Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§4. Денсаулыкка карсы кылімыстарлың жалпы сипаттаімасы жэне і үрлері



Pdf көрінісі
бет161/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§4. Денсаулыкка карсы кылімыстарлың жалпы сипаттаімасы жэне і үрлері 
Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлыктай орын алатын фак- тор болып 
табылады. Себебі адам денсаулыгы - оның негізгі байлығы. Осыған байланыс- ты адам денсаулығын 
қоргау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қогамның, әрбір азаматтын негізгі борышы. Сонымен әрбір 
қоғам мүшесі денсаулыкты сақтау шараларын жүргізу ту- ралы мәселелерге баса назар аударып, 
халықтың денсаулык сақтау мэселесінің шешілуі- не белгілі бір шаралар колданып, қоғам үшін 
біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кез- де мемлекетімізде Қазақстан Республикасының 
Конституциясына сәйкес денсаулыкты сактау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар 
әзірленген, осы багдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс 
істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының 
тармақтарына сэйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулыгын сактауға кұқығы бар. 
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен бел- гіленген тегін әрі кепілді 
медициналык көмек көлемін тегін алуға құқылы. «Мемлекеттік жэне жеке меншік емдеу 
мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен ай- налысушы адамдардан ақылы 
медициналық жәрдем алу занда белгіленген негіздер мен тэртіп бойынша жүргізіледі» делінген. 
Осыган орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын 
жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін 
мемлекеттік жэне жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналык жэрдем 
көрсетуді жүзеге асырып отыр. 
Осы арада денсаулық деген үғымга түсінік бере кетейік. Денсаулык дегеніміз - адам ағзасының 
дүрыс әрі калыпты жүмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, эрбір мүшесі сол жаратылған 
қалпында сақталып, оның дұрыс эрі қалыпты түрде бел- гілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыққа 
қарсы кылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір 
адамның денсаулығына қасақана не- месе абайсызда зиян келтіреді, ягни кінэлі қоғамға кауіпті іс-
әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына 
заңсыз түрде кол сүғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен коғам 
алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін накты орындау мүмкіндіктерінен 


267 
айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетті әскери қызметке шақырылуына 
кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ак әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды 
әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау -тек 
жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жакын туысқандары үшін де үлкен залал болып 
табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулыгына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына 
да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан 
айыру салдарынан оның өмірдегі, коғамдағы еңбек жэне басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы 
үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере 
бермей- ді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып 
табылады. 
Енді адам денсаулығына карсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Респуб- ликасының 
Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты 
көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыс- тарға мыналар жатады: 
1) денсаулыкка қасакана ауыр зиян келтіру (106-бап); 2) денсаулыққа қасақана ор- таша 
ауырлықта зиян келтіру (107-бап); 3) денсаулыққа қасакана жеңіл зиян келтіру (108-бап); 4) үрып-
соғу (109-бап); 5) қинау (110-бап); 6) денсаулыққа аффект жағдайында зиян келтіру (111-бап); 7) 
қажетті қорганыс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-бап); 8) қылмыс 
жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-бап); 9) денсаулыққа абайсызда 
зиян келтіру (114-бап); 10) қорқыту (115-бап); 11) адамның органдары мен тінін алуға мэжбүр ету 
немесе заңсыз алу (116-бап); 13) соз ауруын жүктыру (117-бап); 14) адамның иммун тапшылығы 
вирусын жүқтыруы (118-бап); 15) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап). 
Енді адам денсаулыгына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жагын, субъ- екіісін, 
субъективгік жагын жеке-жеке талдайық. 
Дене жарақатының объектісі - бөгде адамның қалыпты денсаулыгы болып табылады. 
Адам денсаулыгына қарсы кылмыстардың объективтік жағы - баска адамның денсаулыгына
құкықка қайшы эрекеттер мен эрекетсіздіктер арқылы зиян келтіру- мен көрініс табады. Көбінесе 
дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулыгына эр түрлі 
жолдармен, атап айтсақ, механикалык әсер ету арқылы (мүшелерге закым келтіру), химиялық жол 
арқылы (улау, кышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық эсер ету (ағзага 
инфекциялы ауруларды жүқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық эсер ету аркылы (гипноз) 
жэне басқа да тәсілдер аркылы дене жаракатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты 
кел- тірілуі мүмкін, егер белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса. 
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстык жауаптылықтан босатылуға не- гіз болып 
табылады, егер бұл жаракат мэжбүрлік кажеттілік жагдайында, яғни емдеу мақсатында болса. 
Мысалы, жәбірленуші өзінің агзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда 
хирургтер осы хирургиялык операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, 
себебі жэбірленуші хирургиялық операциялар- дан туатын салдарга карсы болмады. Дене жаракатын 
келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттын накты түріне қатысты жалпы 
ережені сақтамау салдары- нан туған дене жарақаты денсаулыққа карсы қылмыс ретінде сараланады. 
Мысалы, фут- бол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінэлі бөгде адамға дене жарақатын 
келтірсе, онда оның әрекеті денсаулықка карсы кылмыс ретінде танылады. 
Дене жаракатын келтірудің субъективтік жагы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тіке- лей және 
жанама), 2) абайсызда (менмендік жэне немқұрайдылық). Тікелей қасакана дене жарақатын келтіру 
бір адамныц екінші бір адамға дене жаракатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы 
түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінэлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірак 
оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің 
әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, 
бірақ ол салдар бола коймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам 


268 
дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірак көруге тиісті болатын. 
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге токталайық. 
Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көр- сетілген дене 
жаракатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаган есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас 
белгіленеді: 1) денсаулыкка қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар 
кезінде денсаулыкқа қасакана орташа ау ырлықтагы зардап келтіру (107-баптың 2-тармагы). 
Ал мына дене жаракаттарын салганы үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас 
белгіленеді: 1) денсаулыққа жеңілдететін жагдайда қасақана орташа зиян келтіру 
107- баптың 1, 2-тармашалары жэне денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-бап); 
2) ұрып-согу (109-бап); қинау (110-бап); 3) денсаулыкка жан аффект жагдайында знян келтіру (111-
бап); 4) кажетті корганыс шегінен шыгу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-бап); 5) қылмыс 
жасаган адамды ұстау кезінде денсаулықка ауыр зиян кел- тіру (113-бап); 6) денсаулыққа абайсызда 
зиян келтіру (114-бап); 7) қорқыту (115-бап); 
8) соз ауруларын жұктыру (115-бап); 9) адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру (118-бап); 
10) кауіпті жағдайда қалдыру (119-бап). 
Енді ауыр дене жаракатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайык. Жалпы денеге жарақат түсіру 
деп бөгде адамның денсаулығына касақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың 
анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе баска жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс 
істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет