74
күйзелісі жағдайында) саралау үшін негіз болып табы- латын баска да белгілер анықталған кезде
қылмыстар жиынтығы болмайды. Мұндай жагдайларда әрекет осы қылмысты жасағаны үшін
қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің бабы бойынша саралауға
жатады (мысалы, жан күйзелісі жағдайында аса қатыгездікпен адам өлтіру Қылмыстық кодекстің
101-бабы бойынша ғана саралауға жатады).
13. Белгілі бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстык жауаптылықты жеңілдететін эр түрлі
саралаушы белгілер Қылмыстык кодекстің бірнеше баптарында
көзделген жагдайларда, эрекет
қатандығы төменірек жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің бабы бойынша саралауға
жатады. (Мысалы, кажетті корғаныс шегінен тыс және жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру
Қылмыстық кодекстің 102-бабы бойынша саралауға жатады).
Белгілі бір адам жасаған, жиынтықка кіретін қылмыстардың біреуінің субъек- тивтік жағы
кінәнің қасакана нысанымен, ал баска қылмыстың субъективтік жағы абайсыздықпен сипатталса
(мысалы, бір адамды қасакана өлтіру жэне басқа адамды абайсыздықтан өлтіріп алу), онда жасалған
қылмыстар
тіпті объектісі, объективтік жағы жэне келтірілген зардаптары бойынша бір-бірімен
сәйкес келгеннің өзінде эрбір эрекет Қылмыстық кодекстің қасақана және абайсыздықпен жасалған
қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптары бойынша саралануы кажет.
14. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстардың бірін тек арнайы субъектініц жасау, ал баска
кылмыстарды - өзге адамдардың жасауы мүмкін екендігі заңда көрсетілсе, онда мұндай кылмыстар
осы кылмыстар үшін жауаптылык көздейтін Қылмыстык кодекстің гиісті баптары бойынша жеке
саралануы тиіс.
Егер қылмыс субъектісі қылмыстардың бірін жасау кезінде орындаушы, ал басқа қылмыстарды
жасау кезінде - ұйымдастырушы, арандатушы не комектесуші болса, жиынтықты кұрайтын
кылмыстар да осылай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда ұйымдастырушы, арандатушы немесе
көмектесуші ретінде кылмысты жасауға қатысқан адамның әрекеттерін саралау кезінде Қылмысгык
кодекстің 28-бабын және жасалған қылмыс үшін жауаптылықты коздейтін
Қылмыстык кодекстің
Ерекше бөлімінің тиісті бабын колдану қажет, ал адамның орындаушы ретіндегі әрекетін
Қылмыстык кодекстің тиісті бабы бойынша дербес саралаған жөн.
15. Егер жасалган кылмыстардың бірі басқа қылмысты жасаудың кұралы немесе тэсілі болып
табылса және кылмыстардың екеуінің де белгілері қылмыстык заңның тиісті нормасының
диспозициясында көрсетілсе, онда жасалған әрекет неғұрлым ауыр кылмыс үшін жауаптылықты
көздейтін Қылмыстық кодекстің бір бабы бойынша ғана саралауға жатады. Бұл орайда, қатаңдыгы
төменірек кылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша қосымша саралау кажет емес.
(Мысалы, контрабанда жасау кезінде қызмет ба- бын асыра пайдалану Қылмыстық кодекстің 286-
бабының екінші бөлігінің 2) тармағы бойынша гана саралауға жатады).
16. Бір қылмыстың басқа кылмыспен ұштасуы қылмыстардың өзара байланыстығын, бір
қылмыстың басқа қылмысқа ұласуын білдіреді. Мұндай жағдайларда
кінәлі адам қылмыстардың
әркайсысын орындауға (араласында уақыт өткізіп немесе өткізбей) бағытталған әрекеттерді
жасайды.
Қылмыстардың накты жиынтығы кезінде олардың ұштасуы (яғни, қылмыс кінэлінің бірнеше
әрекеттерімен жасалғанда), сондай-ақ олардың анық жиынтығы кезінде (бір әрекетте не
әрекетсіздікте Қылмыстык кодекстің екі және одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың
белгілері болғанда), Қылмыстык кодекстің 12-бабына сэйкес, эрбір қылмысты Қылмыстық кодекстің
тиісті бабы бойынша болек саралауға әкеп соғады.
17 Жиынтыққа кіретін біртектес емес кылмыстарды кінэлі бірнеше сабақтас эрекеттер арқылы
жасаса жэне олардың біріншісінің жасалуы екінші қылмыстың бірін- ші қылмыспен ұштасып
жасалуы деген саралаушы белгісі бойынша саралау үшін не- гіз болып табылса (мысалы, алдымен
жәбірленушіге қатысты қарақшылық,
қорқытып алушылык, бандитизм, зорлау, нәпсікұмарлык
сипаттағы әрекеттер жасау, содан кейін оны өлтіру), әрбір қылмыс Қылмыстық кодекстің тиісті бабы
75
бойынша дербес саралауға жатады.
Бірінші қылмыс (мысалы, адам өлтіру) одан кейін екінші кылмысты (мысалы, ұрлау) жасауды
жеңілдету максатында жасалса не кінәлі бірінші кылмысты (мысалы, зорлау) жасаганнан кейін осы
қылмысты жасыру максатында баска қылмыс (мысалы, адам өлтіру) жасаса, жиынтыкты құрайтын
қылмыстар осылай саралауға жатады.
18. Егер іс бойынша колдануға жататын кылмыстық заңның нормасы, кылмыстар жиынтығын
көрсете келе, жасалған қылмыстардың әркайсысының барлық белгілерін толык қамтыса және
олардың әркайсысынан қоғамдық қауіпті зардаптардың келтірілуін көздесе, онда жасалған эрекет
тұтастай алғанда осы саралаушы белгілері бар негұрлым ауыр кылмысты жасаганы үшін
жауаптылыкты көздейтін Қылмыстык кодекстің тиісті бабы бойынша саралауға жатады (мысалы,
карақшылык шабуыл жасау жэне бұл орайда денсаулыкка ауыр зиян келтіру) - деп тұжырымдалған.
Нормалар бәсекелесі Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің бірнеше
баптарын бірдей камтитын
бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстык кодекстің бірнеше
баптарынан сол іс-әрекетке тэн бір бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды.
Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма колданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бэсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мэн-жайларды
көрсететін қылмыстық құқылык нормаға артықшылык беріледі.
Егер белгілі бір жэне нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы жэне арнаулы
нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмай- ды жэне қылмыстык
жауаптылық осы Кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды
(12-бап, 4-бөлігі).
Басқаша айтқанда, егер бір кылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың міндетті бел- гісі ретінде
көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін пай- даланып киянат жасау
жеке кылмыс (361-бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан- таражға салудың тәсілі ретінде
көрінуі де мүмкін (189-баптың 2-бөлігі, «3» тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-әрекет бір қылмыс
болып табылады да, қосымша 361-баппен саралануға жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: