277
объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулыгы. Объективтік жағынан кылмыс ауыстырып салу не
өзгедей пайдалану үшін адамның органдары мен тінін алуга мэжбүр
ету немесе заңсыз алу, сол
сиякты адамның органдары мен тініне қатысты заңсыз мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Мәжбүрлеу дегеніміз донорға күш қолдану, қорқыту, материалдық жэне баскадай тәуелділігін
пайдалану арқылы оны еріксіз органдары мен тінін беруге көндіру бо- лып табылады. Адам
органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойын- ша жүзеге асырылады жэне мүндай
іс-әрекеттер арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдары мен тіні донордың келісімінсіз,
заңда
көрсетілген басқадай талаптарды көрінеу бұза отырып, жүзеге асырылса, онда мұндай әрекет заңсыз
деп танылады. Адам органдары мен тініне қатысты заңсыз мәмілелерге донордың келісімінсіз немесе
заңда көрсетілмеген негіздерсіз эртүрлі келісім-шарттарды жүзеге асыру, органдар мен тіндер- ді
заңсыз айналымға салу жэне т.б. әрекеттер жатады. Қылмыс қүрамы формальдык жэне ал ҚК-тің
116-бабының 1-бөлігінде көрсетілген заңсыз іс-әрекеттерді жасаған уақыттан
бастап аяқталған деп
танылады.
Қылмыс субъективтік жагынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті әр түрлі
болуы мүмкін: ауру адамға жәрдем көрсету; бастығының алдында жаксы көріну; пайдакүнемдік
немесе атаққұмарлық жэне т.с.с.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.
Егер кылмыс кінэліге көрінеу дәрменсіз күйде екендігі белгілі
немесе көрінеу кәмелетке
толмағанға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты адамдар тобы- мен, алдын-ала сөз
байланысуы
бойынша адамдар тобымен; бірнеше рет, қару неме- се кару ретінде пайдаланылатын
заттарды
қолданып; кінәліге жүктілік жағдайында екендігі корінеу белгілі әйелге қатысты; алдау
немесе сенімге киянат
жасау жолымен;
өзінің қызметтік жагдайын пайдаланып; жәбірленушінің материалдык немесе өзге де тәуелділігін
пайдаланып жасалғанда, онда бұл әрекеттері осы кұрамның ауырлататын түрі болып табылады (116-
баптың 2-тармагы).
Осы баптың бірінші немесе екінші тармактарында көзделген, абайсызда жэбірленушінің қайтыс
болуына немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соккан не кылмыстык той
жасаган іс-әрекеттер - осы
кылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (113-баптың
3-
тармагы). Өзге ауыр зардаптарга жәбірленушінің психикалык дертке ұшырауы, өзін-өзі өлтіру
немесе ауыр дене жаракатын алу т.с.с. жатады. Қылмыстык кодекстің 113-бабының 3-тармағында
көрсетілген қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген осы зардаптардың
біреуінің орын алган уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: