Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Кәмелетке толмаған адамды қоғамга жат әрекеттер жасауға тарту



Pdf көрінісі
бет196/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

133- 
6 а п. Кәмелетке толмаған адамды қоғамга жат әрекеттер жасауға тарту 
1. 
Кәмелетке толмаган адамды есеңгірететін заттарды пайдалануга не уытқумар• лыққа 
не спирттік ішімдіктерді бірнеше рет пайдалануга не қаңгыбастықпен немесе 
қайыршылықпен айналысуга тарту
 -
 
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айылпүл салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер

зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер 
Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаган дәл сол іс-әрекет
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан өмір 
бойына айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга 
не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын 
шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет не күш қолданып 
немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалган іс-әрекеттер
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан өмір 
бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Криминологиялык зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кэмелетке 
толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға жэне басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер 
жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жүқпалы 
аурулар меңдей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс. 
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене жэне адамгер- шілік 
тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады. 
Объективтік жағынан кылмыстық кұкық бұзушылық кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін 
заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуга, не қаңгыбастықпен 
немесе қайыршылықпен айналысуға тарту аркылы сипат- талады. 
Заң бойынша есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осын- дай 
заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды 
корсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады. 
Есеңгірететін не уытқұмарлыкка жататын заттарды анықтау арнаулы сарапшылык корытынды 
бойынша анықталады. 
Екі немесе одан коп реттерде кәмелетке толмагандарды үнемі спирт ішімдіктерін (арак-шарап) 
ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының бір белгісін жүзеге асырғандык болып 
табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар да 
жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мэрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге 
жеткізу қылмыстық құкық бұзушылық болып та- былмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық 
жолмен жауаптылыкка тартылады. 
Кәмелетке толмаған адамды бір мекенжайдан екінші бір мекенжайга орын ауыстыруға, 
тұрғылықгы орнының болмауына, кездейсок табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеу- мен, 
басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен 
адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немссе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып 
табыс табуга әр түрлі тәсілдермен кэмелетке толмағандарды көндіру, оны каңғыбастыкпен 
айналысуға тарту деп танылады. 
Кәмелетке толмаған адамды қоғамга қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдык қылмыстык 
кұкық бұзушылық құрамына жатады және ол заңда (133-бап) көрсетілген эрекеттердің біреуін 
жасаған уақыттан бастап аяқгалған деп танылады. 
Қылмыстық кұкық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен істе- леді. Кінэлі 
адам кәмелетке толмаган адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық 
емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға. не жезөкшелікпен, каңгыбастыкпен 


300 
немесе кайыршылыкпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді жэне осы әрекеттерді істеуді 
тілейді. Қылмыстық кұкық бұзушылық субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық 
кодекстің 133-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу 
жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3-
тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш 
қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстык жауаптылық 
көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп эрекетті жасау бір- неше рет жасалған 
әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 12-бабы). 
Қылмыстык кодекстің 133-бабының 2 жэне 3-тармақтарында көрсетілген ауырла- татын және 
аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-
тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей, сондықтан бұл ұғымдарға арнайы тоқталып 
жатпаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет