Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


толмаган адамды қылмыстық топтың қылмыстық әренетіне тартуга байла- нысты іс-



Pdf көрінісі
бет195/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

толмаган адамды қылмыстық топтың қылмыстық әренетіне тартуга байла- нысты іс-
әренеттер - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан емір 
бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Кэмелетке толмаған адамды 18 жасқа толган адамның қылмыстық кұқык бұзушылық іске 
тартуы жеке қылмыстық құқық бұзушылық құрамы ретінде қарастырылады. 
Қылмыстың тікелей объектісі - кәмелетке толмағандардың біркалыпты дамуы жэне оларға 
дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады. 
Қылмыстың жәбірленушісі - 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмагандар. 
Қылмыстық кұкык бұзушылық объективтік жағынан алғанда эр түрлі әдістер (тәсілдер) қолдана 
отырып кәмелетке толмаған адамды кылмыстық іске тарту аркылы жүзеге асырылады. 
Кәмелетке толмаган адамды кылмыстык кұкық бұзушылык іске тарту деп 18-ге толмағандарды 
қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, 
шешімін қоздыруга бағытталған іс-эрекеттерді айтамыз. Қылмыстық құқык бұзушылык іске 
тартудың әдісі занда тікелей көрсетілмеген, бірак ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл 
әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уэде беру, алдау) немесе басқа да 
тәсілдерді қолдану аркылы жүзеге асырылады. Кэмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе 
оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын деген әрекеттер аркылы, 
олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, 
телефон арқылы, дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар 
жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның ганыс адамдарына білдірілуі хак. 
Субъектінің болашакта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жэрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, 
жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп 
танылады. 
Кәмелетке толмағандар үшін мэні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау 
немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге 
тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаган адамға корші үйден озіне 
тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нэтижесінде ол бөтеннің мүлкін үрлауға көмектескенін 
бір-ақ біледі. Кэмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыстық қүқық бүзушылық 


298 
жасауга тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зүлымдык, караниетті іс-әрекеттерді істеуге 
жігерлендіру, бопсалау, материалдык тэуелділік жагдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады. 
Жоғарыда көрсетілген тэсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар қылмыстык күқық 
бүзушылық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсс, онда кінәлінің іс-эрекеті кәмелетке толмаган 
адамды қылмыстық қүқық бүзушылық іске тартуға оқталғандық ретінде сараланады. 
Қылмыстық кұқык бүзушылык формальдық күрамға жатады. Ол кэмелетке толмагандарды 
қылмыстык кұкық бүзушылыкка тарткан уакыгган (яғни 18-ге толмаган адамның оған келіскен 
сәтінен бастап) аякталған деп табылады. Қылмыстык кодекстін 132-бабының 1-тармағы бойынша 
онша ауыр емес, ауырлығы орташа кылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін 
ғана жауаптылык көзделген. Субъек- тивтік жағынан ҚК-тің 132-бабында көзделген қылмыс тек 
қана тікелей касақаналыкпен істеледі. Кінәлі адам эр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге 
толмағаны өзіне анық адамды қылмыстык іске тартканын сезеді, біледі жэне соны жүзеге асыруды 
тілеп эр түрлі эрекет жасайды. Қылмыстык ниет жэне мақсат эртүрлі (кек алу, кызғаныш, 
пайдакүнемдік, басқа да зұлымдык ниеттер) болуы мүмкін. Бүлардың іс-әрекетті саралауға әсері 
болмайды, бірак жаза тағайындағанда есепке алынады. 
Қылмыстың субъектісі - заңда тура атап көрсетілгендей кэмелетке толмаған адамды кылмыстык 
іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кэмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған 
адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды. 
Ата-анасы, педагог не кэмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен 
жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет - осы кылмыстың ауырлататын түрі болып табылады 
(ҚК-тің 132-бабының 2-тармағы). Көрсетілген адамдардың кэмелетке толмаған адамдар жөніндегі 
құқықтық жағдайын пайдаланып, осы іс-эрекеттерді істеуі қылмыстық құқык бұзушылыктың 
коғамға қауіптілігін едэуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан Республикасының неке 
(ерлі-зайыптылар) жэне отбасы туралы 2011 жылы 26 желтоқсанда кабылданған Заңына сәйкес 
шешіледі. 
Педагог деп тәрбие немесе оқу процесімен айналысатын адамдар танылады. Пе- дагогті 
қылмыстың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу 
орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер 
етпейді. 
Кәмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдарға 
қорғаншы, қамкоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің 
тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тэрбиелеу міндеті тікелей жүктелген - жакын-туыстары, ағасы 
немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады. 
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш колданып неме- се оны 
қолданамын деп коркытып жасалған эрекеттер (132-баптың 3-тармағы) - осы қылмыстық құкык 
бұзушылықтың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы күш корсетуге жеткіншекті 
қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл жэне орта 
дәрежелі жаракат келтіру арқылы қылмыстык құқық бұзушылық істеуге көндірулер жатады. Егер 
мұндай тэсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда 
кінәлінің эрекеті қылмыстық кұқық бұзушылыктардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. 
Күш қолданамын деп корқыту - өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жаныңды қинаймын, өртеймін 
деген шын мэнінде іске асатын нэрсе жәбірленушіге тікелей психикалык эсер ететін сөздерді 
кінэлінің айтуы жатады. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген кэмелетке толмаған 
адамды ауыр немесе аса ауыр кылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер (132-баптың 4-
тармағы) көрсетілген қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр 
қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабының 4, 
5- 
тармақтарында берілген. 


299 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет