Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш



Pdf көрінісі
бет224/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстык құкык бұзушылықтың кодекстің 156-бабында енбекті қорғау ережелерін бұзғандык 
үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кұкык бүзушылықтың тікелей объектісі - еңбектің 
қауіпсіздік шарттарын камтамасыз ететін коғамдық қатынастар. косымша тікелей объектісі 
жәбірленушінің омірі, денсаулығы. 
Қылмыстық кодекстін 156-бабындағы норма бланкеттік диспозицияға негізделген. 
Еңбекті қорғау Ережесі сан қилы және эр түрлі. Сондыктан Қылмыстық кұкык бұзушылыктың 
кодекстің бір бабында еңбекті қоргауга байланысты колданылып жүрген барлық Ережелерді 
тізбектеп жату қиын. Қазақстан Республикасының Еңбекті қоргау туралы арнаулы заңы 1993 жылы 
22 каңтарда қабылданған, осы заң қызметкерлердің еңбегін қорғау қүқығын камтамасыз етуге 
бағытталған; өндірістегі жазатайым жагдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті 
жэне зиянды өндірістік факторлар- ды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттык саясаттың 
негізгі қагидаларын бел- гілейді және меншік түріне қарамастан еңбекті қорғау жонінде 
шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды. 
Объективтік жагынан алғанда сөз болып отырған кылмыстык кұкык бұзушылық қауіпсіздік 


326
 
техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті корғаудың өзге де ережелерін, осы 
ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе камтамасыз ету жоніндегі міндеттер жүктелген адамның 
бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтагы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы 
көрініс табады. 
Көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық әрекет күйінде, ягни еңбекті қоргау, тех- ника 
қауіпсіздігі, ондірістік санитария ережелерін бұзу аркылы немесе эрекетсіздік күйде, яғни еңбекті 
қорғаудың өзге де ережелерінің талаптарын орындамау жағдайында жасалуы мүмкін. 
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың бұл кұрамы материалдык кұрамдагы кылмыс болып 
табылады. Сондықтан Қылмыстық құқық бұзушылықтың кодекстің 156-бабы бойынша 
жауаптылыққа тарту үшін еңбекті қорғау ережелерін анықтаумен бірге орын алган ережені бұзудың 
себепті және кінэлі байланысынан болған зардапты анықтау оте кажет. 
Еңбекті коргау ережелерін бұзудың тэсілдері әр түрлі, ол заңца (156-баптың 
1- тармағында) нақты көрсетілген. 
Қылмыстың зардабы - денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Абайсызда 
денсаулыққа ауыр зиян келтіргендік үшін жауаптылық ҚК-тің осы баптың 
2- бөлігінде көзделген. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 106, 107-баптарында берілген. 
Субъективтік жагынан қылмыс кінэнің абайсыздық нысаны (менмендік неме- се немқұрайдылық) 
арқылы істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы - еңбекті коргау ережелерін сақтауды ұйымдастыру 
немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16-га толған адам. Осы баптың 3-
тармагында (156-бап) осы қылмыстың ауыр- лататын түрі - еңбекті қорғау ережелерін бұзудан 
абайсызда адам өліміне экеп соккан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың 1-
бөлігінде козделген, абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп сокса, жауаптылық ҚК-
тің 150-бабы, 4-бөлігі бойынша белгілеу. Абайсызда адам өлімінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 
104-бабында көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет