Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру



Pdf көрінісі
бет158/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

102- 
6 а п. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру 
Қажетті қорганыс шегінен шыгу кезінде жасалган адам өлтіру
 -
 
екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кодекс осы бапта адам өлтірудің арнайы құрамын көздейді. Бұл бап- та қажетті 
қорғану шегінен асып кеткен кезде кезінде адам өлтіруге түсінік берілген. Қажетті қоргану шегінен 
асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаган кезде орын алады. 
Кінэлінің әрекеті сипаты жэне дәрежесі бойынша кастандықтың коғамга қауіптілігіне анық түрде 
сәйкес келмейді. 
Сот тәжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған 
кезде кателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жагдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаган 
жәйттер де кездеседі. 
Қажетті коргану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сиякты жанама 
қасақаналыктын болуы мүмкін. Қажетті қоргану шегінен асып кеткен кезде абайсыздықтан өмірінен 
айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді. 
103- 
6 а п. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шыгу кезінде 
жасалған адам өлтіру 
Қылмыс жасаган адамды устап алу үшін қажетті шаралар шегінен шыгу кезінде жасалган 
адам өлтіру
 -
 
үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кодекстің 103-бабында сипатталған. Үсталған адамның жасаған кылмысы ұсталу 
жағдайының сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілік дәрежесіне анық түрде сәикес келмегенде
түлғаға ешбір кажеттіліксіз, шектен тыс, осы жағдай тудырмаған зиян келтіру қылмыс жасаған 
адамды үстау үшін кажетті шараларды асыра колдану деп танылады (ҚК-тің 103-бабы). Қажетті 
қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруден 100-баптың айырмашылығы -жэбірленуші оны 
өлтірген кезде коғамға кауіпті қастандык жасамайды. Үсталған тұлғаға ол кылмыс жасағаннан кейін 
зиян келтіріледі. Бүл зиянның көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты. Үсталу жағдайына 
келетін болсак, мүның да белгілі бір рөлі бар, бірақ бірінші дәрежелі емес. Немесе кез келген ұстау 
жағдайында (егер қажетті қорғану жағдайы туындамайтын жағдайда), мысалы шағын немесе орта 
ауырлықтағы қылмыс жасаған түлғаны өлтіруге немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге 


265 
болмайды. 
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оны өлтіруге байланысты заң 
әдебиеттерінде эр түрлі пікірлер айтылған. Кейбір авторлар мүндай жагдайларда коғам үшін қауіпті 
іс-әрекеттің жолын кесу құралы ретінде оларды өлтіру мүмкін деп санайды. Алайда мүндай 
көзкарастың авторларына айтарымыз: үстау сәтінде бұл әрекет элі анықталған жоқ. Оның іс-
әрекетінің қауіптілігіне келетін болсақ, бұл бар болғаны болжам түрінде ғана, ол Қылмыстық кодекс 
нормаларында көзделген қандай да болмасын белгілі бір зандылык бағаға жатқызылган жок. 
Сондыктан бұл жағдайларда өлтіру, біздің пікірімізше, заңға қайшы. 
Әйелдерге, анық мүгедектік белгісі бар адамдарға және өте жас балаларға немесе ми- лиция 
қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға (егер олар карулы қарсылык көрсеткен, қарулы не топ 
болып шабуыл жасаган, адамдардың өміріне қауіп төндіретін, бүдан бөгде адамдар зардап шегуі 
мүмкін болатындай елеулі түрде адамдар шоғырланған жағдайдан баска жагдайларда) окпен 
атылатын каруды колдануға тыйым салынады. 
Атылатын қаруы бар қылмыскерлердің, полиция кызметкерлері ұстайтын адамдардың, оларға 
көрсетілген ара қашықтықты қыскарта жақындауға, немесе оның каруына жанасуға әрекет етуі 
полиция кызметкерінің оқпен атылатын қаруды қолдануына кұқық береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет