Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 ап. Сайлау куқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жүмы- сына



Pdf көрінісі
бет214/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

150- 
6 ап. Сайлау куқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жүмы- сына 
кедергі жасау 
1. 
Азаматтың езінің сайлау қуқықтарын немесе референдумга қатысу қуқыгын ер- кін 
жузеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе рефе- рендум 
өткізу женіндегі комиссиялардың жумысына заңсыз араласу жане дауыс беруге, кандидатты, 
партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауга және сайлаудагы не- месе 


317
 
референдумдагы дауыс беру нәтижелерін айқындауга байланысты міндеттерін атқаруына 
кедергі жасау - 
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
парага сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен 
уласқан; 
2) 
адам езінің лауазымдық жагдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаган; 
3) 
алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаган; 
4) 
электрондық сайлау жүйесі жумыс істеуінің белгіленген тәртібін бузу жолымен 
жасалган дәл сол іс-әрекеттер
 -
 
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не тәрт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеу- ге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқыгын жүзеге асыру 
болып табылады. 
Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мэжіліс депу- таттарын, 
Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бір- дей, тең төте сайлау 
кұқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық 
референдумға тек кана сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі 
бойынша бас бостандыгынан айыру орындарында отыргандар ғана катыспайды. Сайлауда дауыс 
жасырын беріледі. Республика Конститу- циясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне 
бақылау жасауға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер Заң бойынша, оның ішінде кылмыстық құқық 
бұзушылық құқықтық нормалар арқылы да жазаланады. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс 
жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдык 
қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылык объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау 
құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедер- гі жасау, сондай-ақ 
сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз 
араласу жэне дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауга жэне сайлаудағы немесе 
референдумдагы дауыс беру нәтижелерін анықгауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі 
жасау арқылы жүзеге асырыла- 
ды. Мысалы: сайлаушыларды сайлауга, референдумга катысуга жібермеу, сайлау өтетін орынды 
жасыру, тұргындарга сайлау немесе референдум туралы ойдан шыгарылгаң мәліметтер таратып, 
оларды өткізу жөніндегі комиссиялардың кызметіне түрлі кедер- гілер жасау, депутаітыкка 
кандидаттарды ұсынуга жол бермеу, дауыс беруге, оның нэтижелерін аныктауға эр түрлі кедергі 
келтіріп, ақпарат қүралдарына ол жөнінде жалған мәліметтер беруге тырысу. 
Қылмыстық құкык бұзушылык формальдык кұрамға жатады жэне ол сайлау кұқығын жүзеге 
асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру эрекеттерін жасаган уақыттан 
бастап, озінің оларға қойган мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына карамастан аяқталган 
деп табылады. 
Қылмыстык кұкык бұзушылык субъективтік жагынан тек тікелей қасканалыкпен істе- леді. 
Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауга әсері бол- майды. 
Қылмыстық кодекстің 150-бабының 1-тармагындагы әрекеттер: 
а) парага сатып алумен, алдаумен, күш колданып не оны қолданамын деп коркытумен 
сабақтасса; 
б) адам өзінің кызмет бабын пайдалана отырып жасаса; 
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе қылмыстык топпен; 


318
 
г) электрондық сайлау жүйесінің белгіленген тэртібін бұзу арқылы жасалса - онда ол осы 
қылмыстың ауырлататын түріне жатады (150-баптың 2-тармагы). 
Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы 
мүшесіне немесе өзге де адамдарга сайлау комиссиясының жұмысына ке- дергі келтіруге 
байланысты мүліктік немесе басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уэде беру сатып алу деп 
танылады. 
Депутаттыққа кандидаттар жөнінде жалган мәлімдеме тарату, сайлау немесе ре- ферендум 
өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссия- сы орналаскан жерге шабуыл 
жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау аркылы сайлау кұқыгын жүзеге асыруға немесе сайлау 
комиссиясының жұмысына кедергі жасау деп танылады. Күш қолдану деп жәбірленушіге қол 
тигізіп, ұрып-согып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас 
тартқызу немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірулерді айтамыз. 
Күш колданамын деп қорқытуга, жәбірленушіні немесе оның жакынын өлтіремін, үйіне өрт 
қоямын, денесіне жаракат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау құкыгының 
еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жұмысына кедергі жасауларды айтамыз. 
Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қоркыту осы кылмысты жасаудың тәсілі 
болып табылады. Осы белгілердің біреуін жасаудың өзі осы баптың «а» тармақшасы бойынша 
қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табылады. 
Адамнын өзінің кызмет бабын пайдалана отырып жасаган әрекеттерінің түсінігі Қылмыстык 
кодекстің 141-бабының 2-тармагындағы осындай ұғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз 
байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалган қылмыстың түсінігі қылмыстық құқық 
бұзушылықтың кодекстін 31-бабының 2. 
3 -
тармактарында берілген. Сайлау туралы заңға сәйкес электрондық сайлау жүйесінін тәртібі 
осы заңның 9-1 тарауында 50-1-50-8-баптарда арнайы белгіленген. 
Қылмыстык кұқық бұзуіпылықтың кодекстің 146-бабының 2-тармагынлагы кылмыстың 
субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет