Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет387/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

268- 
6 а п. Бандитизм 
1. 
Турақты қарулы топты (банданы) қуру, сол сияқты осындай топқа (бандага) 
басшылық ету - 
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
2. 
Турақты қарулы топқа (бандага) немесе ол жасап жүрген шабуылдарга қатысу
 -
 
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын 
пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер
 -
 
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан 
айыруға жазаланады. 
Бандитизм - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бул қылмыстар жылма-жыл өріс алып, кобеюде, 
оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ болып, аса 


483
 
ауыр қылмыстарды жасайды. 
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік. 
Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай 
мүдделері. 
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатта- лады: 1) 
азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау максатында тұрақты қарулы топ (банда) кұру; 2) 
осындай топтық (банданы) басқару; 3) тұрақты карулы топқа (бандаға) катысу; 4) бандылық топқа 
кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы. 
Қаруланган банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп, азаматтарга немесе 
ұйымдарга бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұракты топты 
айтамыз. 
Банданы құру деп бандыны жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына 
мүшелер тарту, банды мүшелерінің рөлдерін белгілеу олардың істейтін кылмыстарын жоспарлауды 
айтамыз. Банданы кұрушы, әдетте, оның ұйымдастырушысы болып табы- лады. 
Банданың тұрақтылығы каруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру 
жөніндегі келісімінің нәтижесі арқылы анықталады. 
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше кылмысын 
қылмыстық іс-орекет деп айтамыз. 
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суык қарумен 
қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әр түрлі жарылғыш құралдары да 
жатады. 
Бандитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондыктан да қылмыс 
қарулы тогі (банданы) құрған уакыттан бастап аякталған деи танылады. Бұп жерде қарулы топқа 
кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан 
бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан, бандитизм кұрамы 
аякталған деп табылады. 
Банданы басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын 
белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуыл- ды жүзеге асыратын 
тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен «тәрбиелік» сипаттагы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, 
жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер кабылдау, ұрланған мүлікті жасыру 
немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз. 
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш 
қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз. 
Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян кел- тірілуі орын 
алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтыгы бойынша сараланады. 
Субъективтік жагынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінэлі адам Қылмыстык 
кодекстің 268-бабында көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. 
Қылмыстык ниет - эр түрлі болуы мүмкін, оныц негізгісі - пайдакүнемдік ниет. 
Қылмыс кұрамының субъективтік жағының міндетті белгісі - арнаулы максат азаматтарга 
немесе ұйымдарга шабуыл жасау болып табылады. 
Қылмыстың субъектісі - 16-га толган, есі дұрыс адам. Егер бандага 14 пен 16 жастың 
арасындагы адамдар катысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлык жасаганы үшін, ягни 
Қылмыстык кодекстің 15-бабының 2-тармагындағы қылмыстарды істегені үшін гана 
жауапқатартылады. Қылмыстық кодекстің 268-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топка 
(бандага) немесе ол жасаган шабуылдарга катысқаны үшін жауаптылык көрсетілген. 
Бандага қатысу деп -
олардың жасаған шабуылдарына тікелей катысу, сонымен бір- ге 
банданы қаржыландыру, карумен жабдықтау, көлікпен камтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын 


484
 
айтамыз. 
Шабуыпга қатысу деп
- бандалык топпен бірге кылмыстык нәтижеге жету үшін 
жәбірленушіге күш колдану немесе оның нақты қолдану каупін туғызуды айтамыз. 
Қылмыстық кодекстің 268-бабының 3-тармағы бандитизм эрекеттерін адамның өз қызмет 
бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылык белгілеген. Мүндай эрекеттерді көп 
жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жетік білетін по- лиция қызметкерлері, 
әскери кызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (268-баптың 3-тармагы) бойынша қылмыс субъектісі - 
лауазым 
адамдары 
(ҚК-тің 
3-бабының 
26-тармагы), 
коммерциялық 
немесеөзге 
үйымдардыңбаскарушылары(ҚК-тіңЗ-бабының 19-тармағы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет