76
ретінде адамның кез келген қасақана қылмысты жа- сауы емес
- тек кана ауыр қылмыстарды
жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталғаны, осыдан кейін сол адамның тағы да ауыр
қылмыс жасап, өзінің іс-әрекетін қайталануы негізге алынады.
Қазакстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 14-бабына сәйкес, қылмыстардың қайталануы,
сонымен катар жәй жэне қауіпті болып бөлінеді. Басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау
нәтижелері бойынша айыптау үкімін шыгару кезінде сот қылмыстың қайталануының қандай түрінің
бар екенін анықтайды.
Сотталушының эрекетінде қылмыстық қайталануын анықтаи, ол бойынша тиісті шешім
қабылдау
соттың құқыгы емес, міндеті болып табылады. Сондықтан занда көзделген барлық
жагдайларда сот үкімінің сипаттамалы-дәлелдемелі бөлігінде алынбаған және жойылмаган
соттылықтарды, бұрынгы және жаңадан жасалган кылмыстардың ауырлыгын көрсете отырып тиісті
негіздерді келтіру, жэне Қылмыстық кодекстің 14-бабының тиісті бөлігі мен тармагына сілтеме
жасап, қылмыстың қайталануының қандай түрінің аныкталғаны туралы шешімі үкімнің қарар
бөлігінде көрсетуі тиіс. Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін
негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының
әрекеттерінде қылмыстың
қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың
қайталануын танымаган деп есептеу қажет.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңга сәйкес қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын
міндетті түрде сотталғандығы, бүрынгы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі,
соңгы касақана кылмысты істегенде сопалғандық атагының бо- луы шарт. Ягни, қылмыстың
қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі. Ауыр қылмыс істеп, сол үшін
сотталып,
одан тиісті қорытынды шығармай, тағы да касакана ауыр қылмыс істеудің өзі мүндай
адамдардың мемлекет, қогам, жеке азаматтардыи мүддесіне қауіптірек екендігін көрсетеді. Осыган
орай Қазақстан Республи- касы Жогаргы Сотының 1999 жылы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза
тагайындаган кезде соттардың заңдыл ыкты сактауы туралы» № 1 нормативтік қаулысына сәйкес
соттардың на- зары бұрын сотталган, бірақтүзелгісі келмейтін адамдарга заңда корсетілген
жазалаудың қатаң шараларының қолданылуы керектігіне аударылды. Республика Жоғаргы Сотының
жогарыда аталган қаулысының 2-тармагында «Соттар Қылмыстық кодекстің кылмыстың
қайталануын (рецидивін) тану кезінде кез келген алынып тасталмаған немесе бүрын жойылган
соттылыктар емес, олардыңтек ересек жастағы жасаган қылмысына
байланы- сты соттылык кана
негіз болып табылатынын ескеруі керек», - делінген.
Қылмыстық қүқық теориясында қылмыстың қайталануы
фактілі
жэне
ресми
болып бөлінеді.
Адамның бірінші істеген ауыр қылмысы үшін сотталғандық атагының бар-жогына қарамастан
тагы да ауыр қылмыс істеуі
фактілі қылмыстық қайталау
деп саналады.
Бүрын ауыр қылмыс жасаганы үшін сотталгандык атагы жойылмаған немесе одан арылмаган
адамның тағы да ауыр қылмыс істеуі
ресми қылмыстық қайталау
болып та- былады.
Ресми кылмыстық қайталау деген атақтың болуы кінәлі адамның іс-әрекетін саралауга, оган
жаза тагайындаганда немесе бас бостандығынан айыру жазасына
сотталганда жаза отеу
колониясының түрін белгілеуге, сондай-ақ шартты жазаны, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын
босату жэне жазаны неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыруды қолдану, колданбау мәселесінде
сотталгандықтан арылу немесе оны жою сияқты мәселелерді ше- шуге тікелей әсері бар.
Ресми кайталану
жалпы, арнаулы, жай, күрделі, пенитенциарлық, қауіпті, аса қауіпті
болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жалпы қайтаіану
деп сотталгандыгы бар адамның кез келген
жаңа ауыр қылмыс істеуін
айтамыз. Мысалы, аса ірі мөлшерде үрлық жасап сотталып, жазасын өгеп келген адамның
карақшылык жасауы.
Жалпы қайталанудың қылмысты саралау үшін әсері жок, ол тек жазаны даралағанда жэне
тагайындаганда гана есепке алынады.
77
Арнаулы қайталану
деп сотталғандыгы бар адамның бүрынгы істеген қылмысына үқсас немесе
біртектес жаңа қылмысты істеуін айтамыз. Мысалы, ұрлық, бүзақылық үшін
бұрын сотталган
адамның сотталғандыгы жойылмай тұрып тагы да ұрлык, бұзакылык істеуі.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптары бойынша істелген қылмыс кұрамының
күшейтілген түрінің болуы немесе болмауы соңгы қылмысты істеуден бұрын соган ұксас қылмыс
үшін сотталгандыгының болуы немесе болмауына байланысты бо- лады. Мысалы, бұрын қасақана
кісі өлтірген адамның тагы да касақана кісі өлтіруі (99- бап, 2-бөлігі, «13» тармағы) және т.б.
Жай қайталану
деп бір рет кана сотталгандыгы бар адамның жаңа кылмыс істеуін айтамыз.
Ал
күрделі (көптік) қайталануга
екі немесе одан да көп сотталгандыгы бар адамның жаңадан
қылмыс істеуі жатады.
Пенитенциарлық қайталану
деп бұрын ауыр кылмыс істегені үшін бас бостандыгынан айыру
жазасына сотталып, адамның жазаны өтеп болган соң немесе соны өтеу барысын- да тагы да ауыр
қылмыс істеп, бас бостандыгынан айыру жазасына сотталуы айтылады.
Қылмысты қайталаудың ішіндегі ең қауіпті түрі қауіпті қайталануы болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кылмыстардың қауіпті қайталануы деп;
1) егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасаганы үшін екі рет бас бостандыгынан айыруга
сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталган болса, ауыр қылмыс жасағаны;
2) егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан
айыруға сотталған
болса, аса ауыр кылмыс жасаганы үшін кылмысты қауіпті жағдайда қайталаган деп танылады.
Он сегіз жаска толмаган адамның жасаған қылмысы үшін соттылыгы, сондай-ак осы Кодексте
белгіленген тэртіп бойынша алынып тасталган немесе жойылган сотталғандық кылмыстың
кайталануын тану кезінде есепке алынбайды.
Қылмыстардың қайталануы және кылмыстардың қауіпті қайталануы осы Кодексте көзделген
негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазага әкеп соқтырады».
Достарыңызбен бөлісу: