен бірге бір немесе бірнеше кылмысты жасау үшін алдын ала
бірлесетін тұракты адамдар
тобын ойластырған болса, қылмыстықтоптың адам өлтіруі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: