Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


  Жәбірленушінің денсаулыгына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп



Pdf көрінісі
бет232/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

3. 
Жәбірленушінің денсаулыгына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп 
соққан дәл сол іс-әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Лауазымды адамдардың заңды әрекеттері нәтижесінде келтірілген тән зардабы мен психикалық 
зардап азаптау деп танылмайды. 
Біріккен Ұлттар Үйымының 1984 жылғы арнаулы конвенциясында жауагі алуда азаптау 
тәсілдерін қолдануға тыйым салынған. Қазақстан Республикасы қол қойған Азаптауларға жэне баска 
да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жэне ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулардың 
түрлеріне қарсы конвенцияның орындалуы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
кодексінде адамды қинап жауап алу амал- дарын қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылык 
белгіленген. Қылмыстык кодекстің 
146- бабы бойынша: тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның 
не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісуімен басқа адамның не олардың білуімен 
қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасады немесе 
жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез 
келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген се- беп бойынша қорқыту немесе мэжбүр ету 
мақсатымен әдейі тэн зардабын жэне (немесе) психикалық зардап шектіруі 
қинау
деп танылады. 
Қылмыстың объектісі тергеу, анықтама органдарының бірқалыпты, заңцы, дұрыс қызметі. 
Қосымша тікелей объект - жекелеген азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілік қасиеттері. 
Қылмыс объективтік жағынан алғанда тергеушінің, алдын ала анықтауды жүргізуші адамның немесе 
өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе өзге адамнан қинау арқылы жауап, мәліметтер алуы, 
оларға тән азабын жэне психикалық зардаптар шектіру арқылы сипатталады. 
Қылмыстык кодекстің 146-бабының ескертуінде лауазымды адамдардың заңды іс- әрекеті 
нәтижесінде келтірілген тән зардабы жэне психикалық зардап кинау деп таныла- ды. Яғни қинаудың 
өзі екі түрлі іс-әрекеттің: тэн зардабы жэне психикалық зардаптардың жиынтыгы болып табылады. 
Тэн зардабына эртүрлі жаракаттар келтіру жатады. Оларға жәбірленушіні немесе үшінші адамды 
үрып-соғып, жеңіл, орта дәрежелі жарақаттар келтіру аркылы олардан мэлімеггер алу немесе оларды 
мойындату немесе басқа бір адамдар жөнінде деректер жинау. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28-желтоксандағы № 7 «Қылмыстык 
және қылмыстык іс-жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандыгын сактау жэне қадір-
касиетіне кол сұкпау, кинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да катыгез не- месе адамның ар-намысын 
қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне карсы мәселелер жөніндеі і нормаларын қолдану 


332
 
туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағына сәйкес: «егер қинау нәтижесінде жэбірленушіге 
қасақана жеңіл, орташа ауырлықтагы немесе ауыр зиян келтірілсе немесе абайсызда кісі өліміне 
алып келсе, онда мұндай әрекеттер ҚК-тің 146-бабының тиісті бөлігімен толық қамтылып, ҚК-тің 
105, 106, 107-баптары бойынша косымша саралауға жатпайды. 
Қинау нәтижесінде өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуді ҚК-нің 146-бабының тиісті бөлігінің және 
105-бабының жиынтығы бойынша саралау қажет». 
Тэн зардабын келтірудің тағы бір тәсілдері: жәбірленушінің денесін күйдіру, электр тогын 
пайдаланып жауап алу, дене мүшелерін ауырту, саусагына ине тыгу, үзақ уакыг сусыз, тамақ бермей 
үстау, үйқы бермеу болып табылады. 
Психикалық зардап келтіруге жәбірленушілерді өзі туралы, туыстары туралы жалган немесе 
өмірде одан алған келеңсіз мәліметтер тарату, отбасылық, жеке өмірі туралы қүпияларды таратамыз 
деп коркыту, сондай-ақ олардан қажетті жауап, мэліметтер алу үшін оларға қарсы наркотикалық 
нәрселерді, басқа да дәрі-дәрмектерді олардың денесіне егу, гипноз қолдану, бопсалау әрекеттері 
жатады. 
Қылмыстық құқык бұзушылык туралы формальдық-материалдық. Дене жаракатын келтірумен 
үштаскан әрекеттер материалдыққа, ал психикалық зардап келтірумен байла- нысты іс-әрекеттер 
формальдык кұрамға жатады. 
Азаптау әрекеттері тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, өзге лауазымды адамның заңды 
кызмет кұзыретіне байланысты жүзеге асырылады. Азаптау тәсілдері заңда былай деп көрсетілген: 
киналушы немесе үшінші адамнан тән немесе психикалык зардабын келтіру арқылы өзіне немесе 
өзге карсы мәліметтер алуға мэжбүрлеу, істемеген іс-әрекетті мойындату; немесе істеген іс-эрекетті 
басқа адам істеді деп жала жаптыру; жэбірленушінің шын мэніндегі істеген қылмысын қинау тәсілі 
аркылы мойындату жэне 
т.б.
Азаптау аркылы жауап алынған адам - осы кылмыстың жәбірленушісі боып табыла- ды. 
Субъективтік жагынан қылмыс тікелей қасқаналылыкпен жүзеге асырыла- ды. Қылмыстық 
құқық бұзушылық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі емес, олар әртүрлі болуы мүмкін 
(қылмысты істі жылдам ашу, ашылмайтын қылмыстың болмайтындығын дәлелдеу, жасалган 
қылмысты іс-әрекетті басқаға қарсы бүру т.с.с.). 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы занда ол тергеуші, анықтауды жүргізуші 
адам немесе өзге лауазым адамы, немесе олардың айдап салуымен осы іс- әрекетті жасаған басқа да 
адам деп көрсетілген. Өзге лауазым адамдарына тергеу, анықтама органдарының бастықтары, 
оперативтік қызметкерлері жэне т.б. жатады. 
Егер ҚК-тің 146-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген іс-эрекеттерді; 1) адамдарто- бымен 
немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен; 2) бірнеше рет; 3) денсаулыкка орташа 
ауырлыктан зиян келтіре отырып; 4) кінэлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелге 
немесе кәмелетке толмаган адамға қатысты істесе онда бұл осы қүрамның ауырлататын түрі (ҚК-тің 
146-бабы 2-бөлігі), ал сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе 
абайсызда оның өсуіне әкеп соқса, іс-эрекет осы қылмыс кұрамының өте ауырлататын түрі болып 
есептеледі (ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі). 
ҚК-тің 146-бабының ескертуіне сәйкес лауазымды адамдардың заңды эрекеттері нэтижесінде 
келтірілген тән зардабы мен психикалык зардап азаптау болып танылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет