Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу



Pdf көрінісі
бет373/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

257- 
6 а п. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу 
1. 
Террористік топ қуру, сол сияңты оган басшылық ету
 -
 
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
2. 
Террористік топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысу
 -
 
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші беліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын 
пайдалана отырып не қогамдық бірлестік лидері жасаган іс-әрекеттер - 
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террорлык топ) сондай-ақ 
оған басшылык еткені үшін жауаптылық Қылмыстык кодекстің 257-бап 
І-бөлігінде көрсетілген. 
Қылмыс объективтік жағынан алғанда белсенді әрекет аркылы - террористік қылмыстарды 
жасау үшін топ, ұйым құру немесе оған басшылық ету арқылы жүзеге асырылады. Террористік 
топка террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде 
терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындай- тын ұйым, сондай-ак осы ұйымның басқарушы 
органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті 
жүзеге асыратыны болса, онда оларда террористік топ деп танылады. 
Қылмыстық топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің ЗІ-бабының І-бөлігінде берілген. Ал осы 
топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар тарткан, осы топтың қызметін 
тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстык құкык бұзушылық кұрамы келте, 
террористік топты құрған сэттен бастап аякталган деп са- налады. Қылмыстық құқық бұзушылық 
субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құкық бұзушылық субъектісі - 
І6-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Осы баптың екінші бөлігінде - кылмыстың ауырлататын түрі 
- террорлық топтын қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысушылық үшін 
жауаптылық көзделген. Кінэлі адам қасакана түрде террорлық топтың барлық қызметіне, сондай-ак 
террорлык актілерге белсене қатысады. Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе 
адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін 
төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер 
қоғамдык кауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республи- касы мемлекеттік 
органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардын шешім қабылдауына ықпал 
ету максатында жасалса, сондай-ак адам өміріне дәл сол максаттарда қастандық жасау, сол сияқты 
мемлекет немесе қоғам кайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін 
тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу максатында қастандық жасау болып табылады. 
Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не коғамдык бірлестіктін басшысы бола отырып 
жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттерді істеу осы 
қылмыстың (ҚК-тің 257-бабының 3-бөлігі) өте ауырлататын түрі болып табы- лады. Қылмыстык 
кұкык бұзушылық субъектісі арнаулы лауазым иесі немесе қоғамдык бірлестік лидері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет