136-
6 а п. Баланы ауыстыру
1.
Баланы қасақана ауыстыру
-
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде
тузеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер■
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
2.
Пайдакунемдік немесе езге де уждансыз пигылмен жасалган дәл сол іс-әрекет
-
үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Заң (ҚК-тің 136-бабы) баланы қасакана ауыстырганы үшін қылмыстық жауагітылык белгілеген.
Бұл қылмыстык кұқық бұзушылықтың қоғамға кауіптілігі сол, баланы ауыс- тыру арқылы ата-
анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын
әрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объек- тісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу
жэне қалыптасу жагдайлары, олардың және отбасының мүдделері.
Қылмыстык кұкық бұзушылық объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге
асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы баска бір баламен ауыс- тыруды айтамыз. Мысалы қыз
баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға. іштен мүгедек болып туган баланы дені сау
балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туган балалар жөнінде - босану үйлерінде немесе
балалар үйлерінде, немесе уакытша бақылаусыз далада калган баланы ауыстырын алу арқылы
жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның баласымен
ауыстыруда осы қылмыстын құрамын құрайды. Жаңа туған нәрестелерді екі жактың да ата-
аналарының озара келісімі бойынша ауыстыру - қылмыстық кұқық бұзушылык құрамын түзбейді.
Қылмыстык құқық бұзушылық формальдық кұрамға жатады және ол бір баланы екінші бір
баламен заңсыз ауыстырган сәттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтінде
кінәлі адамның қылмысы әшкереленіп калып, ол қылмысты ниетін ақырына дейін жеткізе алмаса,
онда кінәлінің әрекеті осы қылмыстык құқык бұзушылыққа оқталғандық болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектив- тік жағынан тек қана тікелей касақаналықпен істеледі. Ол
туралы заңның өзінде тура көрсетілген. Кінэлі адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе
занды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Егер баланы
ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның әрекеті қылмыстық құкык бұзушылық
болып табылмайды.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам (бо- сану немесе
балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.
Қылмыстық кодекстің 136-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі -
пайдакүнемдік немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалған бала ауыстыру әрекеттері үшін
жауаптылық көзделген. Пайдакүнемдік ниетке - баланы ауыстырып материалдык олжа, пайда табу
әрекеттері, ал ұждансыз ниетке - кек алу, қызғаныш, ұлттық, нәсілдік пиғылда жасалған әрекеттер
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |