Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қауіпті жағдайда қалдыру



Pdf көрінісі
бет175/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

119- 
6 а п. Қауіпті жағдайда қалдыру 
1. 
Өміріне немесе денсаулыгына ңауіпті жагдайдагы және сәбилігіне, қарттыгына, 
науңастыгына қарай немесе өзге де дәрменсіз күйі салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шарала- 
рын қолдану мүмкіндігінен айырылган адамды көрінеу көмексіз қалдыру, егер кінәліадамның сол 
адамга көмек көрсету мүмкіндігі болган немесе сол адамга қамқорлық жасауга міндет- ті 
болган не оны өміріне немесе денсаулыгына қауіпті күйге өзі түсірген жагдайларда, - 
бір жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Көмексіз қалдырылган адамның денсаулыгына абайсызда ауыр немесе ауырлыгы ор- 
таша зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет
 -
 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көмексіз қалдырылган адамның абайсызда 
өліміне әкеп соққан іс-әрекет - 
үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
4. 
Осы баптың бірінші бөлігінде кезделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның 
өліміне әкеп соққан іс-әрекет - 
бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстың объектісі - кауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы. Қылмыс 
объективтік жағынан өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, 
наукастыгына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын 
кабылдау мүмкіндігінен айырылган адамды кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған 
жэне ол адамға қамкорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне, немесе денсаулығына қауіпті 
күйге өзі қалдырған жағдайларда көрінеу көмексіз қалдыруы арқылы көрініс табады. Бүл қылмыс 
әрекетсіздік арқылы екі түрлі жағдайда көрініс табады: I) кінэлі адам өмірі мен денсаулыгына қауіп 
туған адамға қамқорлык жасауға міндетті болса жэне ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса; 2) 
кінэлі адам ондай адамдардың өмірін немесе денсаулыгын қауіпті күйге өзі қалдырса. 
Бірінші жағдайда көрсетілген әрекетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты бо- лады: 
1) заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар: ата-аналар кәмелетке 


280 
толмаған балаларына; балалары - кэрі ата-аналарына
2) көрсетілген әрекеттерді кәсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға мін- детті 
адамдар: мектеп мұгалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелерінің жетекшілері, балабақшасының 
тәрбиешілері жэне баскалар; 
3) көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісімшарт бойынша жүзеге асыруға мін- детті 
адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері; 
Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарга көмек көрсетуге міндетті болса 
(объективтік белгі) және оны жүзеге асыруга мүмкіндігі болса ғана (субъектив- тік белгі) және 
оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің тұтастай орын алган жағдайында ғана кылмыстық 
жауапқа тартылады. 
Қауіпті жағдайда қаддырудың себептері әр түрлі болуы мүмкін: жас мөлшеріне байла- нысты 
(сәби, қарттык) адам агзасында орын алатын патологиялықнемесе физиологиялык процестерге 
байланысты (науқастың күнге күйіп денесінің жансыздануы, басы айналып қүлап қалу, көпшілік 
жүретін немесе басқа да жерде адамның ескілікті дертіне байла- нысты уақытша есі ауысып зардап 
шегуі), табиғи апаттарга байланысты (жер сілкіну, су тасу, қар көшкіні салдарынан үйінді астында 
қалған адамдар) т.б. 
Кінәлі адам адамдардың өмірін немесе денсаулыгын қауіпті жагдайга өзі қалдырып, көмек 
бермей кетіп қалса осы бап бойынша жауаптылыққа тартылады. Мұндай жағдайларда жол-көлік 
оқигасынан зардап шеккендерді тастап кету; көзі көрмейтін адам- ды көшеден өткізуге міндетті 
адамның оны жолга тастап кетуі т.б. осы сияқты әрекеттер жатады. 
Қылмыс құрамы формальдык және ол заңда көрсетілген әре-кетсіздіктерді істеген уақыттан 
бастап аяқталған деп саналады. 
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен істеледі. Заңдагы кауіпті жағдайда 
көрінеу көмексіз қалдыру деген сөздің өзі осы қылмыстың субъективтік жағының дәл мэнін 
айқындап тұр. Қылмыстык ниет эр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда еске алынады. 
Қылмыстықкодекстің 119-бабының2-тармагындаосы қылмыстыңадам денсаулыгына абайсызда 
ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соққан іс-эрекеттері, ал осы баптың 3-тармагында 
көмексіз қалдырылған адамның абайсызда өліміне әкеп соққан ал баптың 4-тармагына абайсызда екі 
немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соккан іс- әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Бұл 
ұгымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 104 және 114-баптарында көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет