Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту



Pdf көрінісі
бет212/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

144- 
6 а п. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту 
Кәмелетке толмаган адамды эротикалық мазмұндагы өнім жасауга, сондай-ақ эротикалық 
мазмундагы өнім таратуга, жарналамауга және сатуга тарту
 -
 
бір жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай- ақ эротикалық 
мазмүндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту - үшін жауаптылық жаңа Қылмыстық 
кодекстің 144-бабында көрсетілген. Қылмыстың объек- тісі кәмелетке толмағандардан мүддесіне қол 
сүғушылық. Объективтік жағынан кылмыс белсенді әрекеттер аркылы кәмелетке толмағандарда 
эротикалық мазмүндағы өнімдерді жасауға, осы өнімдерді таратуга, жарнамалауға, сатуга тарту 
арқылы жүзеге асырыла- ды. Қылмыстың жасалу әдісі - кәмелетке толмағандарда әртүрлі әдіспен 
қызыктырып, қылмыска тарту болып табылады. 
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъек- тісі - 
кэмелетке толмағандарды эротикалык мазмүндағы өнімдерді жасауға тартқан 16-га толмаған есі 
дұрыс адам. 
3 -
т а р а у. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ 
ҚҮҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ 
ҚҮҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР 
§1. Адамнын және азаматтын конституциялык күкықтары мен 
бостандыктарына карсы кылмыстык күкык бүзушылыктардыц 
түсінігі және түрлері 
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарынын бостандыктары мен 
заңды қүкықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам күқықтары 
жөніндегі халықаралык нормаларды толық қуаттай отырып, оны бүлжытпай жүзеге асыруға толык 
кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік жэне басқа да қүқықтарының 
Қазақстан Республикасының Конститу- циясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және 
адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында 
Конституцияға сәйкес адам қүкықтары мен бостандықтары таны- лады және оларға кепілдік 
беріледі. Адам қүқықтары мен бостандықтары әркімге ту- мысынан жазылган, олар абсолютті деп 
танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік қүкықтық актілердің 
мазмүны мен қолданылуы осыған карай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. 
Яғни «Республиканын азаматы өзінің азаматтығына орай құкыктарға ие болып, міндеттер аткарады» 
(Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның жэне азаматтың өз кұкыктары мен 
бостандыктарын жүзеге асыруы басқа адамдардың қүқықтары мен бостандықтарын бүзбауға, 
конституциялық қүрылыс пен қоғамдық имандылыққа нүқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ). 
Конституцияның II бөлімі адам және азамат, оның қүқығы, бостандығы мен міндет- теріне 


315
 
тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, үлтына, тіліне, 
элеуметтік тегіне, дінге көзкарасына тағы баска да белгілеріне карамастан қүқықтар мен 
бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Кон- ституцияда адам жэне 
азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық қүкық пен бостандыққа; саяси қүқықтар мен 
бостандықтарға; 
экономикалык 
және 
әлеуметтік 
қүқықтарға 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясында ерекше мэн беріледі. Консти- туцияда жария етілген азаматтардың осындай 
қүқықтары мен бостандықтарын корғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп 
санайды (1-бап). 
Азаматтардың саяси, элеуметтік және басқа да қүқықтарына қарсы қылмыстық күқық 
бұзушылық үшін жауаптылық нормалары Қылмыстык кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. 
Бұл қылмыстық қүқық бұзушылыктардың заң нормалары азаматтардың конституциялық осы 
қүқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рол атқарады. 
Айтылып отырган кылмыстық қүқық бұзушылықтың топтык объектісі болып азаматтардың 
конституциялык қүқықтары мен бостандыктары саналады. 
Қылмыстық құкык бұзушылықтардың осы тобы қылмыстық күқық бұзушылықтың тікелей 
объектісіне сәйкес жэне азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының мәніне қарай, мынадай 
негізгі топтарға бөлінеді: 
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық қүқық бұзушылық: азаматтардың тең 
қүқықтылығын бұзу (145-бап); сайлау қүқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының 
жүмысына кедергі жасау (150-бап); сайлау қүжаттарын, рефе- рендум қүжаттарын бұрмалау немесе 
дауыстарды қате есептеу (151-бап); журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (158-бап); 
ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кұқыгын заңсыз шектеу (159-бап); жиналыс, митинг, бой 
көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға катысуға кедергі жасау (155-бап); ереуілге 
қатысуға немесе ере- уілге қатысудан бас тартуға мэжбүрлеу (157-бап); жұмыскер өкілдерінің заңды 
қызметіне кедергі келтіру (154-бап). 
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалык қүқықтары мен бостандықтарына қарсы 
қылмыстық қүқық бұзушылық: еңбек туралы заңдарды бұзу (152-бап); Кәмелетке толмағандарға 
қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу (153-бап); еңбекті қорғау ережелерін 
бұзу (156-бап). 
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық: жеке өмірге қол 
сүғылмаушылықты бұзу (147-бап); хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының 
немесе өзге хабарлар қүпиясын заңсыз бұзу (148-бап); түрғын үйге кол сұғылмаушылыкты бұзу 
(149-бап); азаптаулар (146-бап). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет