Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану



Pdf көрінісі
бет319/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

219- 
6 а п. Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану 
1. 
Дара кәсіпкердің немесе үйымның шаруашылық жагдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепіл 
мулкі туралы немесе кредитті, дотацияны, кредиттеудің жеңілдікті шарттарын алу үшін 
елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көрінеу жалган мәліметтерді банкке немесе өзге де 
кредиторга үсыну арқылы дара кәсіпкердің немесе үйым басшысының кредитті, дотацияны 
не кредиттеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сол сияқты кре- диттеуді, дотация беруді 
тоқтатуга, жеңілдіктерді жоюга не бөлінген кредит пен дота- ция мөлшерлерін шектеуге 
әкеп соқтыруы мүмкін ман-жайлардың туындаганы туралы ақпаратты банкке немесе өзге 
кредиторга хабарламауы, егер бүл іс-арекеттер ірі залал келтірсе
 -
 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуга не сол мөлшерде 
түзеу жүмыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бүл іс-әрекет 
азаматқа, үйымга немесе мемлекетке ірі залал келтірсе - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуга не сол мөлшерде 
түзеу жүмыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кодекстің 219-бабында «Дара кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жагдайы, 
каржылык жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы немесе несиенің, демеукаржының, несиелеудің 
жеңілдікті шарттарын алуға арналған елеулі мэні бар өзге де мэн-жайлар туралы көпе-көрінеу 
жалган мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру арқылы жеке кәсіпкердің немесе 
ұйым жетекшісінің несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сондай-ак 
несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеуқаржы 
мөлшерлерін шек- теуге әкеп соғатын мэн-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе 
өзге несие берушіге хабарламау, егер осы әрекеттер ірі зиян келтірсе - несиені заңсыз алу» деп 
табылады делінген. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - банктік немесе басқадай несие- лік 
ұйымдардың несиелік қызметін реттейтін коғамдық қатынастары. 
Несие дегеніміз банк немесе несиелік ұйымдардың қарыз алушыларға беретін ақшалай 
қаражаттары болып табылады. Акша қаражаты - осы қылмыстық құкық бұзушылықтьщ заты болып 
табылады. 
Обт.ективтік жагынан қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттен, қылмыстың зарда- бынан 
және себепті байланыстан тұрады. 
Заң іс-әрекеттің мынадай нысандарын белгілеген: 1) несие алу, 2) несиені жеңілдік шарттармен 
алу. Бұл ретте жеке кәсіикер немесе ұйым жетекшісі несие алуды неме- се несиені жеңілдікпен 
алуды осы кылмыс құрамында көрсетілген тәсілдерді - жеке кэсіпкердің немесе ұйымның 
шаруашылық жагдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепіл- дік мүлкі туралы немесе несиенің, 
демеуқаржының, несиелеудің жеңілдікті шарттарына арналган елеулі мэні бар өзге де мэн-жайлар 
туралы көпе-корінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру туралы, сол 


417
 
сиякты несиелеуді, демеуқаржы беруді токтатуга, жеңілдіктерді жоюга не бөлінген несие мен 
демеуқаржы мөлшерін шек- теуге экеп согатын мэн-жайлардың пайда болуы туралы ақиаратты 
банкке, өзге несие бе- рушіге хабарламау арқылы заңсыз түрде жүзеге асырылады. Ягни бұл 
қылмыстык кұқық бұзушылықтың істелу тәсілі көрінеу жалган мэліметтер енгізілген ресми 
құжаттарды пайдалану болып табылады. Мұндай кұжаттарда жеке кәсіпкердін немесе ұйым 
жетекшісінің қолы қойылып, белгіленген тэртіппен расталуы қажет. 
Қылмыстык құқыкбұзушылыкзаңда көрсетілген зардап- ірі зиян келтірілсе, аяқталган деп 
табылады. Зиян несие берушіге (банкке немесе өзге де несие берушіге) келтіріледі. Ірі зиянның 
түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармагында берілген. 
Субъективтік жагынан кылмыстық құкык бұзушылық кұрамы тікелей касақаналықпен жүзеге 
асырылады. Қылмыстык кұқык бұзушылыктын субъектісі - арнаулы субъект. Олар, жеке кәсіпкер 
немесе ұйым жетекшісі. 
Мемлекеттік максатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тіке- лей максатка 
пайдаланбау, егер осы іс-әрекет азаматка, ұйымга немесе мемлекет- ке ірі зиян келтірсе, ол қылмыс 
құрамының ауырлататын белгісі болып табылады (219-баптың 2-тармагы). Мемлекеттік максатты 
несие деп Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі арқылы белгілі бір мақсатқа пайдалануга (тұргын 
үй құрылысы, фермерлік шаруашылықты дамыту, өнеркәсіп объектілерін салу) берілетін ақша 
қаражаттары бо- льіп табылады. Мемлекет кеиілдігімен берілген несиеге ешбір процентсіз несие 
алушыга банк жүйелері арқылы белгілі бір максатқа пайдалану үшін ақша қаражатын белгілі бір 
мерзімге беру жатады. 
Осы несиелерді тікелей мақсатқа пайдаланбау деп - максатты несиені не мемлекет кепілдігімен 
берілген несиені мүлдем міндеттемеде көрсетілмеген басқа мақсатқа пайда- лануды айтамыз. 
Мысалы, шаруа кожалыгының жетекшісі ауыл шаруашылық техника- сын, тұкым сатып алу үшін 
мемлекеттен мақсатты несие ала отырып, бұл каржыны баска коммерциялык мақсатка - құрылыс 
материалдарымен сауда-саттық жасауга жұмсайды. Несиені тікелей мақсатқа пайдаланбаудың 
салдарынан азаматқа, ұйымга немесе мем- лекетке ірі залал келтірсе - осы кылмыстық құқық 
бұзушылык құрамының ауырлата- тын түріне жатады. Ірі залалдыц түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-
бабы 38-тармагында берілген. 
Қылмыстык кодекстің 219-бабының 2-тармагында көрсетілген қылмыстык кұкык бұзушылык 
құрамының субъектісі - 16-га толган, кез келген есі дұрыс адам, ягни жай субъект. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет