328
Қылмыстык кұкық бұзушылык объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке
немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз
заңсыз жи- нау немесе тарату,
егер осы әрекеттер жәбірленушінің кұқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру аркылы жүзеге
асырылады. Адамның жеке өмірі, оның отбасы туралы құпиясын құрайтын маглұматтарды жинауды
заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мәліметтерді үшінші жакка хабарлауды оны
тарату деп бағалаймыз. Мұндай ха- барлау басқа жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы
әрекеттерден жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілуі кажет. Келтірілген
зиян мөлшері мүліктік немесе моральдык немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз
жағдайлардың
пайда болуы, жұмысқа орналаса алмау, т.с.с.) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты
жағдайға
байланысты тергеу, сот органдары анықтайды. Қылмыстық құқық бұзушылық заңда
көрсетілген зардап - жэбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян кел- тірілген сәттен
бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан бұп кылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстық құқык бұзушылык ниет - пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделік.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген
адамның мұндай
шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян
келтірсе, (147-бап, 2-болігі) осы қылмыстың ауырлататын түріне, ал осы баптың бірінші немесе
екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған
арнайы техникалық құралдарды пай- далана отырып жасаған не электрондык ақпараттық
ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық
желі бойынша
берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін
пайда мен артықшылықтар алу максатында жасалган іс-эрекеттер, сол сияқты осы баптың бірін- ші
бөлігінде көрсетілген мэліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін
шыгармада, бұқаралык ақпарат құралдарында немесе ақпаразтық-
коммуникациялық желілерді
пайдалана отырып тарату — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (147-баптың 3-тармағы).
Адам өзінің кызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты құпияларды таратуы немесе
пайдакүнемдікпен баскага өткізуі мүмкін. Аталған мәліметтерді көпшілік алдын- да (жиылыстарда,
жиындарда) сөйлеген создер, көпшілікке көрсетілетін шыгармаларда (сурет,
бейнефильм, жазба
шығарма) немесе бұқаралық акпарат кұралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т.б.) арқылы
таратылса кінәлі адам 147-баптың осы тармагы бойынша жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: