Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу



Pdf көрінісі
бет420/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

292- 
6 а п. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу 
1. 
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауга жауапты адамның оларды бүзуы, егер бул 
абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, 
уйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан екі 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейін- гі 
мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза

ланады. 
2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс- 
әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылга дейінгі 
мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- 
ланады. 
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның 
өліміне әкеп соққан іс-әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылга дейінгі 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кұқык бұзушылыктың тікелей объектісі - өрт кауіпсіздігі ережелерін рес- ми 
белгілеп, реттейтін қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі - адам өмірі мен денсаулығы 
болуы мүмкін. 
Қылмыстык кұкық бұзушылыктың заты болып өрт қаупін туғызатын кез келген көздер - электр 
энергиясы, жанар-жағар май материалдары, жарылгыш заттар, өрттің ашық өрістеуі танылады. 
Объективтік жағына талданып отырылган қылмыстық кұқық бұзушылық (292-баптың 
1- 
тармагы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр 
немесе орташа ауырлықтагы зиян немесе азаматка, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге 
әкеп соғу аркылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазакстан Республикасының 
арнаулы заңымен белгіленген. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу әрекет арқылы (тез тұтанатын 
заттарга жақын от жагу, пісіру, күйдіру жұмысын жүргізу) не- месе әрекетсіздік арқылы (өрт каупі 
бар жерде темекі тарту, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етпеу, тұргын-жайды, қоймаларды 
өрт қаупі бар заттардан тазаламау т.б.) жүзеге асырылуы мүмкін. 
Қылмыстық кұкык бұзушылыктың зардабы - өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан адам 
денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян (ҚК-тің 106, 107-баптарын 
қараңыз) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян кел- тіру. Жеке тұлгага айлык 
есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген за- лал не ұйымга немесе мемлекетке 
айлық есептік көрсеткіштің бір мың айлық есе алатын сомада келтірілген залал (ҚК-тің 3-бабы 38-
бөлігі). 
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу мен одан пайда болған зардаптың арасында себепті байланыс 
болады. Қылмыстык кұқык бұзушылык материалдық кұрам. 
Субъективтік жагынан кылмыс кінәлінің абайсыздык нысаны (менмендікпен немесе 
немқұрайдылықпен) жасалады. 
Қылмыстык кұқык бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған өзіне өрт қауіпсіздігі 
ережелерін сактау міндеті жүктелген адам. 


510
 
Қылмыстык кодекстің 292-бабының 2-тармағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзганы үшін 
жауаптылықтың ауырлататын түрі көзделген. Бұган абайсызда кісі өліміне неме- се өзге де ауыр 
зардаптарға әкеп соққан жагдайлар жатады. Өзге де ауыр зардаптарға, мысалы қоймалардың, 
жұмыс орындарының өрттен тұтас жанып кетуі, ұзақ уакытка кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуы 
жэне т.б. әрекеттер жатады. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да коп адамнын өліміне 
экеп соккан іс-эрекет - қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тін 292-бабы, 3-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет